"АТА ДАҢҚЫ - ҰРПАҚҚА ҰРАН" ЭССЕ БАЙҚАУЫ

10 ақпан 2015 - Админ
"АТА ДАҢҚЫ - ҰРПАҚҚА ҰРАН" ЭССЕ БАЙҚАУЫ

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ «e-history.kz» білім порталының қолдауымен, Еуразиялық Медиа Форуммен және «КТК» телеарнасымен бірлесе, мектеп оқушылары арасында ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесіне арналған эссе жазудан республикалық байқау өткізеді.

Байқау 5-8 сынып (1 топ) және 9-11 сынып (2 топ) оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр.

Әр топқа ұсынылған эссе тақырыптарымен, байқауға қатысу шарттарымен және жұмысқа қойылатын талаптармен Ережеден таныса аласыздар.

Әрбір облыстан, сондай-ақ әр топтан үш үздік жұмыстар анықталады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады. Ал Республика бойынша үздік деп танылған жұмыстардың авторлары ҚР Білім және ғылым министрінің мақтау қағазымен марапатталады.

Эссені zhenis70esse@gmail.com электронды мекен-жайына жіберулеріңіз қажет. Жұмыстар 2015 жылдың 05 наурызына дейін қабылданады.

Үздік жұмыстарыңызды күтеміз!

Байқау туралы Ережемен танысу

Байқауға қатысушының сауалнамасын жүктеу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115518

Пікірлер (3)
Гулмаржан # 26 ақпан 2015 в 00:19 0
Керемет, бұл ұсыныс маған ұнады. ҚАНШАМА ОҚУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ШЫНЫМЕН ҚАРАЛА МА?
Гулмаржан # 26 ақпан 2015 в 00:25 0
Ашық сабақтар жіберсем ол баспа бетіне шықпай ма?Тек қана әлектронный бағытта ма?
Марзия Абылхаева # 4 наурыз 2015 в 16:29 0
Мен өз балам, әрі оқушымды қатыстырам! Керемет, маған ұнайды!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар