Тарбие сагаты Ғасыр саңылағы Нұрсұлтан

26 ақпан 2014 - Самал Сабитовна

Ғасыр саңылағы-Нұрсұлтан

Мақсаты:1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы         

                     Назарбаевтың  өмір  жолы, туып-өскен, оқып  білім  алған, қызмет 

                     еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

                   2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын, халқын  

                     сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге

                     тәрбиелеу;

                  3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін 

                    ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі:слайдтар, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш Президент», компьютер.

Барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:        Әнұран орындау.

Психологиялық дайындық:(Гүл шоқтары арқылы бір-біріне лебіз айту)

              

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

«Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас» тақырыбы бойынша жазған эсселерін, өлеңдерін, мақал-мәтелдерін оқу, салған суреттерін қорғау.

ІІІ Жаңа сабақ:

-Балалар желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

-(балалар жауабы)

-Желтоқсан айында мерекелер көп екен, соның ішінде 1-желтоқсан тұңғыш  Президент күні.

Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев

2DD4D180-3E0C-40E0-955A-1991713C9C57_mw800_mh600             

 

Тұманбай Молдағалиев  «Есіл  ер»      оқитын:Әділет

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың,

Халықпен  бір  ашығасың да, халықпен бірге  тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар  жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдар жыр,

Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,

Бақытқа  баста  байтақ  еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.

Жесірге  пана, қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға,

Саған  сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

 Мұғалім сөзі

 Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам. Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.

                                        

 
 4546

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, қарындасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда інісі- Болат Назарбаев, нағашы апасы-Зейнеп

Зарина

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.  Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті. Үлкендердің  мал  бағуына, бау-бақша  өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек  теріп, отын  жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған. Мектепті  жақсы оқып, жақсы білім  алды.  Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.

Гулхан

Ол ерте есейді, орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттанды.  Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ Қазақстандықтар мен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

                               Nazarbaev_HuseinHadjiev

Болат құюшылар Литошко мен Назарбаев, оларды Днепродзержинск достастырды.

Исламбек:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды.

Ару:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран  бекітілді.

Елтаңба  авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

 Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

Гүлдана:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

 Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

Ертарғын:

1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

  «Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:

“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

                                                         Ермек Өтетілеуұлы.

Гулхан:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді. Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

Зарина:  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды. Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның  солтүстік бөлігінде  орналасқан.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жанарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

 Ән: “Астана” (әні: Ж. Маханбетова сөзі: Б. Әлімжан)  орынд: Салахият Ә. Сисенбаев И.

Айару:2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

 Әнұраным –жан  ұраным

 Айтар әнім, сөйлер сөзім

 Туған жерім сағынарым

 Бақыт-бірлік күн талабы.

 Тоқтамайды дабыр әні

 Мәңгі бақи шырқалады

 Республикам Әнұраны!

Егемен елім әнұраны жанарды,

 “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. 

Ару:«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Айкөркем:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Ботакөз:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Слайд көрсету

 «Жалғастыр» ойынын ойнайық.

1. Отан –оттан да  … / ыстық/

2. Отансыз адам,

    Ормансыз  ...  / бұлбұл/

3.Кітап  білім … / бұлағы/

4.Оқу   ....   құдық  қазғандай /инемен/

5. Өнер алды-......../қызыл тіл/

«Әр қалыпты жазу» стратегиясы:  2 топ «Мен Президент болсам...» жоба қорғау. «Үш қоңыр»  әні орындалып тұрады. (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

                                     

 

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Мұғалім сөзі: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

 

ІV Үйге тапсырма:Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолынан деректер жинап келу, Елбасына арнап өлең шығару.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110099

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар