Сыныптан тыс шара "ХХI ғасыр көшбасшысы"

7 қаңтар 2015 - Nazgul Batyrova

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ /зияткерліксайысы/

Сайыстың мақсаты: Ойыжүйрік, танымдықдеңгейіжоғары, интеллектуалдыоқушылардыңдарынынашу, белсенділігінарттыру, білімдерінкөтеру.

Жүргізуші:

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

2 сынып оқушылары арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.

1. Амангелдина Дильяра

2. Сағынтаев Әділет

3. Базарханова Ақмерей

4. Бақытжанов Әлішер

5. Жалғасов Ыбырай

6. Аманжолов Арсен

Олар өздерін таныстырады.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1-кезең Бәйге

2-кезең Жорға

3-кезең Дода

1-кезең БӘЙГЕ

1 кезең Бәйгеде сұрақтар экранда беріледі. Әр сұрақтың 3 нұсқасы берілген. Әр дұрыс жауап 5 баллдан есептеледі.

/14 сұрақ қойылады.

1.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? ( 2 сағат)

2. Сантиметрменөрнекте: 6 дм 8 см =  cм (68 см)

3.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? (алмұрт)

4. Бір апта 2 күнде неше күн бар? ( 9)

5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал ( құбылнама)

6. б, в, г,ғ, д, жқандайдыбыстар? ( ұяң дауыссыздар)

7. Жуан дауыстыдыбыстардыата. ( а, о,ұ, ы)

8. Еңмықтықандайағаш? ( емен)

9. 1 дм неше см-ге тең?

10. Балды жақсы көретін аң. (аю)

11… Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. ( Алдар көсе)

12. Қай құстың балапаны анасын танымайды? ( көкек)

2-кезең Жорға.

Ойынның шарты: Экранда 6 ұяшық берілген. Ұяшықта 3 сұрақтан жасырынған.Ойынға қатысушы өзі қалаған ұяшықты таңдап, сұрақтарға жауап береді. Егер дұрыс жауап бермесе, жүргізушінің « қарсыластар«деген сөзінен кейін бірінші болып жалаушаны көтерген бала жауап береді. Жауап дұрыс болса, ұпай сол балаға қосылады. Ойын соңында ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.

1 — ұяшықтың сұрақтары:

1… Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)

2. 15 пен 10-ның айырмасы нешеге тең? (5)

3. Қосу амалының компоненттерін ата. ( қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

4. Үшбұрыштың барлық қабырғалары 3 см-ден. Үшбұрыштың периметрін тап.(9 см)

5. а + 24 Бұл қандай өрнек? (әріпті өрнек )

2- ұяшықтың сұрақтары:

1. Қабат – қабат қаттама,

Қаттамадан аттама.

Ақылын оның ала бер,

Айтқан сөзін жатта да. (кітап)

2. Үшбұрыштың барлық қабырғалары 3 см-ден. Үшбұрыштың периметрін тап.(9 см)

3.а + 24 Бұл қандай өрнек? (әріпті өрнек )

3- ұяшықтың сұрақтары:

1.93 санында неше ондық бар? (9)

2. 1 сағатта неше минут бар? ( 60 минут)

3.Орамнан 9 м сым темірді қиып алғанда, онда тағы 4 м сым қалды. Орамда неше метр сым болған? (13м сым)

4- ұяшықтың сұрақтары:

1.5 +4 Бұл қандай өрнек? ( санды өрнек)

2. Жүрсе, ізі жоқ,

Сойса, қаны жоқ. (жел)

3. Ең кіші екі таңбалы санды ата .(10)

5- ұяшықтың сұрақтары:

1.Үшбұрыштың барлық қабырғалары 3 см-ден. Үшбұрыштың периметрін тап. ( 9см)

2.Азайту амалының компоненттерін ата. ( азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

3. 39 санының алдыңғы және кейінгі көршісін ата.( 38, 40)

6-ұяшықтың сұрақтары:

1.Белгісіз азайғышты қалай табады? ( айырманың мәніне азайтқышты қосады)

2.1 сағат 20 минутта неше минут бар?( 80)

3. Бірінші үйде 30 адам, ал екінші үйде бірінші үйге қарағанда 20 адам артық. Екінші үйде неше адам тұрады? ( 50)

3-кезең Дода

МАТЕМАТИКА – 10

1.Ағаштың ең ұшында

Отыр еді 15 қарға.

Ұшып келді тағы да

8 қарға

Барлық құстың санын

Ойланайық табайық. ( 23)

2.МАТЕМАТИКА – 10

Үшбұрыштыңпериметрініңформуласынайт (Р=а + в+ с)

МАТЕМАТИКА – 10

3. Бір жылда неше ай бар? (12)

Математика – 20

1. Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? (6 )

2. Шаршының негізгі қасиеті (барлық қабырғалары бірдей болады)

3. Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді? (5)

Математика- 30

1. Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей ( 2 қоян, 2 тауық)

2. Тал басында,
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп. (4)

3. Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (6)

Сайысты қорытындылау.

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау.

№ 3 орта мектебі

Сыныптан тыс шара

«XXI ғасыр көшбасшысы»

( зияткерлік сайысы)

Өткізген: Батырова Н.

2014-2015 оқу жылы

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға«Математика – тәртіп, мағына мен заңдылық»

ФизикаЖас физиктер

Іс-шара мәліметтеріЕркем-ай (шебер-класс)

Математика"Бақытты сәт" сыныптан тыс жұмыс

БиологияГүлдер айтысы (сайыс сабақ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062355

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар