Сауат ашу.Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

Сауат ашу.Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

Сейтбекова Татьяна. Жамбыл облысы, Шу қаласы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп мұғалімі.

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу.

Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

Мақсаты: Балаларды балабақшаның тыныс-тіршілігілімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Үлкендердің еңбегін сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері: Сабақта өзін-өзі ұстау қабілетін жетілдіру. Баланың сабаққа деген зейінін арттыру. Қаламмен жазуды үйрету.

Сөздік қоры: балабақша, ойын алаңы.

Билингвалды компонентер: детский сад, игровая площадка.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Суретпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру…

Қолданылатын көрнекіліктер: Суреттер, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі: «Менің балабақшам» шаттық шеңбері (шеңбердегі әр бала балабақша туралы ізгі тілегін айтады)

Негізгі бөлім:

Сурет бойынша әңгіме құру.

Сөйлем құрату.

Қозғаушы-мотивациялық.

-Балабақшаға біз қай уақытта келеміз?

-Ертең ерте балабақшаға келеміз.

-Күн тәртібін айтқызу.

-Жаттығу жасаймыз. Ертеңгі ас ішеміз.

-Сөздікпен жұмыс.

-Тәрбиеші сабақ өткізді.

-Ойын алаңы

-Далада ойын алаңында ойнаймыз.Әткеншек тебеміз.

-Ойын бөлмесі.

-Демалу бөлмесі ойыншықтар.

-Жуынамыз, түске ас ішеміз демалу бөлмесіне ұйықтаймыз. Түс ауа тұрып, жуынып, ас ішіп ойын алаңына шығамыз.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі тапсырманы орындау.

Сергіту сәті:

Бала, баламыз біз мектепке барамыз.

Оқу оқып, білім ап, ылғи бестік аламыз.

«Бағдаршам» дид. ойныны.

Н.Әлімқұлов «Балабақшам-байлығым» өлеңін оқу.

Өлеңді жаттау.

Мақал:

Бала тілі-бал.

Тыныштық сәті.

Музыка ойнайды.

Көздерін ашып, алған әсерлерін айтады.

Балалар көздерін жұмыс, терең тыныс алып, балабақша ауласын еске түсіреді.

Сөздікпен жұмыс:

Бала бақша- балалар тәрбиелейтін мекеме.

Детский сад—образовательное учреждениедля детей дошкольного возраста.

Балалар – ойын аланы. Детская площадка.

Қорытынды:

Бала, бала балақан,

Қане қане алақан,

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық

Көрсетілген үлгімен

Балапанға жазайық. Балапан дәптеріндегі тапсырманы жазу. Сабаққа белсене қатысқан балаларға ойыншықтар тарату.

Күтілетін нәтиже:

Не білу керек? Балабақшада балалар тәрбиелетінін, онда өзіндік күн тәртібі болатынын, үлкендердің еңбегін сыйлау керек екенін білу керек.

Нені игерді? Дәптермен жұмыс істеуді. Штрихтерді қарындашпен қосуды. Балапан дәптеріне жазуды.

Не біледі? Қаламды дұрыс ұстауды, партада түзу отыруды меңгерді. Жолда қойылған бағдаршам не үшін қажет екенін біледі.

_________________________________________________________________________
Мектепалды даярлық тобына арналған тақырыптық күнтізбелік жоспары 2014-2015 оқу жылына арналған, матемтика, сауат ашу, орыс тілі оқі іс-әрекеттерінен күнделікті жоспарларың бір жылға арналған жинағы бар. 87771417540, +77783695331

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҚош бол, құтты әліппем!

БастауышЬ дыбысы мен әрпі

БастауышБір уыс мақта

ҰстаздарғаОйын арқылы құқықты үйрену

БастауышСауат ашу. Ы дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148598

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар