​Д.Назарбаева оқулықтарға сапасыз сараптама үшін Білім министрлігін сынға алды

20 мамыр 2015 - Админ
​Д.Назарбаева оқулықтарға сапасыз сараптама үшін Білім министрлігін сынға алды

«Бүгінгі күні білім саласында барлық оқулықтар бойынша сараптама немқұрайлы жасалады. Неге немқұрайлы? Өйткені, бұл оқулықты жазған адамға да, сараптамасын жасаған адамға да және оны ары қарай министрлік пен түрлі деңгейлерге ұсынған комиссияларға да жеке жауапкершілік қарастырылмаған. Бюджеттен бөлінетін қаражатқа шығарылған сапасыз оқулық үшін министрлік қызметкерлерінің жеке әрі тікелей жауапкершілігі жоқ. Сондықтан да тікелей жауапкершілік болмаса, бұл салада ілгерілеу деген де болмайды», — деді Д.Назарбаева.


Бұдан бөлек, вице-спикер оқулықтарды тексерумен айналысатын комиссияны да «жауапкершілікті жуып-шаю» үшін құрылады деген сынға алды. Оның айтуынша, бұл тек өзінің жеке пікірі ғана емес, депутаттық корпустың ұстанымы.

«Сондықтан менің ұсынысым — жаңа оқулықтарды енгізуге асықпау керек. Бұны бір жылға кейін шегеріп, кейін бұған қайта айналып соқпас үшін ең алдымен жауапкершілікті күшейту керек. Барлығы түсінікті әрі есептеулі болуы керек. Сонда ғана біз осында айтылған сөздерге сенетін боламыз», — деді Д.Назарбаева.
Дереккөз: www.inform.kz
Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119651

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 28 мамыр 2015 в 12:07 0
Қазақстан тарихында қате деген толып жатыр, неше жылдан бері оған етіміз үйреніп кеткен еді. Тіпті бір тақырыптың ішінде Махамбет Өтемісұлының қайтыс болған жылы (8 сынып)тақырыптың басында 1846 ж, аяғында 1847 ж деп берілген. Оқушылар қайсысы дұрыс деп сұрайды. Қателер толығымен жойылады дегенге сену қиын.
Базаргул Агимбекова # 29 маусым 2015 в 00:27 0
Барлық пәндерден қателер кездеседі. Қателерді жою үшін біраз уақыт керек шығар.Болашақ ұрпақ қамын ойлайтын көкелеріміз ойланар.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар