Ш дыбысы мен әрпі

 

02.10.2014

Сабақтың тақырыбы:   Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Ш дыбысы әрпімен таныстыру. Буындап оқуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету, оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру

2.Есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту. Сөздік қорын байыту.

3.Алғырлыққа, ұқыптылыққа,  тәрбиелеу, Салауатты өмір салтына баулу..

Сабақтың түрі:  жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын,  шар, шағала, шаян, шортан, шана суреттері, ЭО

Сабақта пайдаланылатын әдіс-түрі:сөздік /әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ–жауап/, көрнекі, талдау, жинақтау, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, проблемалық–ізденіс әдісі, ойын

Пәнаралық байланыс:  дене шынықтыру, дүниетану

                                  

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру:Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Ой қозғау:  Жұмбақ шешу:  а)  Ол өсіп әуре, ел кесіп әре.                             (ШАШ)

                                                ә)  Қызыл, жасыл домалақ, әуеде ұшар домалап.  (ШАР)

                                                б) Тікен тікен тік пісте, қысы жазы бір түсте.     (ШЫРША)

Осы сөздердегі бірінші дыбысты атайықшы, Ш Ш Ш  дыбысының артикуляциясын меңгерту.          в)  Ш әрпін айтсақ жасырмай,

                                Үш  аша айыр басындай.         (Ш)

Шар сөзіне талдау жасау. Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.  Сөздерді буынға бөлу.  Шор-тан,  ша-ян,  ша-ға-ла

 

Электронды оқулықпен жұмыс

ІҮ. Жаңа білімді тексеру:

Ш дыбысына қатысты сөз ойлату.  Сөйлем құрату.  Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады? Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

 

 Сергіту сәті

«Ұшты, ұшты» ойыны

Ұшты, ұшты  шар ұшты,  ұшты, ұшты қар ұшты

Ұшты, ұшты шағала ұшты, ұшты, ұшты балға ұшты.

Ұшты, ұшты шаян ұшты, ұшты, ұшты қоян ұшты,

Ұшты, ұшты қаршыға ұшты, ұшты, ұшты шортан ұшты т.с.с.

 

Ү. Білімді бекіту.

Дәптермен жұмыс:  Ш әрпін алдымен ауада, тақтада, дәптерде жазып үйрену.  

Тақтамен жұмыс:    Ша, шар,  Шара,  шана,

ҮІ.Сабақты қорытындылау:

Әріпті жұмбақ    Шашта бар, баста жоқ,

                             Шарда бар, қарда жоқ            (Ш әрпі)

  Біз қандай әріпті  танып, білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма.  48-бет  оқу

Бағалау  Белсенді қатысып отырған оқушыны мадақтап, бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083502

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар