Жазғы демалыс күндерінің қысқаруына байланысты Білім министрлігінің мәлімдемесі

7 сәуір 2016 - Админ
Жазғы демалыс күндерінің қысқаруына байланысты Білім министрлігінің мәлімдемесі

Ғаламтор желісінде жұртшылық оқушылардың бес күндік оқу аптасына көшуіне және жазғы демалыс күндерінің қысқартылуына байланысты алаңдауда.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мәлімдейді:

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары 33 апта оқиды. 2016 жылы жаңартылған білім беру бағдарламасына көшкен кезде, оқушылар аптасына 5 күн оқитын болады. Жаңартылған бағдарлама оқу жылының тек 5 күнге ұзартылуын талап етеді, демек 1 маусымға дейін. Алайда, босатылған сенбі күндерінің нәтижесінде демалыс 33 күнді құрайтын болады.

Егер оқу бағдарламасын өзгертпесек, оқу аптасын азайтқанда оқушыларға маусымның соңына дейін оқуға тура келуші еді. Біздің ойымызша, 5 күндік оқу аптасына көшудің және жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылықтары даусыз.

2017 жылдан бастап, 2019 жылға дейін барлық деңгейлер 5 күндік оқу аптасына көшеді. Жаңартылған бағдарламаны енгізерде 34 апталық оқу жылы орта және жоғарғы сыныптар үшін тек 10 оқу күніне созылады. Сонымен бірге, оқушыларға оқу жылында 34 демалыс (сенбі) күндері беріледі.

Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндері қысқартылмайды.

 

Білім және ғылым министрлігінің сайтынан

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БағдарламаларБілім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124448

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 21 сәуір 2016 в 20:49 0
Жаңартылған оқу бағдарламасы 2017 ж бастап барлық деңгейлер 5 күндік оқу аптасына көшеді, жазғы демалыс күндері қысқартылмақшы. Оқушыларға тиімді болады ма?, ұстаздарға ше?...

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар