Білім саласына биыл енгізілетін үшінші жаңалық

21 сәуір 2016 - Админ
Білім саласына биыл енгізілетін үшінші жаңалық

«100 нақты қадам» — Ұлт жоспарындағы 76-қадамға сәйкес экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше (OECD -ЭЫДҰ ) елдердің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту көзделгені белгілі. Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу туралы бастаманың көтерілгеніне де біраз жыл болды. Осыдан 2-3 жыл бұрын бірнеше мектепте аздаған сыныпқа ғана эксперимент түрінде осы жүйе енгізілді. Енді биылғы оқу жылынан бастап, барлық мектептерде 12 жылдық білім жүйесі енгізіледі. Білім және ғылым министрлігінің бұл жаңалығында қандай жетістік бар? Ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Саралап көрелік...

Адамзат баласы қазірде технологиялық әлемде, жаңа индустриалдық революция дәуірінде өмір сүріп жатқаны ақиқат. Бұл дегеніңіз кибернетика, 3D баспа, биотехнология сияқты осыдан 30 жыл бұрын құлақ естіп, көз көрмеген салалардың қарыштап дамыған заманы. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, жер шарындағы ақпарат аясы әрбір екі жыл сайын екі есе ұлғайып отырады. Тиісінше, білім тез ескіреді және жаңарады деген сөз. Білімнің ескіретінін өзім куә болған мына оқиғаны мысал етіп, айта аламын. 2013-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасымен Британияның Норвич қаласында оқығанымда кітапханадағы кітаптарды тегін таратқанын көріп таң қалдым. Себебін сұрағанымда, таратылып жатқан оқулықтардың жылы ескіргенін білдім. Жылы ескіргесін, кітаптардағы мәлімет те көмескіленіп, заманға сай болмай шығады. Демек, кітаптағы мәлімет ескірген сайын,  бұдан былай ол қажетсіз бола бермек.              

Ақпараттың тез бұзылатын өнім бола бастаған сыңайын байқаған барша дамыған елдер 2000 жылдың басынан бері білім беру жүйесінде біліктілік моделіне көшті. Біліктілік модель дегеніміз не? Бұл балаларды өздігінен ізденуге, талдау машықтарын дамытуға және ақпаратты бағалай біліп, қорытынды жасауға, әрі оқытуға мүмкіндік береді. Яки, бұл басқалай айтсақ, еліміздегі оқушылардың бойында сындарлы сананы (critical thinking) қалыптастыру.  Тек әзірге PISA-2012 (ағылш. Programme for International Student Assessment)  зерттеулері нәтижелеріне сәйкес, қазақстандық мектеп оқушылары өздерінің ЭЫДҰ-дағы құрбыларынан математика деңгейі бойынша 1,5 жылға, жаратылыстану бойынша 2 жылға, оқи білуден 2,5 жарым жылға артта қалып қойған екен. Демек, ҚР білім және ғылым министрлігінің ұстанымына сәйкес, Қазақстан осы модельге өтуді қарқынды жалғастырмаса, біздің  мектеп оқушылары өздерінің АҚШ-тағы, Жапониядағы, Ресейдегі және өзге елдердегі құрбыларынан бұдан  көп есе артта қалатын болады. Ал, заман талабынан туған  жаңа пәндер мен талаптар 11 жылдыққа сыймайды. Яғни, жаңа пәндер мен талаптарды 11 жылдықтың аясына үлестірсек, балаларымызға тым артық жүктеме артқандай болады екенбіз.

Әлбетте, кез-келген жаңашылдықты енгізгенде ең алдымен шетелдік тәжірибені алға тартатынымыз заңды. Бұл ретте экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерінің ешқайсында 11 жылдық білім берудің жоқтығын байқаймыз. Мәселен,  Франция оқушылары 12 жыл, Британия балалары 13 жыл, Нидерланды жеткіншектері  тіпті, 14 жыл оқиды екен. Салыстырмалы түрде айтқанда, Қазақстанға 12 жылдықтың қажеттігі осындай жәйттермен түсіндіріледі. Халықаралық стандартқа  сәйкес, жалпы орта білім беру 12 жылдыққа негізделгені белгілі. Еуропа Кеңесінің университет мәселелері жөніндегі тұрақты конференциясы 1992 жылы қабылдаған декларациясында “әлемдік тәжірибеде 12 жылдық орта білім беру жүйесі ең таңдаулы саналады” деп айна-қатесіз жазылыпты. Бәлки, содан да болар, жаһанның ең дамыған мемлекеттерінің 80 пайыздан астамы  12 жылдық білім жүйесімен оқушы тәрбиелейді. Яғни, бұл жүйе бойынша бүгінде әлемдік білім беру кеңістігінде 136 мемлекет шәкірт тәрбиелеп отыр екен. Ал, бұрынғы посткеңестік елдер арасында әзірге Өзбекстан, Беларусь, Украина мен Балтық елдері көшіп үлгеріпті.    

Мамандар зерттеуіне сүйенсек, 12 жылдық білім берудің келесідей артықшылықтары бар:

Орта білім орындарындағы өскелең ұрпақ денінің сау болуына  зиян тигізетін ауыртпалықтардан құтқару. 15 жылдың көлемінде білім ошақтарындағы бағдарламаның тым ауырлап кеткенін ата-ана да, ұстаздар да жиі айтып, шағымданады. Салдарынан түлектердің 10 пайызының ғана тән саулығы қалыпты нормада екен. Ал, жеткіншектердің 15 пайызында жүйке ауруларына, ал, 50 пайызында түрлі созылмалы науқастарға шалдығу деректері жиі анықталып отырған. Осы себептерді алға тартсақ,  оқу бағдарламасының шамадан тыс зілбатпанын 12 жылдық білім беру едәуір жеңілдететіні дәлелдеуді қажет етпейді.
Білім беру мазмұнын жаңа талапқа сай өзгерту. Соңғы жылдардағы сараптау түйінін қаперге алсақ, Кеңестік білім беру жүйесі өркениетті мемлекеттердің білім беру стандартына ілесе алмақ түгіл, әлдеқайда артта қалған хәлге жеткен. Әсіресе, жаратылыстану ғылымдары  жөнінен жаһандық санайғақта  еліміз көп мемлекеттерден кейіндеп қалғанын аңғарылады. Кеңестік білім жүйесінде информатика, экология, өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері енгізілмеген, әрі гуманитарлық пәндердің тәрбиелік мүмкіндіктері бағаланбайды.
Материалдық-техникалық базаны жаңарта аламыз. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқасында талапқа сай емес материалдық-техникалық базаны жаңарту көзделген.
Жұмыссыздықты кеміту – 12 жылдық білімнің аса маңызды артықшылығы десе болғандай. Яки, осы жүйеге сәйкес орта мектептің түлегі жоғары немесе арнайы оқу орнына түсе алмаса, жұмыссыз қалмайды. 12 жылдық мектепте алған кәсіптік мамандығы арқасында екі қолға бір күрек табылады.

Түйіндей айтсақ, үш тілде оқыту туралы мәселе білім және ғылым министрлігі тарапынан бұдан көп жыл бұрын көтерілгені белгілі. Яки, бұқара ойлағандай бұл қысқа күнде қырық құбыла салып, келте қайырған шалажансар дүние емес. Министрдің айтуынша, ұзақ жылғы әдістемелік сараптаулардан, сынақтық тәжірибелерден өтіп барып, жеті рет өлшеніп, бір рет кесілді дейтіндей өзгеріс бұл. 12 жылдық оқу жүйесін енгізу бойынша елімізде 30 мектеп эксперименталды түрде соңғы жылдары сынақтан өткізілгені белгілі. Өзге өңірлерге үлгі болар Елордамыздың өзіндегі 8 мектеп 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесіне қатысқанына 10 жыл болыпты. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы: «Біз 13 жыл бойы кәдімгі және дамыта оқытатын мектептерде осы стандарттарды эксперименттен өткіздік, осы жеткілікті. Келесі жылы 1 қыркүйекте барлық бірінші сыныптың оқушылары 12 жылдық мектепке баратын болады».

Барлы? ??? ы? ы? ор? ал? ан.

BNews.kz материалдарын жеке ма? саттан бас? а, кез келген жа? дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

— басылым беттерінде немесе? а? аз, таспа ж? не т.б. секілді материал тасы? ыштарды?? зге де т? рлерінде пайдаланушы? р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын? анын к? рсетіп отыруы міндетті.

— Интернетте немесе электронды т? рде пайдалануды?? зге де т? рлерінде пайдаланушы? р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

 

Мақала bnews.kz   сайтынан алынды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103594

Пікірлер (3)
Нургиза Кульджина # 27 сәуір 2016 в 12:20 0
Жаңалықты қабылдау қашан да қиын ғой. Дегенмен құлағымыз қанық болды, себебі 12 жылдық білім беру деп айтылғалы қашан. 12 жылдық білім берудің сәтті де нәтижелі болуын тілеймін!
Базаргүл Алтынбекқызы # 15 мамыр 2016 в 00:26 0
12 жылдық білім жүйесінің аса маңызды артықшылығы баршылық, нәтижесі болары сөзсіз!
Балшат Алиханұлы # 23 мамыр 2016 в 07:09 0
Қазіргі жағдайда білім саласына оның ішінде мектептер мен балабақшада ерекше реформа қажет, 12 жылдық білім беру жүйесі нағыз стандартты білім беру деп ойлаймын, алайда министір мырзаға айтарым онсызда қағаз бастылықтан басы аурып жүрген ұстаздар қауымына қағазбастылықтың жаңа бір түрі енгізілмесе болды...

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар