Сан есім

2 қыркүйек 2016 - Назгуль Абишева

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы оқушы ұғымын кеңейту, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгеру. Сөйлем ішінен сан есімді таба білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін — өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктері:  сюжетті суреттер, кеспе қағаз, интерактивті тақта, слайд, тест, ребус
Әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, бірін — бірі бағалау, көрнекі, талдау, салыстыру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық.
— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін.
— Екі құлағың не үшін керек?
— Ақыл — кеңес тыңдау үшін.
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін.
— Екі аяғың ше?
— Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Семантикалық карта арқылы

3.Жаңа сабақ:

20+44=64,І      17+15=32, Е     47-23=24, Н         12*3=36, С           33:3=11, А          59-54=5, С      100-21= 79М

Есептерді  шығарып, мәндерін өсу ретімен орналастырады, сол кезде сабақ тақырыбы шығады.

Ой қозғау.Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп атаймыз. Сұрақтары: қанша?, неше? Нешей? Нешінші? Құрамына қарай екіге бөлінеді:
1. Дара сан есім: Бір ғана түбірден тұратын сан есімдер: мысалы: бес, жүз, екі, он, жеті, мың, т. б.
2. Күрделі сан есім: Екі немесе одан да коп сөздерден тұратын сан есімдер. Мысалы: он екі, мың сегіз жүз елу, қырық бес, т.б.

Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу.  Жұмбақты оқып, шешеуі тап.

Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп, тербеледі адам соқса.

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда,  үндемейді адам жоқта.

Дәптермен  жұмыс.  2-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Бір кісі қазған құдықтан,

Мың кісі су ішеді.

3-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз, сан есімдердің астын сыз.

 Станса ауылдан жиырма шақырым жерде. Пойыз сағат бесте жүреді. Әділ стансаға екінші автобуспен келді. Ол-үшінші курс студенті. Жазғы демалыстан соң оқуға бара жатыр.

Сергіту сәті:

Тақтамен жұмыс. Ребустарды шешіп, шыққан сае еімдермен сөйлем құра.                                                                             1.    2. 3. о-ө

 

Сабақты бекіту: Тест тапсырмасы
1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а. қандай? қанша?
ә. не? нешінші?
б. қанша? неше?
2. Сан есімді көрсетіңдер
а. белсенді
ә. есептік
б. бес
3. Сан есім… болып бөлінеді?
а. есептік, реттік, қатарлық
ә. қатарлық, кезектік
б. есептік, реттік
4. Сан есімді көрсетіңдер.
а. бес, сана, ұйықта
ә. елу бес, жас, кәрі
б. қырық, елу, жүз
5. Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Екінші, бес, алпыс алты
а. сын есім
ә. сан есім
б. есімдік
6. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді… дейміз.
а. сан есім
ә. сын есім
б. зат есім
7. Артық сөзді табыңдар:
а. жүз, алты
ә. бірінші, сегізінші
б. қырық, алпыс
8. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар: Ер… рет өледі.
Қорқақ… рет өледі.
а. бір, бесінші
ә. бір, мың
б. бір, көп
9. Жұмбақты шешіңдер:
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
а. ешкі
ә. қой
б. архар
10. Артық сөзді табыңдар.
а. елу сегіз
ә. алты адам
б. көркем сурет.

Сабақты қорытындылау:

Әр оқушының партасының астында тығулы тұрған стикерлердегі сандар мен сөйлем құрау.

Және сол стикерге осы сабақтан не түсінгендерін жазып алма ағашына жапсырады.

Үйге тапсырма беру:3-жаттығу

Бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147884

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар