Тарбие сагаты Ахмет Байтурсынов

26 ақпан 2014 - Самал Сабитовна

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

2012-2013 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Уақыты: 22.10.2012 жыл

Тақырыбы: «Дәуірдің жарық жұлдызы»

Мақсаты: қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері – Ахмет

                 Байтұрсынұлының тілді түрлеген ғалымдығын, қысқа ғұмырын халқына

                 арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, оның шығармаларын

                сүйсініп оқуға тәрбиелеу.

Түрі: топтық

Әдісі: сыни тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: А.Байтұрсынұлының портреті, комьпютер, топтастырулар, «Қырық мысал» кітабы, Тарихи тұлғалар туралы кітап.

Барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

    Психологиялық дайындық. «Атом және молекула»

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.   

Қазақтың салт-дәстүрлері туралы не білеміз?

Овал: Салт-дәстүрлер

 

 

 

 

 

ІІІ. Мағынаны тану

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынсұлының рухы мен бізге қалдырған ұлы мұрасына арналған. Ахмет Байтұрсынұлы-дарабоз  дарын иесі, бір басында асыл қасиеттері тоғысқан ұлы тұлға.Өткенсіз бүгін жоқ. Саналы ұрпаққа тарихты білмеу ұят. Өткеннен беймағлұм елдің келешегі күңгірт. Болашағы нұрлы елдің ертеңі-сендерсіңдер. Ендеше бабалар рухына бас иіп, келешекті болжап, ғасырлар көшіне жіті көз салыңдар. Сонда ғана елім деген ұрпақ қалыптасады. Ахмет Байтұрсынұлының тағдыры-қиын, бірақ кісі қызығарлықтай. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамзатқа өнеге боларлық ғұмыр.

1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірін компьютерден тыңдату.

2. Өмірбаян беттерінен:

Әділет:-А.Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде дүниеге келген.

-1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орыс тіліндегі училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте білім алады.

Гүлхан:-1895 жылдан Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы өңірлерінде бала оқытып, елі үшін күреске араласа бастайды.

-1905 жылы 26-маусымда Ахмет Байтұрсынұлы және қазақтың біраз оқығандары Қоянды жәрменкесінде бас қосып, Петербордағы кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция(арыз-тілек) жіберді.

Айкөркем:-1909 жылы шілде айында патша үкіметі тыңшыларының жаласымен абақтыға алынып, сотсыз, үкімсіз сегіз ай бойы қамауда жатты. Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, 1910 жылы наурыз айында Орынбор қаласына келеді.

Ару:-1909 жылы Петербургте «Қырық мысал», 1911 жылы Орынборда, 1926 жылы Ташкентте «Әдебиет танытқыш» кітаптары басылып шықты.

-1913-1918 жылдары А.Байтұрсынұлы Орынборда шағын «Қазақ» газетінің редакторы болды.

-1918-1919 жылдың басында- Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қозғалысының алғы шебінде жүрді.

Исламбек:-1919 жылдың наурыз айында бұрынғңы ұлт зиялыларының көптеген өкілдерін өзімен бірге алып қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитетінің мүшесі, Республика Оқу-ағарту халық комиссары, Бүкілхалықтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болып қызмет атқарды.

Ботакөз:-1929-1934 жылдарда Архангельск облысында айдауда болып, Е.Пешкованың көмегімен босатылып, Алматыға оралды

1937 жылы 8 қазанда қайтадан тұтқынға  алынып, репрессия құрбаны болды.

Айару:Ахмет Байтұрсынұлын толық ақтау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қаулысы 1988 жылы 4 қарашада шықты.

А.Байтұрсынұлын түрмеге жапқаннан кейін оның отбасы, ағайын-туғандары, тіпті атын атағандар түрмеге жабылып еліне қайта оралмады. Мұндай қуғын-сүргін бүкіл қазақ даласын жайлағаны белгілі.

Гүлдана:Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

                Көлі жоқ, көгалы жоқ, қорға шықтым.

                Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

                Көңілін көтеруге құл халықтың,-деп халқының болашағын болжап, көзін ашып көкірегін оятуға күш салған. Білім нәрін сеуіп, оқу-ғылым жолын бағыттаған ұлы ағартушы-педагог, әдіскер-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ширек ғасырға жуық ғұмыры ұстаздыққа, бала оқытуға арналған.

Ертарғын:Ахмет Байтұрсынұлы ашқанг қазақ мектебі, ол түрлеген ана тілі ол салған әдебиетіміздегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газеті, «Оқу құралы», «Әліппе кітабы», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» сияқты еңбектері қазақ баласының өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты болып табылады.

-Енді кезекті Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса» жинақтарындағы мысалдарға кезек береміз.Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруға қызмет еткен бұл шығармалар орыстың жазушысы Крыловтан жасалған таза аударма емес, автордың төлтума туындысы деп айтсақ дұрыс болар.

«Аққу шортан һәм шаян» оқитын Исламбек

«Егіннің бастары» оқитын Ару

«Өгіз бен бақа» оқитын Әділет

«Оқуға шақыру» оқитын Зарина

ІV. Ой толғау. «Менің қойын дәптерім» Сабаққа дейін басымнан не өтті?

 Ахмет Байтұрсынұлына топтастыру құру.



Блок-схема: узел: Ахмет Байтұрсынұлы                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақын

Көрнекті ғалым

Түркітанушы

Көсемсөзші

Педагог

Аудармашы

Қоғам қайраткер

Ағартушы ұстаз

Қазақ ұлттық мектебінің іргетасын қалаушы

Қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарының  авторы

Қазақ баспасөзінің негізін салушы

V.Үйге тапсырма Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін тауып жаттап келу.

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068783

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru