Шығармашылық жұмыс "Қар"

6 қараша 2015 - Кунанбаева Жанар

Қыс мезгілі басталысымен қар жауатын күнді күттім. Балалармен далада ойнап жүріп, қар деген не, оның құрамы қандай, қандай түрлері бар және оның пайдасы қандай деген сұрақтар мені мазалады. Содан бастап қарды зерттеуге кірістім.

Зерттеу объектісі: қар

Зерттеу пәні: физикалық қасиеті.

Менің жұмысымның мақсаты: қарды зерттеу,қар деген не, оның құрамы қандай, қардың қандай түрлері бар екенін білу

Бұл мақсатым орындалу үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

    vҚар дегеніміз не екенін білу.

    vҚар құрамын білу.

    vҚар түйіршіктерініңформаларын білу

    vҚар тазалығын анықтау

Зерттеу әдістері:

    vСыныптас оқушылардан сауалнама алу

    vОсы тақырып бойынша табиғаттану оқулықтарын оқу.

    vИнтернет желілеріндегі ақпараттарды пайдалану.

    vБақылау тәжірибелерін жасау.

    vАлынған нәтижелерді салыстыру бойынша қорытынды жасау.

Ең алдымен 2 «А» сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім.

    1.Қар дегеніміз не?

    2.Қар не үшін керек?

    3.Қар құрамы қандайдеп ойлайсың?

    4.Қардың қандай түрлерін білесің?

    Оқушылардан алған сауалнама қорытындысы мынадай:

    1.Қар дегеніміз не? Деген сұраққа төмендегідей пайыз жауап алынды.

    (Қатқан су деп оқушылардың 54 пайызы, 20 пайызы су, 6 пайызы бұлт, 12 пайызы мұз, 8 пайызы білмеймін деп жауап берді.)

    2. Қар құрамы қандай деп ойлайсың?

    (Балалардың 23 пайызы ақ түсті десе, 37 пайызы қардың суық екенін, 15 пайызы иіссіз, 8 пайызы жеңіл, 12 пайызы жұмсақ, 5 пайызы тез ериді деп жазған.)

,

3. Қар не ұшін керек? Балалар мынадай жауап жазған: қармен ойнау үшін -23%, сырғанау – 37%, аққала жасау – 27%, қыс болу үшін –8%, өсімдіктер тоңбау үшін- 5% деп жауап жазған.

    5.Қардың қандай түрлерін білесің? Сұрағына ұлпа қар деп 12%, суық қар деп -17%, ақша қар деп -25, таза қар деп — 8, омбы қар деп – 22, білмеймін деп -16 оқушы жауап берген.

    Сонымен қар дегеніміз — атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буыныңсублимациясынәтижесіндеөтешағын (0,1 — 0,2 мм) кристалдарүлкейіп қар жұлдызшаларынаайналады. Атмосферадағытурбуленттікқозғалыстыңсалдарынанауадағықардыңжекежұлдызшалары бір-біріменұйысабірігеді, яғнижергежапалаққар(диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа темпетурасы 0°С-тан төмендегендебұлттарданжауады. Қоңыр-жайендіктерденбастапсолтүстіктіңжәнеоңтүстіктіңжоғарыендіктерінеқарайжайласқанаймақтардақардыңкөптүсуіненЖердіңқаржамылғысыпайдаболады. Қазақстанаймағындақарқазан-қарашаайларынанбастаптүседі.

Назарларыңызға қар туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

·Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір-біріне ұқсасқарды таппаған.

·Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан да оның құлау жылдамдығы өте аз болып келеді (0,9 кмсағ).

·Қар түсінің ақ болуы себебі ауаның көптігіне байланысты.

  • Тарихта өзге де түсті қар жауған кездер болған. Мәселен, 1969 жылы Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында Швейцарияда қара қар, ал 1955 жылы Калифорнияда жасыл қар жауған.
  • Антарктиданың биік тауларында алқызыл, күлгін, қызыл, сары түсті қарлар кездеседі.
  • Қарды суға салғанда біртүрлі қызық дыбыс шығарады. Ғаымдар бұл дыбыстың балықтарға ұнамайтындығын айтады. Су мекендеушілерісуғатүскенқарданқашатынкөрінеді.
  • Қыстыгүніқаркүнсәулесінің 90 пайызын қайтарыптастайды да, жергеқыздырынуғамүмкіндікбермейді.
  • Әлемдегі еңалыпқар 1987 жылы 28 қаңтаркүні АҚШ-тантабылды. Оныңдиаметрі 38 см-гежеткен.
  • Қардың сықырын -2 температурадааяқпен басу арқылыестугеболады.
  • Жерпланетасыныңжартысынажуықелдеріқардыөмірлеріндекөрмеген.

Қардың құрамын білу үшін зерттеу жұмысын жасадым

    1-тәжірибе

    Жасыл қағазға қарды салып, қолыммен ұстадым, анықтап қарадым, иіскедім, сосын таяқпен араластырдым. Мынадай қорытынды жасадым: қар ақ түсті, суық, иіссіз, жеңіл, тез ериді, жұмсақ.

    2-тәжірибе

Даладан қар алып келіп ыдысқа салып қойдым. 40 минут өткенннен кейін, қар ерігенін көріп, оны таза ыдыстағы сумен салыстырып қарадым, оны 4 қабат дәкеден сүзіп өткіздім. Мынадай қорытынды жасадым: еріген қарсуының бетінде май, тіпті жүн қалдықтары болды. Бұл қалдықтар иттердің, мысықтардың жүндерінің қалдықтары деп ойлаймын. Сондықтан қарды ауызға салуға, жеуге болмайды.

    3-тәжірибе

    Даладан қар әкеліп, мөлдір ыдысқа салдым. Қар мөлшерін өлшеп белгіледім де бөлме температурасында қойдым. 1 сағат өткен соң қарағанда ,қардың су болып ерігенін және еріген су мөлшерінің аз екенін байқадым. Мынадай қорытынды жасадым: жылы температурада қар тез ериді және кәдімгі суық суға айналады.

    4-тәжірибе

    Даладағы қар астындағы өсімдіктерді бақыладым. Даладағы жер ақ көрпе жамылғандай аяздан өсімдіктерді қорғайды жердің жылуын сақтап өсімдіктерді үсуден сақтайды.Мынадай қорытынды жасадым: егер қыста аязда қар аз болса немесе болмаса, жер тереңірек суықтап, өсімдіктер үсиді.

Микроскоппен қар түйіршіктерінің бірнеше формаларын көрдім.

Оларды қағаздан және бисерден жасап көрдім.

Қар түйіршіктерінің формасын білу.Арнайы халықаралық классификацияда қар түйіршіктерін оншақты топқа біріктірген: жұлдызшалы, пластинкалы, бағаналы, ине тәрізді және басқа.Қар түйіршіктерінің өлшемі кішкентай нүктеден 7 мм –ге дейін болады.қанАяз бетті қаритын болса, қар ызғары табаннан өтіп, бойды шымырлатады. Дегенмен, қысқы табиғи құбылыстардың ішінде қарға берілген бейнелі этипеттерді жинақтай келгенде, нәзіктік, мамық, сүйкімділік сияқты эстетикалық танымның жоғары болғанын байқадық. Расында да, қар – табиғаттың әсем жаратылысы. Халық түсінігінде қар жауса ауа тазарып, ауру-сырқау жойылып, жердің құнарлан-уына ықпал болатынын дәйектейтін деректер көп-ақ. Сондықтан қар халық танымында тазалық, пәктік, нәзіктік нысаны ретінде бейнеленген. Қар түрлеріне тоқталатын болсақ ақпарат көздерінен мына бір қар түрлерін оқыдым.

Ақ қар. Жаңа жауған тап-таза қар.

Ақша қар. Жаңа жауған ұлпа қар.

Ала қанат қар. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, бір жерде жұқа, бір жерде қалың қар.

Жапалақ қар. Түйіршіктері ірі-ірі қар.

Көбік қар. Жаңа жауған құрғақ, үлпілдек жұмсақ қар.

Күпсек қар. Қалың жауған ұлпа қар.

Үлпілдек қар. Өте жұмсақ, үлбіреген жаңа жауған қар.

Жылбысқа қар. Ери жауған қар.

Күртік қар. Нығыздалған, соқталанған қар; қар үйіндісі.

Омбы қар. Белуарға дейін қалың түскен күртік қар.

Қасат қар. Ұзақ жатқан, қатып қалған қалың қар.

Қиыршық қар. Жентектелген түйіршік қар.

Қырбақ қар. Жұқа жауған қар.

Қырбық қар. Ұшқындап жауған жұқа қар.

Сонар қар. Алғаш жауған қар.

Ұлпа қар. Жаңа жауған жұмсақ қар.

Үрме қар. Жел үрлеп тығыздап тастаған қар.

Үлпек қар. Жеңіл, ұлпа қар.

Кебіс басы қар. Шұлықтан аса жауған, тобыққа таяу, кебіс батарлық қар қалыңды-ғын нақтылайтын халықтық өлшем.

Еспе қар. Ақпа, сусымалы, бос, борпылдақ қар.

Сіреу қар. Тізеден келер тұтас қар.

Мамық қар. Жұмсақ үлбіреген қар.

Мұздақ қар. Үстінде мұз торланған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар…

Сүрі қар. Ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалың-даған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.

Сонымен қар туралы мынадай қорытындыға келдім:

    1.Қар дегеніміз –өте көп әдемі қар түйіршіктерінен тұрады.Олар жоғарыдан, аспаннан жерге, ағаштарға, шатырларға жауады. Жаңа жауған қар таза, мамық, жұмсақ, жылтырайды.Қар жаңбыр сияқты бұлттан жауады.

    2.Қар – табиғаттың әсем жаратылысы, қар түйіршіктерінің мыңдаған формаларын бар.

    3.Даладағы жер ақ көрпе жамылғандай. Қар аяздан өсімдіктерді қорғайды жердің жылуын сақтап өсімдіктерді үсуден сақтайды.

    4.Еріген қарсуының бетінде май, тіпті жүн қалдықтары болды. Сондықтан қарды ауызға салуға, жеуге болмайды.

Жалпы қар дегеніміз сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі іспеттес, қар туралы мына жыр жолдарын оқуға рұқсат етіңіздер.

«Танысайық мен аппақ қар боламын.»

Ақ пен қара өмірдің қос жолағын

Аппақтүскебоямақшыболамын.

Ішімдегісыймағансоңзорағын

Қарғаайналыпқаражергеқонамын.

Танысалық, мен аппаққарболамын.

Ренжітпеңдерертегіеліқонағын.

Рас, талайжүректердітонадым…

Ызғарымнанкейдеөзім де тоңамын.

Елестеткенсіріңкеніңқорабын

Тар кеңседетереземненқарадым.

Тыңдайсың ба, айтып берем қарәнін

Қалауымдытапсаң мен де жанамын.

Менен таза бола алады ар ғана,

Қарданасыптуар, бәлкім, қарғана.

Жанарыңдыкөлегейлепқорғама

Кірпігіңдекідіртегөрсәлғана.

Қолшатырларшықтымінешеруге.

Шықты, бәлкім, қыскелгенінкөруге.

Рұқсатбершіерніңекеперуге,

Рұқсатбершішыққаайналыпөлуге,

Аққармын мен деген…

Осыған ұқсас жазбалар:

ҚұжатнамаӘдебиет сабағында сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану

Мектеп жоспарыМектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістін қажеттігін негіздеу

ҰстаздарғаҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді

Ұстаздарға«Сәлем, саған мектебім Сәлем, білім ордасы»

ҰстаздарғаМектеп, ұстаз туралы әндер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103553

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар