Үй жануарлары мен үй құстары

8 қаңтар 2016 - Айгүл Шатанова

Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.

Мақсаттары:

1.     Үй жануарларын мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.     Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.

3.     Еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекілігі:  Үй жануарлары мен төлдері және үй құстардың суреттері, бетперделері, интерактивті тақта, үлестірмелі материал.

Әдіс-тәсілдері: сахналау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:  жапсыру, тіл дамыту.

Барысы:

1.     Психологиялық дайындық:

Күннің көзі ашылып,

Көктен шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кінеки, бәріміз

Сәлемдесіп үлкенге,

Сәлеметсіздер ма?

2.     Қызығушылықтарын ояту.

-         Балалар, мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішінде жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстар сандықтан босатылады. (жұмбақтар жасыру)

-         Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

-         Олар қайда мекендейді?

-         Оларға кім қарайды?

-         Олар немен қоректенеді?

-         Егер орман, далаға қоя берсек, олар өмір сүре ала ма? Неге?

-         Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Үй жануарлары мен құстары». Осы үй жануарлары мен құстар туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы.

Шұбар тауық мүлдем,

Жолатпайды барса.

Ұясында жүрген,

Балапаны қанша.

Балапанын тауық,

Қызғанады жаман.

Қанатымен жауып,

Санатпайды маған.

Жақын түгіл маңайды,

Оятудан талмайды.

Төбелеске келгенде,

Алдына жан салмайды.

Шығып ауыл шетіне,

Жайылады бетімен.

Қызықтырар ол бізді,

Жұмыртқа мен етімен.

Қауіп – қатер жоқ алда,

Малту керек оған да.

Жұмыртқадан шыға сап,

Жүгіреді тоғанға.

Демейді жаз, күз еді,

Балдыр, жалбыз үзеді.

Сол жүзгеннен сол үйрек,

Мұз қатқанша жүзеді.

 

-         Ойын «Төлдерін тап»

Сергіту сәті.

Тіктеп  титтей  құлағын,  ботам  былай  жүреді,

Сыртылдатып  тұяғын,  бұзау  оған  ереді.

Алға  созып  мойнын, ойнақтайды  ботақан,

Көкке  қарай  мұрынын  шүйіреді  бұзауқан.

«Төлдер айтысы» ертегіні сахналау.

-         Малдың адамға қандай пайда тигізетіні туралы әңгімелесейік.

-         Үй жануарларына байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Ойын «Дауысынан таны».

      Аудиобаспадан тыңдатып, жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату.

Қорытынды:

 

-         Үй  жануарларын  атайықшы.

-         Қандай  үй  құстарын  білесіңдер?

-         Үй  жануарлары  мен  үй  құстарының  қандай  пайдасы  бар?

-         Оларды  неге  үй  жануарлары  немесе  үй   құстары  деп  атаймыз?

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148580

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 20 қаңтар 2016 в 19:45 0
Табиғаттың құрамдас бөліктері- өсімдіктер мен жануарлар.Оларды қорғау керек, себебі табиғатты тазартушы және қорек есебінде пайдасы зор, тәрбиелілігі маңызды.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар