Қытайдың төл жаңа жылы бүгін түнде кіреді

31 қаңтар 2014 - Админ
Қытайдың төл жаңа жылы бүгін түнде кіреді

 Бүгін түнде қытайдың ескіше күнтізбесіне сай жаңа жыл кірмек, бұл күн Қытайда 3 күн бойы тойланады, әрі барлық мекемелер бір аптаға демалысқа шығады, дәстүр бойынша сыртта жұмыс істейтін отбасы мүшелері бұл күні қарашаңырақта бас қосуға тырысады, сол себептен алдағы бірнеше күнде Қытайдың көліктік тасымал саласы алапат қарбаластыққа түсіп барлық бағыттарда билет тапшы болады, олар үшін бұл күні отбасына оралып бас қосудың маңызы ерекше. ең қызығы көптеген қытайлар осы мерекеде ғана ұннан тамақ жасап жейді, басқа уақытта көбінесе күріш тұтынады, бұл ертеректе олардың көпшілігінің жерлері бидай өсіруге ыңғайсыз болып ұнды таңсық ас ретінде көргендіктен болар. 

Барлық арналар 3 күн бойы жаңа жылды жырлайды, әндейді, билетеді, барлық нәрселер ұлттық нақышта бейнеленеді, әр үй босағаларына тілек, құттықтау сөздер жазып іледі, ал енді Қытай жаңа жылына байланысты суреттерге кезек берейік.

 

Жаңа жылмен құттықтау:  «Жаңа жыл құтты болсын, байлық пен достық тілеймін» деп жазылған

 

Ұлттық нақышпен жаңа жылға арнап безендірілген алып барабан.

 

Босағаға ілетін «Босағалықтардың» үлгілері

 

Жаңа жыл кезінде безендірілген қала көшелері

 

Мерекелік сахнаның безендірілуі

 

Терезесіне құттықтау сөз жапсырып тұрған бала

 

Мерекеге ұлттық киіммен шыққан кішкентай қытай қызы

 

Мерекелік нақышпен бейнеленген мекемелер

 

Қытайлардың осы мерекедегі негізгі тағамы кәдімгі «Шөшіре»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130057

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар