"Ғаламшар зеректері – 2014" байқауынан Талдықорғандық жеткіншектер олжалы оралды

28 қаңтар 2014 - Админ
"Ғаламшар зеректері – 2014" байқауынан Талдықорғандық жеткіншектер олжалы оралды

 «Талдықорғандық оқушылар Мәскеуде өткен «Ғаламшар зеректері – 2014» халықаралық олимпиадасынан олжалы оралды», – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасы.

    Халықаралық додада намысты қолдан бермей, ел абыройы үшін «күрескен» жас білімдарлар Мұхтар Арын атындағы «Экономика және бизнес» мамандандырылған лицейінің оқушылары. Қазақстандық өрендер асқан зеректігімен көзге түсіп, нәтижесінде Эстония, Украина, Беларусь мемлекеттерінен қатысқан қарсыластарын басып озды. Осылайша халықаралық жарыстың жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға тұрақтады. Айта кетерлігі, халықаралық біріншілікке Қазақстаннан екі бірдей команда аттанған болатын. Бірі талдықорғандық өрендер болса, екінші топ Қарағанды қаласының оқушылары.

Бүгін жүлдегер жеткіншектерді Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов арнайы қабылдап, оларға сыйлықтар ұсынды. Ал кездесу соңынан лицей директоры Мария Галиева қала әкімі мен қалалық білім бөлімінің басшысына Олимпиада ұйымдастырушыларының арнайы дипломдарын табыстады.

 

 

Айналайын порталы

Осыған ұқсас жазбалар:

ЖаңалықтарҚытайлық қандастарымыз "Күміс көмей" атты ән байқауын ұйымдастырды

Білім жаңалықтары«Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауы өтеді

ЖаңалықтарҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148640

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар