Күлімде, күн, күлімде! Д. Қанатбаев

8 қаңтар 2016 - Айгүл Шатанова

Тақырыбы:   Күлімде, күн, күлімде!  Д. Қанатбаев.

Мақсаттары:

1.    Білімділік мақсаты:

Өлең сөздерін жатқа айтуға үйрету. Өлең сөзбен жазылған шығарманы тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру.  Өлеңдегі жаңа сөздерді меңгерту: күлімде, көгерсін, берекелі, болашақ.

2.    Дамытушылық мақсаты:

Ой-өрістерін, дүниетанымын кеңейту. Білімділіктерін арттыру.

3.    Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, ізеттілікке, шығармаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, қайталау, түсіндіру, өлеңді жатқа оқып беру.

Түрі:жаңа материалды игерту.

Пәнаралық байланыс:  айналамен таныстыру, сауат ашу.

Көрнекілігі:  автор суреті, жыл мезгілдері, күн.

Сабақ барысы:

1.    Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

-         Қане, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық.

-         Мен сабақта мектептемін.

-         Мен сабақ оқимын.

-         Жақсы ойлап отырамын.

-         Тек жақсы баға аламын.

-         Енді көздерімізді ашамыз.

-         Олай болса, іске сәт. Бүгін тек білімнің төрінен орын аласыңдар. Білім төрінен орын алу үшін өткен сабағымызды еске түсәрейік. Кім қалай жауап берер екен, соған назар аударайық.

2.    Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға «Бұл қай кезде болады?» ой жұмбақ шешкізу.

Оқушылар ой – жұмбақ шеше отырып, жыл мезгілдерін еске түсіру.

3.    Ассоциация құру.

                                                  Қыс

 

 

       Жаз                                    Жыл мезгілі                    Көктем

 

 

                                                  Күз

 

 

4.    Жаңа сабақ.

  Жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.    (Күн)

 

  Тақтадан Күннің бірнеше суреттерін көрсете отырып, тақырыпты ашу.

  Тақырыбы:   Күлімде, күн, күлімде!

   Өлеңді оқып беру:

Күлімде, күн, күлімде!

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

Күлімде, күн, күлімде!

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың қызыл гүліндей,

Қолдарына ту алсын.

Күлімде, күн, күлімде.

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

 

   Оқушыларға өлеңнің  авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің мазмұнын оқушыларға түсіндіру.

5.    Сергіту сәті.

 Күнге қарап қол созамыз.

  1,2,3

 Қызғалдақтай ырғаламыз

  1,2,3

 Дөңгеленіп айналамыз

  1,2,3

  Үп-үлкен боп біз өсеміз.

6.    «Әрі қарай жалғастыр»  ойыны.

Бұл ойынды доппен ойнаймыз.  Өлеңнің бір жолын айта отырып, бір-бірімізге доп береміз.

 Өлеңді жаттату.

7.    «Галереяға саяхат»

Барлығымыз қарындаштарымызды алып, күннің суретін саламыз.

Кім жақсы салар екен, соңы байқаймыз.

Тақтаға салған суреттерін ілгізу.

 

 

8.    Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы тапсрымаларды орындату. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

9.    «Бәйге» ойыны.

Ойын арқылы жұмбақ жасырып, сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында күн суретін беру арқылы оқушыларды мадақтау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспары«Біз мектепке барамыз» (ертеңгілік)

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141970

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар