Сабақ-саяхат. Математика.4 сынып

20 қараша 2014 - Рауза Дусенбаева
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылы Дусенбаева Рауза Ареновна Математика. Ашық сабақ. 4 сыныпСабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. 91 бет.Сабақтың мақсаты: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеді. Оқушылар жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіреді. Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.Сабақтың түрі: сабақ-саяхатСабақ типі: жаңа білім меңгеруСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.Көрнекілік: АКТ, Астананың суреттері, сандар, цифрлар.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Шырылдады қоңырау,Біз сабақты бастаймыз.Партамызға отырып,Өзара көз тастаймыз.Табыс тілеп көзбенен –Жаңа білім алуғаАлға қадам аттаймыз.2. Психологиялық дайындық:Көп қызық бар әлемде,Құштар бол сен білімгеБізбен оқы, жалықпаБілмегенді анықта.3. Бүгінгі сабақ ерекше өткелі отыр. Сабақ-саяхат. Астанаға барып, көрікті жерлерімен танысып келеміз. Алдымен 4 топқа бөлініп отырайық. Бүгін сабақта нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеміз және тез санау дағдыларымызды жетілдіреміз. 4. Саяхатты бастамас бұрын үй жұмысын тексеріп алайық. № 7 (90 бет)Есеп: 1) 9 х 24 =216(сағ) 2) 216: 4 =54 (сағ)5. Астанаға автобуспен барамыз. Ол үшін билет алу керек. Ендеше тақтадағы тапсырмаларды орындасақ, бәрімізге билет беріледі. (Ауызша есеп)23 х 200 = 4600 3500: 50 = 70 15 ғас=… жыл400 х 7 = 2800 18000: 60 = 300 12050 г=……… кг…… г5 х 800 = 4000 9000: 300 = 30 649001кг = ………т…….кг4 тәул — … сағ а)Төртбұрыштың ұзындығы — ? см, ені – 7 см,5900 мм — … см ауданы — 84 кв.см, периметр -? см980 ц — … т б) Текшенің көлемін (V) табу: а – 6 см, в – 5 см, с-3смЖақсы орындадық. Балалар, Астана туралы не білесіңдер?Астана — Қазақстан астанасы.Бұл қаланың негізі 1830 жылы қаланған/ ол кезде Ақмола деп аталатын. Қазақ тілінен аударғанда «астана» деген мағынаны білдіретін Астананың қазіргі атауы 1998 жылы берілді.Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан алсақ, Еуропа мен Азияны байланыстыратын мекен болып табылады. Астана – ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы.6. Ал кеттік балалар, бәріміз автобусқа мініп бірінші «Бәйтерек» монументімен танысайық. Бәйтерек – тәуелсіз Қазақстанның символы Астананың ең көрікті орны ғана емес, сонымен қатар жаңартылған Қазақстанның визиттік карточкасы болып табылады.Бұл монументті салу идеясын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған, мықты тірегі бар және болашақ гүлденуге талпынған және тұтас әлемдік қауымдастық үшін Қазақстанның тәуелсіздік символы болып табылатын мемлекетті бейнелейді.«Бәйтерек» күн сайын әр түрлі жастағы және түрлі ұлт қонақтарын күтеді. Келушілер панорамалық лифттермен шыны «шарда» орналасқан ашық, кең залға көтеріледі.- Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнін жазу, көркем жазу.45.236… 987.456… – Бұл қандай сандар? – класс, разряд бойынша сипаттама беру. - Жаңа сабақ: Мұғалім тақтада көбейтуді түсіндіреді. (баған түрінде)- 230 х20= 2300 х 20= 230 х 2000=7. Енді балалар «Нұр-Астана » мешітімен танысайық.2005 жылдың наурыз айында Астанада жалпы Қазақстанның жаңа көрікті ғимараты – «Нұр-Астана» мешіті салынды. Заманауи тұрғыда салынған үйлердің арасында айтарлықтай кездейсоқ, бірақ үйлесімді көрінеді. Мешіттің биіктігі 62 метрге жететін төрт мұнарасы бар. Күмбездері алтынмен жалатылған. Күмбезді ұстап тұрған сегіз тірек жай ғана ою-өрнекпен емес, ойып жазылған сүрелермен шебер безендірілген. Ішіне кірсең, бір мезгілде 5 мың адам ғибадат қылатын үлкен зал құшағын жаяды. Екінші қабатта — намаз оқуға және 2 мың әйелге арналған балкон бар. Мешіт аумағы шамамен 4000 ш.м. тең.Қазір оқулықпен жұмыс. 91 бет № 3. Жазбаша орындау.1 баған – 1 топ орындайды 2 баған – 2 топ орындайды3 топ – 3 топ орындайды 4 топ – 4 топ орындайды. 450х300=135000 180х700=126000 460х30=13800 147х2000=294000 6800х60= 408000 7410х60= 444600 530х90=47700230х400=92000 Сергіту сәті: Есептедік шаршадық Орнымыздан тұрайық Қимылдатып аяқты Шапалақты ұрайық Отырайық, тұрайық Соқтығысып қалмайық 8. Ал енді балалар, Бейбітшілік пен Келісім сарайына барайық. Бейбітшілік пен Келісім сарайын әлемнің сегізінші кереметі деп атайды. Оның биіктігі және ені 62 м дұрыс пирамида пішінінде салынған.Ғимарат он бес метрлік жасанды үйінді үстіне орналасқан. Аты шулы мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өз жобасы үшін арнайы діни қалыпқа ұқсамайтын пішінді таңдаған. Есеп шығару. № 5 а) 1 топ шығарады. 1)200 х 3=600(б) 2) 600 х 22=13200(б) Жауабы:…ә) 2 топ шығарады 720: 60 =12 м/с. Жауабы: б) 3 және 4 топ шығарады. 1) 50 – 10 =40(тр) 2) (50+40) :2 =45(тр). Ж/ы:…9. Келесі Қазақ Елі монументі – Қазақстанның Тәуелсіздігін әспеттейтін, ұрпақ жалғасын айғақтайтын сәулет-мүсін кешені. Алаңның өзі 5 гектар, айналасындағы жер 11 гектар, монументтің биіктігі – 91 метр. Ол Қазақстанның дербес елге айналған 1991-ші жылды білдіреді. Тігінен тұрған бейнеде доңғалақ ойылып салынған – ол көшпенді халықтың нышаны. Жоғарғы белдеуінде ою нышаны айнала өрнектелген. Оның 4 жағы қалқан секілді. Монументтің ең негізгі бейнесі – ұшар биігіндегі Самұрық құс. Астыңғы жағы төрт тағаннан тұрады. Төртеуінің де өзіндік мәні-мазмұны бар. Бірінші Президент және халық, 2-ші -Қаһармандық, 3-ші -Жасампаздық және 4-ші — Болашақ. Кешеннің авторы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев.92 бет — № 6 Өрнектердің мәнін табу. (4 өрнектің мәнін табу). Тақтада оқушылар орындайды. 1 баған – 1 топ орындайды2 баған – 2 топ -/-/-3 баған – 3, 4 топ -/-/- 1900 — 317=1583 1500-582=918 1500 – 582 =9181900-964=936 1200-524=676 1500-725=775 1900-825=1075 1200-672=528 1500-924=5761900-914=986 1200-488=712 1500-718=782 10. Ал, енді балалар Президент резиденциясына барайық. Президент резиденциясы Есілдің сол жағалауында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36720 м2. Ақ орданың ресми тұсаукесері 2004 ж. 24 желтоқсан күні өтті. Ғимарат жер бетіндегі 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады. 1-қабатта салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан.Енді № 8 – шамалармен жұмыс. Өздік жұмыс.1 баған – 1 топ орындайды, 2 баған – 2, 3 топ орындайды, 3 баған – 4 топ орындайды.4.580 м = 458.000 см 2.500 см= 250 дм= 25.000мм257.036 см = 250.360 мм 25км500м=25.500м=255.000дм4.580 м = 4 км 580 м 25.036см=250м 3дм 6см10 кв.см= 1000кв.мм6 кв.м= 60.000 кв.см=6.000.000кв.мм56.000.000 кв.м=56 кв.км11. Логикалық тапсырмалар: Топтық жұмыс.1 топ: Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті нешеу болды? (екеу)2 топ: Таяқшаның ұзындығы 4 см, ал қарындаштың ұзындығы 20 см. Қарындашпен 6 рет өлшеген үстелді таяқшамен неше рет өлшеу керек?(30 рет)3 топ: Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтардың олардан 3-і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті? ( 7 құс)4 топ: Тор ішінде 10 бас қырғауыл мен көжектер отыр. Олардың барлық аяқтарының саны 28. Қырғауыл -6 болса, көжектер нешеу? ( 4 көжек)Осымен балалар, біз Астананың кейбір көрікті жерлерімен таныстық, мәлімет алдық. – Қандай тағы көрікті жерлерін білесіңдер?Бәйтерек (монументі) • Абу-Даби Плаза • Халықаралық Астана Әуежайы • Қазақстан Орталық концерт залы • Астана Арена • Ақ-Орда • Бейбітшілік пен келісім сарайы • Назарбаев Университетi • Алау (мұзайдыны сарайы) • Қазмедиа орталығы • Тәуелсіздік Сарайы • Хан Шатыр • Әзірет Сұлтан мешіті • Нұржол желек жолы • Асыл тас (әкімшілік кешен) Қазақ елі (монумент) • Атамекен (мұражай)Қорытынды: — Бүгін сабақта не үйрендік? – Не ұнады?Үйге тапсырма: Бағалау. Сабақ мына жолдармен аяқталады: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнанМатематикаға орын берсең басыңнанБарлық ғылым соған үйір боладыДосың солар табылатын қасыңнан

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаДиалогтік оқытудың оқу үдерісіне оң ықпалы

ҰстаздарғаТізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

Іс-шара мәліметтері«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша есеп

БаяндамаТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072389

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар