Биыл қыркүйектен бастап мектептердің қағаз жүзіндегі есептері қысқартылады

27 сәуір 2016 - Админ
Биыл қыркүйектен бастап мектептердің қағаз жүзіндегі есептері қысқартылады

2016 жылғы қыркүйектен бастап мектептердегі қағаз есептілікке тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

 

           «Мұғалімдердің есептілік құжаттарын толтыру машақаты қиын мәселе, дегенмен де бұл бағытта елеулі жұмыстар атқарылды. Осы ретте 2016 жылдың қыркүйегінде мектептерде қағаз жүзіндегі есептілікке тыйым салу мақсатын алдымызға қойып отырмыз. Бұл тұрғыда жұмыстар үш бағытта жүріп жатыр. Біріншісі, ҚР БҒМ-ның ІТ-департаментін күшейтуге негізделген. Қазіргі кезде осы шаралармен айналысудамыз, қажетті мамандарды қабылдап, олардың қызметін кеңейтудеміз. Бұл өз кезегінде жекелеген мәліметтер базасын бірыңғай жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар есептілікке қатысты жағдайды нақты суреттеуге ықпал еттеді », — деді Е. Сағадиев.

 

Бұдан бөлек екінші бағытқа тоқталған министр: «Бізде Қазақстандағы әрбір ведомство мектеппен тікелей байланысып, есептілікті талап ету құқығына ие болған еді. Біз тиісті өзгертулер енгіздік. Жақында Президент балалар құқығын қорғау заңнамасын қабылдады, осы орайда бұл заңда ҚР БҒМ мектептерден есептілікті талап ететін жалғыз орган болып табылатындығы туралы норма бар», — деді.

 

Үшіншіден, енді Білім және ғылым министрлігі талап ететін есептілікті ретке келтіруге мән беріледі.

 

«Енді ақпарат алғыларыңыз келсе, мектепке бармайсыздар, яғни  министрлікке сұрау жасайсыздар. Осы ретте біз мұғалімдерді қорғаймыз. Біз өзіміздің ішкі есептілікті қысқартып, ретке келтіруіміз қажет. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қағаз есептілікке тыйым салып, оның көлемін айтарлықтай қысқартуды көздеп отырмыз»,-деп түйді сөзін министр.

 

Мақала Қазинформ сайтынан алынды.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаМектеп, ұстаз туралы әндер

ЖаңалықтарЕлбасы жолдауда қағазбастылық жайын да айтты

ҰстаздарғаҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді

Ұстаз үні​ҰСТАЗДАР ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚАШАН АРЫЛАДЫ?

ҰстаздарғаҚағазбастылықпен арпалысқан қайран ұстаз қай уақытта шәкірттеріне білім бермек?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130108

Пікірлер (6)
Нургиза Кульджина # 6 мамыр 2016 в 11:16 +1
Компьютер шыққанда қағаз бастылық жойылады деп қуанған едік бұрындары, ол керісінше болып шықты ,ғой. Жұмыс екі есе көбейіп кетті. Енді азайса жақсы болар еді.
Мереке Есбергенова # 14 мамыр 2016 в 15:55 +1
Қағаз бастылық азайса оқушымен жұмыс жасауға да көбірек көңіл бөлінер еді, әсіресе тәрбие жұмысының хаттары қысқартылса екен.
Базаргүл Алтынбекқызы # 12 маусым 2016 в 22:18 +1
Мектепте қағаз бастылықты азайтса, оқу- тәрбие жұмыстарына көбірек көңіл бөлініп,жұмыстар да нәтижеліболар еді деп ойлаймын.
Жанат Баяхметова # 26 қыркүйек 2016 в 01:26 +1
оқу жылының бір айы аяқталып қалды,мұғалімдер әлі қағаз кеміріп жүр.Күнтізбеліктерін түзете алмай ұйқысыз түндер өткізіп,әлі журнал толтыра алмай жүр.
Жанат Баяхметова # 26 қыркүйек 2016 в 01:41 +1
Мектепалды даярлыққа сонша көп пәннің қажеті не,ішіндегі тақырыптар бірдей,одан да нақты баланы даярлауға арналған оқу құралдарын жарыққа шығармай ма.Кіп-кішкентай балалардың өздерінен үлкен сөмкені сүйретіп,бағасы да қалта көтере бермейтін ауыр кітаптарды мықшыңдап әрез көтеріп кеп,әрез көтеріп кететіндеріне қарап жаның ашиды.Бір пәнге арналған екіден,үштен әліппе дәптер,оны кейбір ата-ананың қалтасы көтереді,кейбірінікі көтермейді.Даярлыққа арналған кітаптар мемлекеттік кітап қорынан мектептерге бөлінбейді,еріксіз ата-анаға телміресің.Барлық оқулық алдыңдағы балалардың барлығында толық болғанға не жетсін.Бірақ қайдам ата-ананың толық әперуге шамасы жоқ, кейбірі 4 бала,кейбірі 5 бала оқытып отыр,ауыз аша алмайсың.Үндемейсің,қоясың. Әй,мұғалімдер-ай!
Айгуль Турганова # 30 қазан 2016 в 18:50 +1
Рас,ешқандай қағазбастылықтан арылған жоқпыз. Қайта көбейіп отыр. Бұл заңды аудандағылар білмейтін сиякты ғой

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар