Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру

22 ақпан 2015 - Акслу Жеткеровна

Сабақтыңтақырыбы: Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру(есептемей салыстыр).

Сабақтың мақсаты :1.Білімділік: мәндерін есептемей-ақ әріпті және санды өрнектерді салыстыруды үйрету.Оқушылардың алған білімдерін есеп шығару барысында тексеру.Амал компоненттерінің бірінің өзгеруіне байланысты қосынды мен айырманын мәні өзгеретінін еске түсіру.

2.Дамытушылық:оқушылардың ақыл- ойын, ой-өрісін,танымдыққабілетіндамыту.

3.Тәрбиелік: оқушылардың өз ойын, толық дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа тәрбелеу. Достық қарым- қатынас,ұжымдық іс-әрекет тәбиесін беру.

Сабақтың әдісі: талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1-слайд.

Оқушылардың сабаққа әзірлігі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

2-слайд

Өткенді қайталау. Сұрақ-жауап

«Білім көзі- кітапта демекші».Кітаптың әр бетін аша отырып, тапсырмаларды орындаймыз.

-50 санында қанша ондық бар?

50=5 ондық 2 ондық=20

9 ондық=90 10 =1 ондық

80=8 ондық

-10,20,30,40,50,60,70,80,90,100 ондықтармен тура сана;

ондықтармен кері санау 100,90,80,70,60,50,40,30,20,10;

1дм= 10см

-50+30 (санды өрнек) айырмашылығы

-в+30 (әріпті өрнек)

-Санды өрнектің-мәнін бірден табуға болады.

-Әріпті өрнектің-мәні бірден табылмайды, әріптің орнына сан ойлап табамыз.

-Өте жақсы! Тапсырмаларды орындап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтадық.

ІІІ. Жаңа сабақ

3-слайд. Кітаппен жұмыс.

-Кітабымыздағы №1 есепті қараймыз”Кел, ойнайық” ойыны арқылы есепті шығарамыз. Ол үшін 1-қатар қосудың компоненттерін атайды.Қосындының мәнін табады.

2-қатар айырманың мәнін тауып, компоненттерін атайды.

3-қатар айырманын мәнін табады.

ІV.Дәптермен жұмыс.

1(ауызша)Теңдіктер, теңсіздіктер құру.

а+70 = 70+а

а+70 > 70-а а-0 > 70-а

№2 4-слайд.Салыстыру.

а < а+30 в > в-30

с+30 = 30+с 50-с < 10(таңдау әдісімен шығару, мысалы с=10,,50,40)50-10>10, 50-50<10, 50-40=10(түсіндіріп айтып шығару)

V. Сергіту сәті. 5-слайд. «Көңілді сайқымазақтар» Сайқымазақтардың қимылына қарап балалар би билейді.

6-слайд.”Кім көп біледі”

№3 есептемей салыстыр.

40+30 < 50+40 a+30<50+a

70+30>70-30 d+30>d-30

80-40<80-10d-40 <d-10< p=""></d-10<>

70-20>70-30 70-c<30-c

7-слайд.Айгерімге көмек.

№4 Есепті шығар.

Анам 40 қызанақ көшетін және одан 20-сы артық қияр көшетін отырғызды.Анам қанша қияр көшетін отырғызды?(есеп талданып,қызанақ пен қияр көкөніс екені, пайдасы туралы да айтылып өтіледі)

Қысқаша шарты жазылады.

Қызанақ-40 көшет

Қияр-?,20 көшет артық↑

Ш:40+20= 60(көшет)

Ж: анам 60 қияр көшетін отырғызды.

-Өте жақсы! Айгерім есеп шығаруға көмектескендеріңе рахмет айтуда.

VI.Қорытынды.

8-слайд.«Ойлан тап»

1. Мен бір сан ойладым, оған 50-ді қосқанда,90 шықты.Мен қандай сан ойладым?(40)

2.Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда,80 шықты.Мен қандай сан ойладым?(50)

3.Мен бір сан ойладым.Одан 20-ны азайтқанда 40 шықты.Мен қандай сан ойладым?(60)

VII. Бағалау. Оқушылар бағаланады.

VIII.Үйге тапсырма: №5,180-бет.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130141

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар