12-сыныпқа арналған «Экология және тұрақты даму» оқулығының таныстырылымы өтті

11 қыркүйек 2014 - Админ
12-сыныпқа арналған «Экология және тұрақты даму» оқулығының таныстырылымы өтті

Астанада Әлия Назарбаеваның экологиялық «Жандану» жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Экология және тұрақты даму» атты экология оқулығы таныстырылды.

«Экологиялық тәрбие мен оқытудың өзектілігі – оқыту мазмұнын жаңарту мен ауыстырудағы маңызды шаралардың бірі, бүгінгі таңда экологиялық тәрбие мәселесі пән және мәдениет деңгейіне дейін көтеріліп отыр», — деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.
Оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан Әлия Назарбаеваның экологиялық «Жандану» жобасы аясында құрылған. Онда қоршаған ортамен түзу қарым-қатынас құру мүмкіндіктерін оқып-үйренуге болады дейді оқулық авторлары.
«Оқулықта қоршаған ортамен қалай өзін өзі ұстау қажеттілігі мен тазалыққа қатты мән берілген. Бүгінгі таңда экологиялық білім берудің мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұлғаны тәрбиелеу, қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті үйрету, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды сіңіру», — дейді вице-министр Е. Иманғалиев.
Аталған оқулық Қазақстанның жалпы білім беретін 44 мектебінің тек 12-сынып оқушыларына сынақ ретінде оқытылмақ. Мұғалімдер мен көпшіліктің пікірі оңынан болса, оқулық төменгі сыныптардың да оқу бағдарламасына енуі мүмкін дегенді айтады мамандар.

Ая ӨМІРТАЙ

Мақала baq.kzпорталынан алынды

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130072

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар