"Төрт түлік" (Тәрбие сағаты)

26 ақпан 2016 - Балжан Базилбаева

Тақырыбы: Төрт түлік

Мақсаты:

1.Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке-жеке таныстыру.

2.Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.

3.Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.

 

 Көрнекілігі:  Мақалдар, сызба,  төрт түліктің суреті және олардан алынатын

өнімдер, киімдер, ертегіге керекті заттар, т.б.

                                                          Барысы:

1.     Кіріспе сөз.

Мұғалім: Қазақежелденмалшаруашылығыменайналысқанхалық. Ғасырларбойықалыптасқанбайтәжірибесібойыншаолармалдыңөрісін, тіршіліктабиғатын, қадір- қасиетінәбдензерттепбілген. Малдыңеті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегінедейінөзқажетінепайдаланыпотырған. Мінсе- көлігі, тұтынсабұйымыдаосымалболған. Кеңдаланыеркіншарлап, көшіп- қонғанхалқымыздыңтұрмыс- тіршілігітөрттүлікпенбайланысты. «Малым- жанымсадағасы, жаным- арымныңсадағасы» дегената- бабаларымыз. Қазақстанжерімалөсіругеасақолайлы. Біздіңжеріміздімалсызелестетумүмкінемес.Бір сөзбен айтқанда барлық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған.Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп-бағуды көбейтіп,өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай  іріктеп сойып жеп отырған.   Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған.Сондықтан қасиетті  төрт-түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпауға тиіспіз.

 

 

                       1.Төрт түліктің төресі

 

Т

 

ү

й

е

 

 

к

Ө

к

т

е

м

н

а

Р

 

 

Т

а

й

 

               

                       2.Жыл мезгілі.

             3.Түйенің жасына қарай аталуы.

                            4.Жылқының жасына қарай аталуы.

                            5.Түйенің жасына қарай аталуы

                6.Жыл мезгілі.

                7.Ешкінің төлі.

                8.Ұлттық тағам.

                9.Үй жануарларының бірі.                              

 

Т

а

й

л

а

қ

 

 

к

Ү

з

 

 

Л

а

қ

 

 

І

р

і

м

ш

і

к

е

ш

К

і

 

                         

 

 

 

Мұғалім:  ТӨРТ ТҮЛІК– мал: түйе, жылқы,  сиыр, қой, ешкі. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар. Бізге жақсы таныс болу үшін сөз кезегін төрт түліктің пірлеріне берейік.
 

 

Түйе атасы – Ойсылқара,

Жылқы атасы – Қамбар ата,

Сиыр атасы – Зеңгі баба,

Қой атасы –Шопан ата,

Ешкі атасы – Сексек ата,

 

1.Қамбар ата:

Шаруаның бірі – жылқыны ата,

Тілегінде өзің бер ақтан бата

Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып ,

Ойдан – қырдан арқансыз әкеп мата.

 

2.Ойсылқара:

Шаруаның бірі пірі – Ойсылқара

Түйені өсір жарылқап, болсын пана,

Ит – құс, пәле, індеттен аман –сақтап,

Топ – топ қылып боталап аруана.

 

3.Зеңгібаба:

Шаруаның бірі пірі – Зеңгібаба

Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама,

Кең өріске шұбырытып өзің бағып,

Кешке жақын қораға әкеп қама.

 

4.Шопан ата:

Малды берсең қойды бер,

Ұлды  берсең бойлы бер.

Жұртқа ақыл салғандай

Ақпен ортақ ойлы бер.

 

5.Сексек ата:

Қойды көсем бастайын,

Өткелден үркіп саспайтын,

Қарағай мүйіз серкелі,

Шүйке жалды желкелі,

Сексек ата баласы

Ешкі бассын үйіңді.

 

 

 

 

Жұмбақ:«Кезікті бір жануар,

                  Үстінде екі тауы бар.»

-Бұл қандай мал?

-Түйе.

1-оқушы: «Төрт түліктің төресі-түйе»

. Түйе — төрт түліктің төресі. Түйе малы – көшпелі қалқымыздың керуен кемесі.Түйенің тигізер пайдасы аз емес. 

Інген, бота, тайлақ, буыршын, бура, атан, нарқоспақ,үлек деп аталатын түйенің әрбір түріне лайықты күтім керек. Мысалы, Жас бота кәдімгі нәресте сияқты. Оны туған кезден бастап ауыздандырып, аялап  өсіру қажет.

Сондықтан ботаны нәрестедей  күтіп қамқорлыққа алу – оны иеленген отбасы мүшелерінің бәрінің қасиетті борышы.Інгенді уақытында сауып, шұбат ашыту – парыз. Түйенің сүті — шұбат. Шұбат – әрі тағам, әрі сусын, әрі дәрі.     Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да мол. Түйенің сапалы жүні бар. Ал түйенің шудасы ең қымбат киім жасауға, терісі ең төзімді ұлтандық және тоқымдық, т.б. жасауға пайдаланылады.

Түйе

                                  Маң-маң басқан маң басқан,

                                  Шудаларын шаң басқан.

                                  Екі өркешін қом басқан,

                                  Төрт аяғын тең басқан,

                                  Тілін тікен теспеген,

                                  Мұрындығы келіскен.

                                  «Шөк» дегенде, «бық» деген,

                                  Шешіп, үйді жүктеген.

 

Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,

                   Шауып келеді жүйрігім»

-Бұл қандай жануар екен?

-Жылқы.

2-оқушы: «Жылқы-ер қанаты»

      Қазақ халқы жылқы малын аса қадірлеп, оны күте білуді әрбір адамға міндеттейді. Жасына, жынысына қарай құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті, ат, айғыр, байтал, дөнежін, бие деп атала береді. Жылқының сүті – қымыз. «Үйірілген, тәтті сары қымыз ауруға – ем, сауға қуат, дәрі қымыз» деп, Жамбыл атамыз қымыздың емдік қасиетін жоғары бағалаған. Жылқының еті де, майы да ем . Жылқы — жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары аязда далада жайыла береді, өйткені жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы — қарта, жал — жая жылқыдан алынады.
 

 

Жылқы

                                               Қоғалы көлді жайлаған,

                                               Қоғаның басын шайнаған.

                                               Құрулап оны жылқышы

                                               Қыл арқанмен байлаған.

                                               Қуғандарға жеткізбей,

                                               Қашқанға жетпей қоймаған.

                                               «Ер қанаты – өзің » деп,

                                               Ел қуанып айдаған

                                               Жылқы деген жануар.

 

 Жұмбақ: Екі айнасы бар,
                  Екі найзасы бар,
                 Төрт жаптырмағы бар,
                 Бір шыбыртқысы бар.

-         Сиыр.

 3-оқушы: «Сиырдың– өнімі  мол»

 

Сиыр — Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар. 

 Сиыр малы да – өте пайдалы мал.  Бұзау, тана, торпақ, құнажын, дөнежін, сиыр, бұқа, өгіз деп аталатын сиыр тегінің де әрқайсысына лайықты күтім керек. «Сиырдың сүті тілінде» дейді халқымыз. Бұл малдың жем-суы жеткілікті болмаса, иесінің жауапсыздығының, керенаулығын көрсетеді… Біздің ішіп — жейтін тағамдарымыздың барлығы осы — сиыр малының өнімі. 

Сиыр сүтінен айран, қатық, ірімшік, құрт, май сияқты неше түрлі тағам жасау дәстүрге айналған.

Сиыр

 Сәйгел тисе, мөңкіген,

 Оқыра тисе, жөңкіген.

                                                Ала бас жіп естірген,

    Мұрнын тура тестірген,

   Саздау жерге тоқтаған,

Үй қарасын қақтаған,

 Сиыр деген мал екен!

 

Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,

                  Момындық дұрыс ойы бар.

                  Кербезденіп жүрмейді,

                  Айналдырған тоны бар.

-Бұл қандай жануар? 

    3-оқушы:   «Қой-төрт түліктің момыны»

. Қой- төрттүліктіңішіндегіеңмоманы. Сондықтанболарқазақатамызөсек- аян, қулық- сұмдығыжоқбірқалыпты, сабырлыадамды«қойаузынаншөпалмайтынмомын» дептегінайтпағанекен. Қоймалысонауежелденхалқымыздыңнесібелімалыболыпесептелген. Балаларауырыпқалғанкездеосықойдыңқұйрықмайыменсылап, ішіпжатады

«Қойдың сүті – қорғасын» дейді халық. Қойдың қозы, марқа, бағлан, тоқты, ісек, тұсақ, саулық, құнан қой, қошқар сияқты жасына, жынысына қарай ажыратылатынын түрлерін жақсы біліп, қой бағудың тәсілдерін игеру

 – үлкен  өнер. Қойдың жүні, терісі, сүті туралы көптеген әңгіме айтуға болады.

 

Қой

Қорасында маңыраған,

 Қозысымен жамыраған,

                                              Қозысынан айырылса,

 Қоймай, ұзақ аңыраған.

                                              Аппақ қою сүті бар,

                                              Ақ шағала құрты бар,

                                              Ақтылы қой жануар.

 

Жұмбақ: Асты пышақ,үсті істік

                 Өзіне лайықтап киім пішкен,

                  Секіріп-секіріп түскен.

-Бұл қандай жануар?

 

4-оқушы: «Ешкі-өсімтал мал

     «Сауса сүті бұлақтай», «Есің кетсе, ешкі же» деген халық ешкі сүтінің емдік қасиетін жоғары бағалаған. Түбітінен жылы кіимдер тоқып жүнін арқан, жіп есуге пайдаланған

     Ешкі малы да жасынан, жынысына қарай  лақ, марқа, туша, серкеш, ешкі, теке, серке, деп бөлінеді.

Ешкі

Ешкі қойды бастаған,

    Қойды артына тастаған.

                                                Ешкі деген жануар,

Сауса, сүті бұлақтай,

 Сойса, саны қалақтай,

     «Баста!» десе, бастаған .

         Қайырып мүйіз, жасқаған,

  Жаныныа лақ келгенде

   Сүзіп – сүзіп тастаған...

                                                Тастан тасқа секіріп,

Ойнағанын қайтерсің,

   Жауын жауса қорғалап,

                                               «Шек!» деседе иесі

   Бодмағанын қайтерсің...

 

Ендіосымалдардыңтөліқалайаталады? ( Сәйкестендіру).

Сиыр                            
Жылқы
Қой
Түйе
Ешкі
қозы
лақ
бұзау
ешкі
бота
 

 

Төлді қалай шақырады?

 

1 оқушы:

Қой баласы – қоңырым,

Ұя бұзбас момыным.

Шопан ата түгілі –

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт

 

2- оқушы:

Жүнін жұлса, бақырған

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар –

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре, шөре!

 

3- оқушы:

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім,

Қамбар ата өсірген

Құла атым менің, қайдасың?

Құрау, құрау!

 

4- оқушы:

Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен мойнын тараған.

Көкке мұрнын шүйіріп,

Зеңгі баба өсірген

Әукешім менің, қайдасың?

Аухау, аухау!

 

5-оқушы:

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсылқара баласы –

Ботақаным, қайдасың?

Көс, көс!

 

Ән:

Төрт – түліктен алынатын  тағамдарға байланысты тақпақтар.

1 — оқушы:
 Сары май:
Көп адамдар білмейді,

ішсе шайын үрлейді
Ыстық шайға май қосса,

бірден ауыз күймейді.
Сүт:
Май алады сүттен,

құрт алады сүттен,
Сүт алады молырақ,

малын баптап күткен
Құрт:
Қатты құртты жейміз,

дәмді, қышқыл дейміз
Салма артық күшіңді,

сындырасың тісіңді.
Қаймақ:
Балдан тәтті қаймақ,

 жегенім жоқ айлап
Жүрген шығар сақтап,

апам мені ойлап.
Ет:
Ет төресі қазыны,

апам тұздап баптайды
Ұнға тығып жаз күні,

күзге дейін сақтайды.
Дәмді тағам шұжық,

түрі ұзынша қызық,
Ағам көрсе тоймайды,

оңайға апам қоймайды.
Шұбат:
Іркіт түсте түрі,

пайдалының бірі
Бойға берер қуат емсең ,

ем ғой шұбат.
Қымыз:
Жеңгем бие сауады,

ағам саба пісірді,
«Денсаулыққа дауалы»,

деп үлкендер ішеді.

 

Балалар, төрт  түлікке  байланысты қандай  мақал- мәтелдер білесіңдер?

1.Мал өсірсең, қой өсір.                                                                                                                                                                              Өнімі оның көл-көсір

2.Қойдың сүті қорғасын,                                                                                                                                                               Қойды ұрған оңбасын.

3.Сиырлының үйі айран,                                                                                                                                               Сиырсыздың үйі сырдан.

4.Бақырауық демесең,                                                                                                                                              Бағалы көлік түйе ғой.

 5.Әңгіме бұзау емізер,                                                                                                                                             Бұзау таяқ жегізер.

6.Жалғыз ешкі лақтап,                                                                                                                                             Уызына жарытпас.

7.Қасапшыға мал қайғы ,                                                                                                                                         Қара ешкіге жан қайғы.

8.Екі қошқардың басы,                                                                                                                                                                      Бір қазанға сыймайды.

9.Тұлпар шаба жетіледі,

Сұңқар  ұша жетіледі.

 

10.Түлік төлден  өседі.

 

11.Малдың жайын баққан білер,

Отынның  жайын  жаққан  білер.

 

12.Жүк  ауырын  нар  көтереді,

Ел  ауырын  ер көтереді.

 

 

Тыйым сөздер

 * Қойқырқатынқырықтықтыбосқайтармайды, жүнгеорапбереді.
* Қойқоздапжатқандабіреугемалсыйламайды, сатпайды.
* Малайдапкележатқанадамға"айдаркөбейсін" дейді, алмалшыға"бағаркөбейсін" дейді
* Малдыңалдынанбосыдыспеншығуғаболмайды.
* Малсүйегінпешкесалма.
* Қойдыңжүнін, мүйізінотқажақпайды.
* Ақтытөкпе
Малдытеппе
* Малғатерісмінбе
* Малдыңбасынанұрма

 

Ән:

 

 

 
Сұрақтар:

 

1.Төрт түлікке нелер жатады?

2.Ірі қара төлдерді ата. Неліктен ірі қара деп атаған?

3.Ешкі мен қой үнемі неге бірге аталады?

4.Төрт түліктің пірлерін ата.

5.Жылқының сүті қалай аталады? Одан не алуға болады?

 6. Төрт түліктің төлдерін ата?
 7. Төрт түлік бізге не береді?

 

 

 

-         Қорытынды:

-         Міне балалар, біз бәрін төрт түлік мал туралы көптеген мағұламаттар алып, білімдерімізді тереңдеттік, төрт түлік малдың пайдасы көп екенін білдік. Бірақ оның пайдасы көру үшін, көп еңбектену керек, малды дұрыс күтпесе бізге ол сүт те, ет те, жақсы тері де, жүн де бермейді. Ертеде ата — бабамыз «малды бақсаң, мал сені бағады» деген екен.  Сондықтанда  біз төрт түлікті құрметтеп, күтіп- бағуымыз керек екен.Осымен бүгінгі біздің " Төрт түлік  атты  тәрбие сағатыСол үшін төрт түлікті құрметтеп, жақсы қарап, бағып, өсіруіміз керек. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

-          

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышАЛТЫН САҚА ОЙЫНЫ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141148

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 6 наурыз 2016 в 20:09 0
Төрт түлікті сақтап, күтіп өсіру, одан алынатын өнімдер қаншама, халықтық педагогикалық шеберлікті шыңдауға көмегі зор. Рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар