Қытайлық қандастарымыз "Күміс көмей" атты ән байқауын ұйымдастырды

3 ақпан 2014 - Админ
Қытайлық қандастарымыз "Күміс көмей" атты ән байқауын ұйымдастырды

 2013 жылдың күзінен басталған "Қазақстан дауысы" ән байқауының аяқталғанына көп бола қойған жоқ, бұл байқау негізінде  2010 жылы голландтық  RTL4 телеарнасында жарық көрген The Voice of Holland түпнұсқалы форматының  қазақстандық нұсқасы болатын, біздің бас телеарнамыз осы форматтағы байқауды өткізу үшін Голландиялық телеарнаға қыруар ақша төлегендігі белгілі. Жақында Қытайда тұратын қандастарымыз осы байқаудың жалғасы ретінде «Күміс көмей» атты телевизиялық ән байқауының басталғандығын жариялады, бірақ байқау тура Голландтық форматта емес біраз өзгешелеу тұстары бар, бұл лицензияны сатып алу үшін қаржы шығындамау үшін болар, 4 тәлімгерден тұрады, бірақ үміткерлерді таңдау барысында аталған форматтағыдай теріс қарап отырып тыңдамай тіке қарап отырады, үміткердің дауысы ұнап өзіне алғысы келген тәлімгер алдында тұрған шырақты қосады, толық ережесі төмендегі видеода түсіндіріледі, ал енді тәлімгерлерге келсек,

 

 1. Отанбек Еңсеханұлы, бұл есім негізі Қазақстанға таныс болуға  тиіс, 1995 өткізілген "Қытай шоқ жұлдызы" атты байқауының бас  жүлдегері, Қытай Ши Ан музыка институтының, Алматыдағы  Темірбек Жүргенов атындағы өнер акедемиясының, Құрманғазы  атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі, әнші. қызір  Үрімжі қаласында орналасқан «Мәдениет тарату» шектеулі  серіктестігінің директоры, осы жобаны ұйымдастырушылардың бірі.

 

 

 

 

 

 2. Бекеш Зейнелұлы Қытай елінің бірінші дәрежелі композиторы,  Үрімжі қаласындағы Шинзиян Университетінің, Құрманғазы атындағы  Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі, Қытай қазақтары  арасында эстрада жанрының ең алғашқы орындаушыларының бірі,  «Сары дала» «Мен неге ұмытамын» «Көктемгі сағыныш» атты әндері  халық арасында өте танымал, 200 ден астам әннің авторы.

 

 

 

 

 

 3. Гүлнұр Әскерханқызы, қытай қазақ эстрадасына 90 жылдардың  соңында жаңа леппен өзіндік стилмен келген  әнші, қазір Шинзияң  қоғам қауыпсіздігі өрт сөндіру департаменты ойын-сауық үйірмесінің  майор дәрежелі әскери әншісі.

 

 

 

 

 

 

 

  4. Қазікен Қалиұлы,  1998 жылы Бейжіңде құрылып бүкіл қытайды елең    еткізген әйгілі "Қожанасыр" ансамбілінің құрушысы, 2002  жылы    "Қазікен" атты өнер тобын құрып, талайлаған қандастарымыздың  қытай өнер айдынында қанат қағуына жол ашты, кең таралған халық  әндерін ұлттық стилде орындап қытай еліне танытты,  Қытайдың  әйгілі «Көктем мерекесіне» арналған сауық кешіне қатысып ән  шырқаған тұңғыш қазақ.

 

 

 

Байқаудың өткізілу барысын қарап отырып елімізде өткізілген "Қазақстан дауысына" салыстырмай тұра алмайсың, әрине кемшіліктер бар, сахнаның безендірілуі, әншілердің киім кию талғамы, т, б…  ал егер ол жақтағы елдің иесі қытайлар екендігін ескерсек, соншама құмырсқаша қаптаған қытайдың ішінде жүріп, осындай байқау өткізіп, талантты бола тұра көріне алмай жүрген қандас бауырларымызға орай жаратып берген ұйымдастырушылардың еңбегін бағамдасақ, әрине құрмет қошаметке лайық дүние екен, патша көңілді оқырман өз бағасын бере жатар, видеоны қарап көрейік.....



Осыған ұқсас жазбалар:

ЖаңалықтарҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды

Жаңалықтар"Ғаламшар зеректері – 2014" байқауынан Талдықорғандық жеткіншектер олжалы оралды

Білім жаңалықтары«Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауы өтеді

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124447

Пікірлер (1)
Олжас Нұр # 3 наурыз 2014 в 03:35 0
Күміс көмей атты ән байқауы мен ұшін өте дәрежелі откен екенің келісемін. Кұрметті қандастарыма өнер жолда тек қана сәттілік және өмірде табыстық шын жүректен тілеймін. Осында іс шараларыңыз жылдан жылға азаймасын деп санаймын.
Аса курметпен, сазгер Олжас Нұр - Астана қаласы.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар