ЧЕХИЯДА «БЕСТІК» – НАШАР БАҒА

14 ақпан 2015 - Бекжігіт Сердәлі
ЧЕХИЯДА «БЕСТІК» – НАШАР БАҒА

Карлов университеті Орта және Шығыс Еуропадағы ең байырғы университеттердің бірі болып есептелетін Чехияның басты оқу орны Оксфорд, Сорбон, Болон, Женева университеттерімен бірқатар Еуропаның ең танымал жоғары оқу орындарының қауымдастығына мүше. Мұнда әлемнің ең таңдаулы профессорлары дәріс оқиды. Сабақ чех және ағылшын тілдерінде жүреді.

Карлов университетінің негізі 1348 жылы 7 сәуірде чех және рим императоры Карл ІV-нің жарлығымен қаланған. Петербор үшін Петр І-шінің абыройы қандай болса, Прага үшін Карл ІV де сондай құрметке ие. ХІХ ғасырға дейін Прага қаласы Австрия-Венгрия құрамында болғандықтан дәрістер тек неміс тілінде жүрді. 1839 жылы университет екі салаға – чех және неміс тілдерінде оқыту бағыттарына көшті. Неміс басқыншылары Чехословакияны басып алған соң 1939 жылы Чех университеті толығымен жабылып, студенттер мен профессорлар концлагерлерге қамалды. 1945 жылы оқу орны Карлов университеті болып қайта ашылды. Орта ғасырдың өзінде-ақ білімгерлердің екі бағытта: магистратура және бакалавриат дәрежесінде дайындалғандығын айта кетуіміз керек (ерекшелену үшін магистрлер – қызыл, ал бакалаврлар – ақ плащ пен қалпақ, қолғап киіп жүрді).

Бүгінгі таңда 650 жылдан астам тарихы бар университетте әлемнің әр түкпірінен 47 мың студент білім алуда. Олардың ішінде қазақ жастары да бар. Жоғары оқу орнында 3 теология (католик, евангелист, гусит), 6 медицина, физика-математика, заң, философия және өнер, педагогика, әлеуметтік ғылымдар, табиғаттану, дене тәрбиесі және спорт, гуманитарлық ғылымдар факультеттері, 5 институт бар. Славистика ғылымының негізін қалаушы Йосеф Добровский, танымал физик Никола Тесла, Чехословакияның тұңғыш және одан кейінгі президенттері Томаш Гарриг Масарик пен Эдвард Бенеш, жазушы Франс Кафка, Нобель сыйлығының лауреаттары химик Ярослав Гейровский, биохимиктер Карл және Герти Кори осы университет түлектері.

Шынында да, Чехия халқы 10 миллионнан сәл-ақ асады. Этникалық құрамы – чехтар 95%-ға жуық, словактар 3%, қалған ұлт өкілдері 2%-ды құрайды. Мемлекеттік тілі – чех тілі. Чех грамматикасының 30%-ы орыс тілдік қолданыстарымен түбірлес. Осыдан 15 жыл бұрын орта мектептерде орыс тілі міндеттеп оқытылатын болса, қазір оның орнын ағылшын тілі басқан. Мұнымен қабат бастауыш мектептерде (Чехияда бастауыш және орта білім екі бөлек, екі мектепте) оқушының қалауына қарай неміс, поляк, испан тілдері де оқытылады. Мектептердегі оқушылар саны 400-ден аспайды. Бастауыш мектептер жанында міндетті түрде балабақшаның болуы қарастырылған. Білім беру саласын негізінен Еуроодақ қаржыландырады. Сондықтан мұндағы жиһаздар мен құрал-жабдықтар қазіргі талапқа сай. 1-2 сыныпта сабақ 8.00-де басталса, 3-4 сыныпта 8-ден 15 минөт өткен соң ғана басталады. Себебі, ағасы інісін немесе апасы сіңлісін сыныпқа жетектеп енгізіп, өз сабағына кешігіп қалмауы қарастырылған.

Чехия білімді тест көрсеткішімен бағалаудың қай түрінен де бас тартқан мемлекет. Емтихан дәстүрлі ауызша-жазбаша түрде алынады. Бағалау жүйесі кредиттік әріптік бағалауға негізделген. Ең жақсы баға «1», нашар баға «5».

Авторы: Бекжігіт Сердәлі

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаХалықаралық TIMSS зерттеулер аясында бастауыш сыныптың математика пәнінен ашық және жабық тест түрлерін құрастырудың тиімді жолдары

БаяндамаМағжанның бастауыш мектепте оқыту ісіне қосқан үлесі

Ұстаздарға"Топтық жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147852

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар