Ана тілім – бал тілім

7 желтоқсан 2014 - Жангулим Максутова
Тақырыбы: Ана тілім – бал тілім
Мақсаты: Балаларға Қазақстан мемлекеті жайында, қазақ тілі жайында толық түсінік беру. Балалардың сөйлеук қабілетін арттыру. Балалардың отан сүйгіштікке, патриоттық сезімін ояту.  Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, елін-жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ребус, тақырып, суреттер.
Барысы:
Мұғалім :
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар, тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған?
-Ана тілі
-Иә балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ана тілім – бал тілім» — деп аталады.
Ана тілі — адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп — өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан — ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Балалар Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
— Астана қаласы
-Қазақстан республикасының рәміздері нешеу?
-үшеу
-Қане атап берейік
-Елтаңба, ту, әнұран.
Балалар біздің ұлтымыз қалай аталады?
-Қазақ деп аталады.
Біз қай тілде сөйлейміз?
-Қазақ тілінде сөйлесеміз
Жарайсындар балалар!
Әже мен қоян кіреді.
Әже: Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Біз орманнан сендерге арнайы келіп отырмыз.
— мына менің көжегім ормандағы шыршалардан неше түрлі ойыншық теріп алыпты, олар жәй ойындық емес екен, сиқырлы екен.
-қане мен көрейінші, қандай ойыншық екен, ой балалар, бұл ойыншықтарда жазулар бар екен.
1-ойыншық. Мына ойыншықта не жазылған екен?  Қазақ тілі  жайында өлең шумақтар айтып беріңдер- деген тапсырма жазылыпты. Қане әр топтан  3 оқушыдан шығып тақпақ айтып беріңдер.
І-топ:
Нұрай:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
Айсана:
Ана тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Нұрдаулет:
Тілім — арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
ІІ-топ
Жалғас:
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Гүлнәзік:
«Апа» — деппін анама бір күн күліп,
«Әке» — деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет,
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.
Қуаныш:
Ана тілім бойдағы зор намысым,
Тор құрсаулар жолыңда болғаны шын
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.
ІІІ-топ
Айдана:
Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан – Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
Айбар:
Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.

Альбина:
Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем.
2 ойыншық. Мына ойыншықта не жазылған екен?  Отан туралы мақал – мәтелдер айтып беріңдер- деген тапсырма жазылыпты.
Ал ендеше топ болып жарысамыз.
Көп  мақал – мәтел айтылған топ жеңімпаз.
3- ойыншық. Мына ойыншықта не жазылған екен?  Жұмбақтарды шешіңдер-делініпті.
Аспанда жүзеді
қанатын қақпайды
жерде де жүреді
бауырлап жатпайды
(ұшақ)
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
Талдың басында
Жемі бар қасында,
Там тұр саялы,
Достары аялы.
(құс ұясы)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны баша жұрт.
(көгершін)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам, сорпасы адал,
Ол не балалар?
(аралар)
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…
(сағат)
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)
Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге.
(ай)
Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
(шар)
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)
Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?
(әліппе)
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)
Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы…… (арыстан)
Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық, зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)
Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)
Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)
Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(ешкі)
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар.
(сиыр)
4- ойыншық. Мына ойыншықта не жазылған екен?  Ребусты шешіңдер!
1)
     ің -1 3
   -  3 2)
 Н   -    
Ребус жауабы:
1)    Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.

2) Өнер алды – қызыл тіл
Оқушылар біздің әже мен көжегімізге рахмет шыршадан өте жақсы тапсырмалар әкеліпті. Және ден жақсы қатысқан топ қа мараппаттау қағазы бар екен. Ендеше көрермендер 3 топтың тапсырма орындауына қарай мараппаттау қағазын үлестірейік,.                                                                                         Марапаттау: «Ана тілім-бал тілім» атты тәрбиелік сағатында ____________________________топ марапатталсын.                                                         1) жұмбақтардың жауабын жақсы тапқан                                                                  2) мақал – мәтелдерді көп білетін                                                                                  3) Ребусты жақсы шеше білген

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141151

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар