​Мектептерге 5 күндік оқыту стандарттары енгізіледі

10 шілде 2015 - Админ
​Мектептерге 5 күндік оқыту стандарттары енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2016 жылдан бастап, Қазақстан мектептерінде 5 күндік оқыту стандарттары енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

.

«Біз Қазақстан Президентінің тапсырмасымен орта білім беру мазмұнын өзгертуді бастап кеттік. Жаңа бағдарламалар енгізіледі. Онда білім беруден бұрын, оқушыларға қажетті машық пен дағдыларды қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Бүгінде біз 30 мектепті таңдап алдық, қыркүйектен бастап сол жүйені соларға тәжірибе ретінде енгіземіз. Келесі жылы 1 сыныптан бастап, барлық мектептерге тарататын боламыз», — деп атап өтті министр.

.

Оның айтуынша, жаңа стандарттар баланың оқуға тиісті бағдарламасын ауырлатпайды.

«Оқушылардың оқу көлемінің тым артып кеткендігіне қатысты пікірге келетін болсақ, ауыртпалық өзгермейді. Оқу бағдарламасы одан әрі ауырламайды. Жаңа стандарт бойынша біз 5 күндік оқу жүйесін қарастырып отырмыз. Мектептердің басым бөлігінде 5 күндік оқу болады. Оқушылар тым көп және үш ауысымда оқытатын мектептерде 6 күндік оқыту әлі сақтала бермек. Бірақ олардың саны бірен-саран», — деді А. Сәрінжіпов.

Дереккөз; http://www.inform.kz/

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148610

Пікірлер (14)
Базаргүл Алтынбекқызы # 11 шілде 2015 в 10:22 0
Жаңа бағдарламалар енгізілсе, 5 күндік оқудың оқушыларға пайдасы болса оны да уақыт көрсетер...
Авдихаим # 16 қазан 2015 в 13:09 0
Керексіз пәндерді алып тастаса пайдасы болады
Нурғалым К # 13 шілде 2015 в 14:09 0
Қолдаймын, оқушылар екі күн үйде болып жақсы демалареді.
Арай # 16 шілде 2015 в 12:42 0
sgzшылар демалады ал мугалимдер ше?
Нургиза Кульджина # 29 қыркүйек 2015 в 09:59 0
Бес күндік оқу жүйесі енгізілсе жақсы болар еді. Сенбі, жексенбі күндері сабаққа дайындалғанымызға да тиімді болары сөзсіз. Барлық жерде 5 күндік жұмыс қой.
Авдихаим # 16 қазан 2015 в 13:13 0
Қазіргі бағдарлама бойынша оқушыларға өте тиімді.
Гул # 11 қараша 2015 в 11:04 0
Оқушыларға да, мұғалімдерге де тиімді болар еді.
cауле кызылорда # 9 желтоқсан 2015 в 00:46 0
Жалпы оқушыларға және мұғалімге де тиімді деп ойлаймын ойткені казіргі заманауи технологиялары да жаксы жетіліп келе жатыр оқушылар озбетінше жүмыс жасауға уйренетін шығар казір оұушылар ғаламтормен жұмыс жасауды біледі
Гулнар Мұрайт # 9 желтоқсан 2015 в 11:21 0
6-шы күнді тәрбиелік шараларға арнайтын болуы керек....
қонақ # 18 қаңтар 2016 в 19:45 0
11-сыныптарда ҰБТ-ға дайындық ретінде тек 5 пән оқытылады, қалған сабақтар қыркүйектен бөлінгенмен өткізілмейді.5 мұғалім ғана сабақ өтеді, қалғандары ақшасын алып отырады, сондықтан барлық пәндерге талап бірдей болса дейміз.Тест тапсырмайтын пәндерді қалай болса солай жүргізеді.
Гулжазира Махмутова # 26 наурыз 2016 в 00:22 0
5 күндік болған өте тиімді болар еді.
Гулжазира Махмутова # 26 наурыз 2016 в 00:23 0
6 күндік балабақшалар да 5 күндік бола ма?
Акерке # 27 сәуір 2016 в 13:13 0
5 күндік оқу жүйесі оқушылар үшін тиімді болмақ. бос уақытын шығармашылыққа не болмаса дайындыққа жібере алады
гулзада ахметвалиева # 29 сәуір 2016 в 22:01 0
Жазда демалыс аз бола ма? көбірек болса ғой

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар