Қазақстандық оқушы математикадан бүкілресейлік байқаудың жүлдегері атанды

4 ақпан 2014 - Админ
Қазақстандық оқушы математикадан бүкілресейлік байқаудың жүлдегері атанды

Мектеп оқушысы Әділсұлтан Лепес математикадан бүкілресейлік байқауда үздіктер қатарынан көрінген.

Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының 17 жастағы оқушысы «Юниор» деп аталатын мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстары байқауында бірінші дәрежелі дипломға қол жеткізген.

 

Дарындылар сайысы 1-2 ақпан аралығында Мәскеуде ұйымдастырылған, деп жазады tengrinews.kz.

"Әділсұлтан екеуіміз байқаудан үлкен тәжірибе жинадық. Жобаны ұсынудағы ерекшеліктерді түсіндік. Жазбаша Олимпиадаға дайындықтың өзгеше болатынына көз жеткіздік. Бұл жеңісіміз ел ғылымы дамуында маңызды қадам деп санаймын", — деді ғылыми жетекші Ибрагим Ибатулин.

Сондай-ақ, жетекші Әділсұлтанның жобасы арқылы математика саласында Ресейдің ақтық іріктеуіне жетіп, жүлдеге ие бола алатынын дәлелдегенін жеткізді. Ол шәкіртін жеңісімен шын жүректен құттықтап қойды.

Байқау жаратылыстану ғылымы мен техникалық бағыттағы білім шеңберінде бес бөлім бойынша өткізілген. Сайыс математика, физика, астрономия, информатика, биология және экология, химия саласында болды.

Ал байқаудың әділ қазылар құрамына алдыңғы қатарлы Ресей ЖОО-мен Ресей ғылыми академиясының бірқатар институттарының өкілдері енген.

«Мен математикадан бірнеше халықаралық жарыстарда Қазақстанның атынан шықтым. Бірақ, әрдайым қобалжып тұрамын», — дейді Әділсұлтан.

17 жасар дарын ғылыми жұмысын 2013 жылдың қаңтарынан бастағанын да айта кетті.

Дарынды оқушы желтоқсан айында Мәскеуде өткен оқушылардың математика конференциясында жоғары көрсеткішке жеткенін, ал мына байқауға қатысуы – асқақ армандарыма жетудегі кішкентай қадам ғана екенін баяндады.

Айта кетейік, 2013 жылдың он бесінші қаңтарында жас дарын Мәскеуде оқушылар арасындағы математика конференциясында оқу зерттеу номинациясы бойынша Гран-при жеңіп алған болатын.

Әділсұлтан онан алдын Болгария елінің математика институтында өткен семинарда өзіндік жұмысын ұсынып, мақаласы Mathematical Excalibur Гонконг журналында жарыққа шыққан.

Дереккөз

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаҚазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспарлары

Ел және шетел жаңалықтарыМемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі

БастауышКіші мектеп жасындағы оқушылардың математика сабағында танымдық қызығушылығын арттыру жолдары

ҰстаздарғаҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді

ГеографияҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ МАҢЫЗЫ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148596

Пікірлер (1)
infust # 19 сәуір 2015 в 14:48 0
жақсы хабар. http://www.infos.kz/

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар