"Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі" Тәрбие сағаты

26 ақпан 2016 - Балжан Базилбаева

Тақырыбы:Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі.

Сабақтың мақсаты:

 Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді  пысықтау, тиянақтау.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөзі.

 

Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,

Отан үшін талай ерлер мерт еткен.

Болмасыншы, болмасыншы қан соғыс,

Соғыс десе жүрегіміз селт.

 

1-слайд.Ұлы Отан соғысына 70 жыл толды. Ұлы Отан соғысы кезінде қиыншылықтарды көп көрген.Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Өйткені, соғыс атаулы адамзатты  қырып – жоюға бағышталған.Адам адам болғалы осылай.

2-слайд.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.

3-слайд.Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.

4-слайд.Бұл соғыс қайғы –қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жас қиылды.

5-слайд.Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып,өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз.

6-слайд.Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты.

7-слайд.Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.

Ұлы Отан соғысының Қазақстан батырлары.  Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы.

 

 Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары

1941 жылы Алматыда генерал  И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды.Осы дивизияны 28 панфиловшыбатырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.

Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді.

 Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы

 ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры

Бауыржан Момышұлы болған.

 

Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:

Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы

 полкы құрамында майданға аттанды.

 Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен

жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде

 оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған

3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін,

бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.

Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де

еліміздегі ең мәртебелі атақ –

Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді

 

Қазақстандықтар Сталинград үшін шайқаста
Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып,
Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

 

Қорытынды.

70 жыл да толыпты ұлы күнге,

Оңайлықпен келген жоқ осы күн де.

Мың тағзым жанын берген батырларға,

          Жеткізген мына бізді осы күнге.

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана-жарын жолғалтқан жесір, бала- әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды.Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы- қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жсаады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойында отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт  өкілдерінің  тізе қосқан бірлігі мен ерлігі.

 

Ендеше Ұлы Отан соғысы жайлы  фильмді барлығымыз тамашалайық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141963

Пікірлер (1)
Айдос # 27 қыркүйек 2016 в 18:32 0

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар