Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат

20 мамыр 2014 - манат Тәжит

Қарағанды қаласы

№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі

Тәжит Манат Жанатқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту, Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасы жамйлы мағлұмат беру. Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының портреттері мен суреттер, Слайд дискісі, Қазақстан қалалары суреттері, шарлар.

ҚР мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:

1.Туған жер – алтын бесік.

2.Отансыз адам, ормансыз бұл-бұл.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата- аналар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне арналған «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат» концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Бақ сыйлаған баршаға, өркеніңе,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік, 20- ға толдың бүгін,

Отаным жылдан- жылға көркеюде.

Гимн:

(мемлекеттік рәміздер және слайд)

Назерке: Көгілдір аспанымыз ашық қандай,

Күн нұры көңілінді тасытқандай.

Тәуелсіздік мерекең құтты болсын,

Бейбіт күн, тыныш заман, бақыт қандай!

Арслан: Аспан түсті туымыз желбіреді,

Шықты және теңгеміз – ел біледі.

Әнұран да, Елтаңба- өзімдікі

Қара аспанды қақ саяқ төндіреді.

Біржан Ғ: Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,

Тоқтар мен Талғаттар шығар мам еді?!

Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,

Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді!

Ернар: Тарихы бар- дастанындай ерліктің,

Дәстүрі бар- үлгісіндей елдіктің.

Қазақстан – алтын бесік Отаным,

Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.

Әсем Е: Желтоқсанда көшеге

Жендеттер кеп қан шашты.

Сабағынан гүлдердің

Үзілді екен қаншасы?!

Бекмұрат: Қызыл көзі қанталап,

Тайраңдады көшеде.

Қызыл қанға боялды,

Аналардың ақ шашы.

Аружан: Тұрды барлық көшелер

Жұпар кемес, қан сасып.

«Бұзақы мен нашақор»

Деді қазақ баласын.

Нұрислам: Улап жатты сол бір сөз

Адамдардың санасын.

Ақиқатты ол күні

Қайдан іздеп табасың.

Камила: Жұлқынады желтоқсан

Жолбарыстай тордағы.

Кісен салып аяққа,

Кімдер сені қорлады.?!

Санжар: Көк даланың аспанын

Қара бұлттар торлады.

Белуардан қан кешкен

Алыстағы ағайын.

Хор: Желтоқсан желі

Әсем М: Аман болсаң болғаны.

Түрмеде жатқан Қайраттың

Қанымен жазған хаттарын

Анасына жолдады.

Толқын: Ләззаттай ару қызының

Тағдырымен ойнады.

Соңына оның түсіп ап,

Қудалауын қоймады.

Арман: Ыңырсып жатты адамдар,

Қазылған терең ордағы.

Қан сасып жатты, қан сасып

Жетісудің орманы.

Тұрлықожа: Желтоқсанда жастар өткір, намысты,

Аждаһамен батырларша алысты

Қайрат, Ербол, Сәбира мен Ләззаттар

Аруақ болып кезіп жүр ме ғарышты?!

Айбек: Тазалықтан жанарлары мөлдіреп,

Олар жас ед балаусадай өндір ед.

Желтоқсанның аяз қысқан ауасын,

Жұтты- ау сонда сол қыршындар соңғы рет.

Біржан А: Қанға толды Жігер мен Рух алаңы,

Соны ойласам… жүрек әлі жаралы,

Қыздарымның аялауға тиісті,

Балтырларын қасқыр- иттер талады.

Әсем Ж: Жалын жастар мұзды шайнап қайғы алды,

Бұғып жатқан ұлт төзімі қайралды.

Желтоқсанда кеуделері от болып,

Жігіттерім арыстанға айналды.

Бектас: Берілген жоқ әлі нағыз бағасы,

Жазылған жоқ Желтоқсанның жарасы…

Біле білсең дәл осыдан басталған,

Еркіндігің, ей, қазақтың баласы.

Хор: Жаса, Қазақстаным

Ақбота: Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның –

Мақтанышым –Астанам!

Дана: Келеді осылай аңсаған күніміз де,

Көптен күткен тәуелсіздік күні бізге.

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықпен,

Қасиетті тіліміз бен дініміз де!

Хор: Атамекен

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыТәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

Тәрбие жоспарыАр-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан

Тәрбие сағатыЖелтоқсан жаңғырығы – жадымызда

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119664

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар