Білім министрі Е.Сағадиев мектеп формасын өндірушілердің көрмесіне қатысты

6 сәуір 2016 - Админ
Білім министрі Е.Сағадиев мектеп формасын өндірушілердің көрмесіне қатысты

     Бүгін «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің форум-көрмесі өтті. 
Форум мектеп формасын өндірушілері мен мектеп директорлары, ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі арасында ашық диалог құру, проблемаларды анықтап, олардың тиісті шешімін табу мақсатымен ұйымдастырылған. 


     Алғашқы сөз Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке берілді. Ерлан Кенжеғалиұлы еліміздің жеңіл өнеркәсібіне де, ата-аналардың қаржылық жағдайына да жағымды әсер тигізетін мектеп формасымен байланысты мәселелердің бірнеше шешімін ұсынды. Сонымен қатар, ол қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын ескерді. 


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Комитет төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев жеңіл өнеркәсіп орындарына мемлекет тарапынан көрсетілет көмек туралы сөз қозғады. 
Мектеп формасы нарығының даму ертеңі туралы Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп орындары одағының президенті Худова Любовь баяндап, одан кейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржанға сөз берілді. 


Мектеп формасын өндірушілері атынан «Сымбат» Сән академиясының маркетинг директоры Асанова Айнұр мен «Glasman» компаниясының Коммерциялық директоры Ольга Евдокимова көпшілік алдында сөйледі. 
Іс-шара бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өткен отандық мектеп формасының сән көрсетілімімен аяқталды.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің facebook-тегі парақшасынан

Осыған ұқсас жазбалар:

Білім жаңалықтарыБілім министрі Е.Сағадиев ұстаздар мен оқушыларды құттықтады (видео)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083430

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 18 сәуір 2016 в 21:22 0
Отандық мектеп формасының оқушыларға қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізілді. Бірыңғай форма болған дұрыс шығар.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар