ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов: Тестілеу ашық түрде, әділ және объективті өткізіледі

2 маусым 2015 - Админ
ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов: Тестілеу ашық түрде, әділ және объективті өткізіледі

Қазақстанның барлық аймақтарында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ның бірінші күнінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетіндеге Ұлттық тестілеу орталығының №11 бекетінде болды, ол жерде Астана және Қорғалжын ауданының мектеп түлектері ҰБТ тапсырды. Кейін министр емтихан болатын дәрісханалармен танысып, емтихан материалдарын ашу кезінде қатысты. Емтихан алдында А.Сәрінжіпов түлектерге: «Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі ең маңызды кезеңге аяқ басқалы отырсыздар – ол Ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы ұлттық жобаға қатысуларыңыздың арқасында сіздер өздеріңіздің болашақтың есігін ашатын боласыздар. Ендігі кезекте барлық 11 жыл ішінде алған білімдеріңізді еске түсіріп, берілген 3,5 сағатты орынды пайдаланыңыздар. Емтихандарыңызды сәтті тапсыруларыңызға тілектеспін! » — деп өз тілегін білдірді.

Министрдің айтуы бойынша, 2015 жылы ұлттық тестілеуді 87 782 түлек тапсыратын болады, олардың ішінде 32 мыңы-қазақ тілді ал 25 мыңы-орыс тілділер. Емтихан ҰБТ тапсыратын 165 тестілеу пунктінде өткізіледі. «Алтын белгі» белгісіне республика бойынша 4 498 түлек үміттенуде, олардың ішінде 180-і астанылық оқушылар. ҰБТ-ның бірінші күнінде, 2 маусымда, 48 ҰБТ пунктінен 19 999 түлек қатысады деп күтілуде. «Біз өз кезегімізде барлық түлектердің тестілу кезінде өздерін еркін ұстау үшін толық мүмкіндіктерді жасадық. Олар ішетін сумен, темпиратуралық режимі бақылануда, кезекші медициналық персоналмен қамтамасыз етілді, және барлық тәртіптер Министрлік пен Мемлекеттік комиссия бақылауына алынған. Тестілеу ашық, әділ және объективті түрде өткізіледі. Тесттердің мазмұны бірталай сараптамалардан өтті, барлық тапсырмалар мектеп бағдарламасы мен кітап мазмұны бойынша құрастырылған. Сол себепті, құрметті ата-аналар мен ұстаздар алаңдаудың керегі жоқ» -деді А.Сәрінжіпов.

ҰБТ-ның әр пунктерінде мемлекеттік, апеляциялық комисссия жұмыс жасауда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанында Республикалық апеляциялық комиссия жұмыс жасауда. Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ҰБТ өткізу барынсында түлектер мен ата-аналардан келіп түскен шағымдарға жедел түрде әрекет ету мақсатында ҰБТ-ны үйлестіру мен өткізу штабы құрылды. ҚР БҒМ жанында Республикалық штаб жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ны жақсарту мақсатында ағымдағы жылы ҰБТ Тапсыру ережелеріне өзгертулер еңгізілді, олар аттестатқа ҰБТ нәтижесі бойынша ортаарифметикалық баға мен пән бойынша жылдық қорытынды бағаны қою. Дау туындаған жағдайда үлкен көрсеткіш көрсеткен баға дөңгелектендіріледі, яғни бұл өз кезегінде оқушылар арасында әділ және ынталандырушы фактор болып келеді. Жасөспірімдердің психологиялық сипаттамаларын ескере отырып, оқушалар мен ата-аналардың стрестік күйін азайту мақсатында, ҰБТ нәтижесі шифрланған түрде беріледі, нәтижені тек ЖСН (Жеке сәйкестендіру номер) және ТСК (тесттің сәйкестендірілу коды) арқылы білуге болады. ҰБТ-ның нәтижесіҰлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаҰБТ-ке дайындық жұмыстары туралы хабарлама.

Білім жаңалықтарыБүгін елімізде ҰБТ сынағын тапсыру басталады

Қазақ тіліҚазақ тілінен ҰБТ-ге дайындау

ҰстаздарғаҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді

МатематикаОқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151035

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар