Оқырмандық конференция

Мақсаты: Әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу. Конференцияда пікір алмасу, оның негізіне оқығанды талдау.

Міндеттері:

Оқу арқылы оқушыларды талқылауға, ойын айтуға, өзінің сырымен байланыстыруға үйрету; Кейіпкерлердің іс- әрекеттеріне, оқиғалардың себеп салдарына баға беріп, өмірмен байланыстыруды ұйымдастыру; Кітап оқу арқылы біз нені түйгенімізді, қандай тәжірибе алғанымызды ортаға салып, сараптауды үйрену;

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар

Өзінің оқыған кітабы туралы ойын айтуға талпынады; Оқырмандықтың маңызын түсіне алады; Оқушы әртүрлі ситуацияға пікір айта отырып, өзін азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелей алады;

Безендіру: Оқушылардың өз кітаптары туралы шығарған газеттері, макеттер, оқырман ағашы, шарлар

Конференция барысы

Қызығушылықты ояту: «Кітап» туралы видео көреді.

1 — бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

I-слайд

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде — ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек

Сендер ең алғашқы оқыған кітаптарың туралы ойларыңды айтыңдаршы. Ол кітаптан сендер не үйрендіңдер?Қазір алып келген өздеріңнің әдеби немесе танымдық кітаптарың туралы ойларыңды ортаға салыңыздар

Слай «Кітапты дәріптеу» 5 мин

Топтар арасында кітапты дәріптеу
1. Жақсы кітап оқу-ақылды адаммен сырласқанмен бірдей. Л.Н. Толстой
2.кітап-керемет дос. Өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді.
А. Доде

3.Сен не оқитыныңды айтып берсең, мен сенің кім екеніңді айтып берем. Адамның ақылы мен мінез-құлқы жөнінде оның кітапханасын қарап шығып дұрыс түсінік қалыптастыруға болады.
Л. Баланк

2- бөлім

    üОқушылар өз кітаптарымен таныстырады.

    ü«Шеңбер әдісі» бойынша жұптық жұмыс жасайды.

    üӘр топтың көшбасшылары өздерінің кітабы туралы диалог құрады

    üЖасаған макеттері бойынша сөйлейді

    üГазеттері бойынша шолу жасайды

    ü2-3 оқушы жасаған слайды бойынша қорғайды

3- бөлім

Жаңа мағынаны ашу

Оқушылардың «Оқырман күнделігі» жүргізуіне арналған сұрақтар

Сіз осы кітапты неге таңдадыңыз?

Автор жөнінде айтыңыз. Кітаптың қай бөлігі қатты ұнады? Неге?

Сол бөлік туралы айтыңызшы. Өзіңізге аса ұнаған бөлігін оқып беріңізші.

Қай бөліктері түсініксіз болды?

Мына оқиға болғанда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Осы тақырып туралы тағы қандай ақпараттар таба аласыз?

Бұл кітаптан не үйрендіңіз?

Достарыңа қандай сұрақтар қойғыңыз келеді? Мен сізге қалай көмектесе аламын?

Осы автордың басқа кітаптарын білесіз бе?

Сізге таныс емес сөздер болды ма?

Сіз оларды түсіну үшін не істедіңіз?

4-бөлім

Ой толғаныс

    1.Эссе жазу

    2.Әсерлері туралы және эсселерін оқу

    3.Рефлексия

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141094

Пікірлер (1)
Батима Түсіп # 15 қазан 2015 в 12:11 0
Қазіргі ақпараттық техниканың дамыған уақытында балаға кітап оқыту деген - үлкен проблема. Құрметті әріптес, сіздің мына еңбегіңізге үлкен рақмет! Шығармашылық табыс тілеймін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар