Көп ұстаздан бас ұстазға ашық хат

19 маусым 2015 - Админ
Көп ұстаздан бас ұстазға ашық хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

А.Б.СӘРІНЖІПОВ мырзаға


Қадірлі Аслан Бәкенұлы!

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаева Мұхтар Шахановқа жолығып, әкімшілік құрылым қызметкерлеріне тиісті жұмыстардың барлығы дерлік мұғалімдерге артылғаны және толып жатқан әншілердің концерттеріне билет өткізу мұғалімдерге жүктелетіні, барлық қарсылық «жұмыстан кет» деген сөзбен басылатыны жайлы шындықты жеткізген еді. Сонымен қатар, аудан әкімі тарапынан ұйымдастырылған сенбілікке бүкіл аудан ұcтаздары наурыз айының 26-28 аралығында, сәуірдің 4-нен 13-не дейін он күн бойы сенбілікке шығарылғаны, оған наразылық білдіргені үшін жазықты болғанын да баяндап берген болатын.

Білім саласында болып жатқан мұндай келеңсіздіктерге бей-жай қарай алмаған Мұхтар Шаханов өзі баcқаратын «Жалын» журналының тілшісі Жанна Иманқұлға Айман Сағидуллаеваның жазып келген мақаласын баспаға дайындауға тапсырма беріпті.

«Мұғалімдердің мүшкіл халі. Оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» деген тақырыптағы мақала «Жалын» журналының 4-санында, басылып шықты. Бүкпесіз, таза шындыққа құрылып, мұғалімдердің қоғамымыздағы мүшкіл халін ашып көрсеткен еңбекті «Қазақстан заман», «Төртінші билік», «Ашық алаң» т.б. газеттер мен «Абай.кз», «Ұлт.кз», «Қамшы» сияқты интернет сайттары да жарыса басты. «31 арна», «Таң» телеарналары әділетсіз жүйе тудырып отырған жағдайлар туралы арнайы репортаж жасады. Ал, әлеуметтік желілерде ойлы, саналы азаматтар тарапынан қызу талқыланып, әр аймақтан мұғалім мұңына ортақтасқан жандар бұл бастамаға белсенділік танытып жатты.

Осы мақалада көтерілген мәселелер негізінде Мұхтар Шахановтың өзіңізге арнаған қазіргі уақыттағы ұстаздар қауымына қатысты күрделі мәселелерді шешуді сұраған ашық хаты «Абай.кз», «jetysunews» ғаламтор сайттары мен «Жас Алаш», «Қазақ елі» газеттерінде жарық көрді.

«… Ең алғаш үлкен деңгейде көтерілген ұстаздар қауымының құқығы тапталуына қарсы бұл батыл бастама қазір қоғамда үлкен қозғау туғызды. Мұндай жағдайларды бірінші рет естіп жүрген жоқпыз. Немесе бұл тек Айман Сағидуллаеваның басындағы жағдай емес. Біз сізге «Мұғалімдердің мүшкіл халі» деген мақаланы түсініп қайта оқып шығуға кеңес береміз. Онда көтерілген мәселелер тек бір мектеп не бір аудандағы жағдай емес. Себебі бұл мақаланы қолдап, пікір білдірген адамдарда есеп жоқ. Өзектілігі болмаса ақпарат құралдары бір-бірінен көшіріп баспас еді…

… Тығырыққа тірелген, қоғамның назарын аударған мұғалімдер мәселесін шешу алдымен Білім және ғылым министрлігінің тікелей қорғауында, қолдауында болуы қажет» деп, орынды сын, дұрыс пікір айтылған Мұхтар Шахановтың бұл хаты ұстаздар қауымының топтасып, нақты әрекетке көшулеріне мұрындық болды.

Келешек ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін барын салатын ұстаздарымыздың қазіргі қоғамдағы орнын белгілеп, мәртебесін көтерудің уақыты келді. Мұғалімдерге қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін мынандай ұсыныс-талаптар қоямыз:

*****

1. Тәуелсіз елімізде орны төрде болуға тиісті ұлағатты ұстаздарымыз әкімшілік пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбіс, жалтақ мұғалімдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ күтеміз? Мұғалім азат болмай, оқушы еркін ойлы бола алмайды. Сондықтан, облыстық, аудандық білім басқармаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімшіліктен өз құзіретіне өткізіп алуы керек! Бұл мектеп мұғалімдерін сайлау, санақ, сенбілік, газет-журналдарға жаздыру, концертке билет алғызу т.б. секілді түрлі науқандардан құтқарудың негізгі жолы;

*****

2. Мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинаудың алдын алу үшін әр оқу орнына жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты баспасөз беттерінде жариялау;

*****

3. ҰБТ-дің кемшілігі жетерлік! Және ҰБТ-дің қолданыстағы форматы еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен («Кембридж технологиясы») қабыса бермейді. Сондықтан ҰБТ-ді барынша жетілдіру қажет.

*****

4. Мектеп басшылығы мен мұғалім арасындағы келісімшарт 1 жылға ғана жасалады. Мектеп басшылары осыны пайдалана отырып мұғалімдерді айтқанынан шығармай, айдауына көндіре алады. Келесі оқу жылында жұмысқа қабылдану, сағаты мен жүктемесін қысқартпай алуы үшін тағы пара беретін жайттар да көптеп кездеседі. Осы жағдайларға орай, келісімшарт мерзімін ұзартып, мұғалімдерді қызметке қабылдау үшін пара алу фактілерін түбірімен жоюдың амалдарын қарастырады деп сенеміз.

*****

5. Түрлі тексерулер мен сынақтарға арналған оқушының біліміне қосар үлесі аз қағаздарды ұстаздарға толтырта берудің дәл қазіргі технологияның дамыған уақытында қажеті шамалы. Сондықтан мұғалімдер біліктілігі мен оқушылар білімі ілгерілесін десек артық қағазбастылықтан құтылу керек.

*****

6. Бір мекемеде басшылық қызметте 15-20 жылдап отыру таныстық-тамырластыққа апарады, ол ары қарай сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа ұласып кетеді. Сондықтан мектеп директорларының бір орында тапжылмай ұзақ отыруына мүмкіндік берілмесін.

*****

7. Мектепке жан-жақтан келетін тексерулердің барлығы дерлік тек ақша жинаудың амалы. Ол тексерістерден оң баға алу үшін тағы да мұғалім қалтасындағы қаражатынан қағылады. Сондықтан қаптаған тексерістердің қажеттісін ғана қалдырып, керексізін мүлде алып тастау қажет.

*****

8. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі №319 Білім туралы Заңы 51-бабының 4-тармағында «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындау мен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді» деген заң тармағы біздің талаптарымызбен толықтырылуын әрі нақты күшіне енуін сұраймыз.

*

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ,

Шымкент қаласындағы А.С.Макаренко атындағы

№41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;

Айзат РАҚЫШЕВА,

Алматы қалалық №156 мектептің мұғалімі,

«Қазақстан-заман» газетінің тілшісі;

Молдағали МАТҚАН,

жазушы, академик, қоғам қайраткері;

Қасен Сержан

www.ped.kz Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы сайтының бас редакторы

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ,

қоғам қайраткері, математик;

Марал ДАДИЕВА,

Қарағанды қаласы,

қазақ тілін дамыту орталығының маманы;

Хурмет НҰРСОЛТАН,

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

№ 10 орта мектеп мұғалімі;

ИСАБЕКОВА Гүлнар Аждаровна,

Қызылорда қаласы,

ағылшын тілі мұғалімі, Химия-Биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің зейнеткері;

БЕЙСАЛИЕВ Омарбек Сәрсенбайұлы,

Тараз қаласы, Достоевский бұрылысы 5-үй, 39-пәтер

зейнеткер;

МЕЙІРЖАН Темірбек,

Тарбағатай ауданы

НҰРСЕЙІТОВА Маржан Жұмағазықызы,

Қостанай облысы, Қостанай ауданы Целиный көшесі, 23-үй

Шишкин орта мектебі ұстазы;

ҒАБИДЕН Жәкей,

Ғ.Мүсірепов қорының төрағасы;

ТӨЛЕКОВА Мария,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Математика пәні мұғалімі;

ТЕМІРЛАН Жанбота,

Ақмола облысы, Шортанды ауданы

Тарих пәні мұғалімі;

Нұрболат ӨТЕГЕНОВ,

Ырғыз ауданы

№ 1қазақ орта мектебі мұғалімі;

Айтқожа ФАЗЫЛОВ,

Қарағанды қаласы

Профессор;

ҚОЙГЕЛДИНОВА Жазира Нұрбекқызы,

ШҚО Үржар ауданы, Қабанбай ауылы

Б.Майлин орта мектебі мұғалімі;

Ербол РАХПАНОВ,

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Аймауытов көшесі 15-үй,

Құрылысшы;

БАЙДОЛДА Умиргул,

Екібастұз қаласының №21 мектебінің

математика пәні мұғалімі;

Əділжан ОРАЗБАЙҰЛЫ,

Шымкент қаласынан.

Әділжан ОРАЗБАЙҰЛЫ,

Шымкент қаласы,

Сауда орталығы;

Байтуков Арсен Қастайұлы

Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры,

Қол қою жалғаса береді.

P.S. Мына хат біздің болашағымызға жол бастайтын бірден-бір мүмкіндік болуы ықтимал. Сондықтан хатты қағазға шығарып алып халықтан қол жинап берсеңіздер екен. Қол қойғандардың барлығы мұғалім болуы міндетті емес.

Қол қойылған хаттарды менің телефоныма қоңырау шалу арқылы маған табыстай аласыздар. Мен сіздерсіз ештеңе жасай алмаймын. Көмектесетіндеріңізге сенемін!

Айман Сағидуллаева

Байланыс телефонымның нөмері:8 775 253 85 30

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062473

Пікірлер (20)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар