Тәрбие сағаты "Халықтар достығы"

26 ақпан 2016 - Балжан Базилбаева

Тақырыбы: Халықтар достығы
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер.
Барысы.

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!

Қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар, балалар
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Халықтар достығы» атты тәрбие сағатын өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 — Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз құрметті қонақтарға беріледі. (Құттықтау сөз )
Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 
Бүгінгі мерекеге   барлық оқушылар өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.
Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Хор. «Менің Қазақстаным»
Ендігі кезекте, «Балапан» тобының бүлдіршіндері қазақ халқының ән-жырын тарту етеді.
Қырмызы
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді,
Осы үйдің бәріне.

Назым

Аппақ күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды,
Өсиетін айтатын,
Адал бол деп қашанда.

Ақбота

Әкелер мен апалар,
Ел үшін қызмет жасаған.
Мақтанышы елінің,
Бірлік туын биік ұстаған.
Қара жорға биі.  

Ән. «Апатайым»

 Сырдың бойын ежелден жайлаған,
Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,
Халықтардың достығының айғағы
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Ендігі кезекті сіздердің алдарыңызда орыс халқының өнерлерін тарту етеді.
Орыс биі.  

Мұғалім:

Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген. – дей келе сіздердің алдарыңызда  өзбек халқының өнерін тарту етеді.
Өзбек биі.  

Мұғалім:  

Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін.
Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің тақпақтарын тыңдайық. 
Дат:
Қуанышты май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.
Назерке:
Жайнап кеткен қия бел,
Қырдың гүлін жия бер,
Туған жердің сырларын,

Көңіліңе құя бер.

 

Аслан:

Тулар әне қадалған,
От-жалындап алаулар,
Соғылды әне барабан,
Желбірейді жалаулар.
Алишер:
Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.
Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз. 

Қош сау болыңыздар!
 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150755

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 27 ақпан 2016 в 23:16 0
Қазақ даласында халқымыздың күш-қуаты артып,басымызға қоған бақытымыз арта берсін демекпін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар