Тәуелсіз елім- Қазақстан!

8 қаңтар 2016 - Айгүл Шатанова
Тәуелсіз елім- Қазақстан!

Тақырыбы:   Тәуелсіз елім — Қазақстан!

Мақсаттары:  Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру;  балалардың патриоттық сезімдерін ояту,  ұжымдылыққа тәрбиелеу; түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:  ҚР мемлекеттік рәміздері, Елбасы суреті, желтоқсан құрбандарының суреттері.

Барысы:

Кіріспе:

-       Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

-       Қандай рәміздеріміз бар?

-       Елбасымыз кім?

-       Ендеше қазір біз әнұран айтайық.

-       Біздің ұлтымыз қай ұлт?

-       Қазақтардан басқа біздің елімізде тағы қандай ұлттар бар?

-       Осы ұлттардың бәрі, яғни, Қазақстан халқы бір ғана Заңға бағынады.

 

Елдігімнің  реңі

Теңдігімнің тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі

Алтын Заңым арай таным.

 

Көк байрағым желбіреп             

Көк аспанда қалқиды

Егеменді елім деп

Шаттық әні шалқиды.

-       Балалар, біз егеменді елде өмір сүріп жатырмыз. Ал сол егемендік бізге оңайлықпен келген жоқ. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.  1986 жылы 16- желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн —  Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі  -  Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға, рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

 

-       Қайратпен қатар біздің әпкелеріміз де, әсіресе Ләззат Асанова мен  Сәбира Мұхаметжанова, және де басқа да қыздарымыз тәуелсіздік үшін азап тартқан.

-       Осыдан 29  жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апкелеріміздің арқасында үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ләззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті жасынан.

 

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

 

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсідік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

 

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні бұл

Елім деген ұлдардың

Елжірегені күні бұл.

 

Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы

Тыныштықтың туы боп

Зор салтанат құрады.

 

Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүділі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні

 

Бас алаңды ел жосқан

Жастар қаны жуған күн

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік туған күн..

 

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді.

 

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры.

 

Сарыарқаның даласында

Күн шуағын төккен күн

Елім менің, жерім менің.

Баққа қолы жеткен күн.

 

-       Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

-       Қайсарлығы қалқысыз Махамбеттің «Болса екен қазақ баласы» деген шығармасын  тыңдайық.

 

Ертеңі өсіп елімнің

Сабырлысы болса екен

Ар_ұятты айбатты

Азулысы болса екен.

 

Батыл, берік орнықты

Байсалдысы болса екен

Алғыр, зерек, мейірімді

Ақылдысы болса екен.

 

 

Тапқыр, шешен талапты

Өнерлісі болса екен

Ойшыл, өткір, дарынды

Біілмдісі болса екен.

 

Сергек, іскер, сезімтал

Саналысы болса екен

Парасатты намысты

Отаншылы болса екен

 

-       Атағын жер жарған Махамбеттің бұл үмітін ақтайтын сендерсіңдер, балалар!

-       Балалар, мейрамдарың құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын! Қазақстанымыз гүлдене берсін! Ал енді бәріміз «Бәре де жақсы болады» деген әнге би билейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

БастауышСәлем саған, Алтын күз!

Ұстаз үніТақырыбы: Шуағын төккен, төрт көктем!

БастауышМенің елім - Қазақстан!

БастауышҚош бол, құтты әліппем!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119643

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар