М.Шахановтың БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ А.Б.СӘРІНЖІПОВКЕ ашық хаты

5 маусым 2015 - Админ
М.Шахановтың БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ  А.Б.СӘРІНЖІПОВКЕ ашық хаты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ
А.Б.СӘРІНЖІПОВ мырзаға

Қадірлі Аслан Бәкенұлы!

Менің жұмыс орныма Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаева іздеп келіп жолығып, әкімшілік құрылым қызметкерлеріне тиісті жұмыстардың барлығы дерлік мұғалімдерге артылғаны, елімізде сайлау науқаны бола қалса, үгіт-насихат жұмыстарына, үй-үйді аралап, мекен-жай бойынша адам түгендеуде, мектепке бала санын анықтауға, әскерге шақыртуға, қанша малың, неше үйің, көлігіңнің маркасы мен нөмірі қандай екенін түгендеуге жаппай мұғалімдер жегілетіні және толып жатқан әншілердің концерттерінің билетін өткізу мұғалімдерге жүктелетіні, барлық қарсылық «жұмыстан кет» деген сөзбен басылатыны жайлы ашына айтты.


Сонымен қатар, сол уақытта Алматы облысы Қарасай ауданы білім бөліміне қарасты бүкіл аудан мектептері мұғалімдерді жол бойындағы қоқыстарды тазалап, ағаштарды кесіп, әктеген сенбілікке наурыз айының 26-28 аралығында және сәуір айының 4-нен 13-не дейін шығарылған.


Өзім басқаратын «Жалын» журналының журналисті Жанна Иманқұлға Айман Сағидуллаеваның мақаласын талдап баспаға дайындауға тапсырма бердім. «Мұғалімдердің мүшкіл халі. Оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» «Жалын» журналының 4 санында және «Қазақстан заман» газетінде де жарияланды. Ал, «Жас Алаш» газетінің №44 санында «Мұғалім мемлекеттің құлы емес» деген тақырыпта Айман Сағидулаевамен жасаған сұхбат жариялаған. «Дат» газетінде Әбдірашит Бәкірұлының «Айман Сағидуллаева феномені» деген мақалада А.Сағидуллаева көтерген мәселені Білім және ғылым министрлігі біліп жүретін мәселе екенін жеткізген. «Ашық Алаң», «Төртінші билік» «Мұғалімдердің мүшкіл халі» мақаласын жариялады. abai.kz, ult.kz, qamshy.kz сайттары да жариялаған бұл мақаланың соңындағы пікірлерді оқимай кетпеңіз.


Ең алғаш үлкен деңгейде көтерілген ұстаздар қауымының құқығы тапталуына қарсы бұл батыл бастама қазір қоғамда үлкен қозғау туғызды. Мұндай жағдайларды бірінші рет естіп жүрген жоқпыз. Немесе бұл тек Айман Сағидулаеваның басындағы жағдай емес. Біз сізге «Мұғалімдердің мүшкіл халі» деген мақаланы түсініп қайта оқып шығуға кеңес береміз. Онда көтерілген мәселелер тек бір мектеп не бір аудандағы жағдай емес. Себебі бұл мақаланы қолдап, пікір білдірген адамдарда есеп жоқ. Өзектілігі болмаса ақпарат құралдары бір-бірінен көшіріп баспас еді.


Бекітілген сабақ кестесіне қарамай, мұғалімдерді тікелей құзіретіне жатпайтын жұмысты жасатып, оқушыларға бағдарламаға сай білім бірілмейтіні тағы бар. Мұғалім бітпейтін сенбілікпен сарсаңда жүргенде олардың сабағын өткізуге жоғарғы сынып оқушылары міндеттеледі екен. Бұл неткен бассыздық. Мұнан соң, оқушыдан қандай білім талап етіміз?


Азаттық радиосында жарияланған Асылхан Мамашұлының «Мұғалімдер шөп орып, көше тазалағанын да айтады» деген мақаласында мұғалімнің міндетіне кірмейтін қызметке еріксіз жұмылдырылған Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте тарих пәнінен сабақ беретін Айбосын Адырбековтің www.azattyq.org/…/kazakhstan_school_teacher_f…/27027039.html жан-айқайы да көтеріліп отырған мәселені қуаттай түседі. Кейбір ашынған мұғалімдер ақпарат бетінде аты-жөнін бүркемей, шындықты жайып салған.


Тығырыққа тірелген, қоғамның назарын аударған мұғалімдер мәселесін шешу алдымен Білім және ғылым министрлігінің тікелей қорғауында, қолдауында болуы қажет.
Қалмаханбет Мұқаметқалидің «Білім саласын басқаруды орталықтандыру қажет пе?» http://jetysunews.kz/?p=1609 – атты мақаласында келтірген дәлелдер мен деректерден ұққанымыз «мектептерді аудандық, облыстық әкімдік қарамағынан босатын тікелей Білім және ғылым министрлігіне қаратып, орталықтандырса» деген ұсыныс айтқан. Бұны да оқып көрсеңіз болады.


Шымкент қаласындағы А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Өмір Шыныбекұлының мынандай пікірі осы ойды қуаттай түскен екен: «Сәрінжіпов облыстық білім басқармаларын әкімшіліктен министрлік құзіретіне өткізіп алуы керек!»
Осы ұсынысқа байланысты фейсбук пайдаланушысы Султан Сулеев есімді азамат былай депті: «МВД, ПРОКУАТУРА, КНБ, СОТТАР бәрі Астанаға бағынады да мектепті ғана жергілікті әкімдерге еншілеп қойған.»


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Білім туралы Заңы 51 бабының 4 тармағында «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындау мен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.»
Бұл заңның күні бүгінге дейін ескерілмей келе жатқаны үлкен кінә емес пе?
Жоғары де айтылған мәселелерден оң шешім шығарар деп сізге сенім артамыз.


«Жалын» журналының бас редакторы,
Республикалық «Мемлекеттік тіл»
қоғамдық қозғалысының төрағасы,
Қазақстанның халық жазушысы М.ШАХАНОВ

Осыған ұқсас жазбалар:

Білім жаңалықтарыЕрлан Сағадиев министр болған 78 күнде не бітірді?

Білім жаңалықтарыБілім министрі Е.Сағадиев ұстаздар мен оқушыларды құттықтады (видео)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124383

Пікірлер (20)
семей # 6 маусым 2015 в 00:59 0
Биылғы Президент сайлауында үй аралауға бармадың деп директордың алдында талқылауға түсіп, директордың талабымен , қала әкімінің атына , қалалық білім бөлімінің бастығына түсінік жазғанмын...Көшірмесі бар.
Өмір ағай # 6 маусым 2015 в 12:39 0
Көшірмесін жібере аласыз ба?
Батыр # 8 маусым 2015 в 11:07 0
Мұғалімнің беделін көтеру керек.Қалай? Мұғалімдердің айлығын жұртқа айтуға ұялмайтындай көтеріп, баспасөзде, телеарналарда арзан түкке тұрмайтын бағдарламалардын орнына эфирде еңбек адамдарын көбірек көрсетіп,мақтап қөтермелеу керек.Кез келген жерге мұғалімдерді тықпалай бермей шығармашылықпен айналусуға уақыт беру керек.Концертке,газеттерге зорлап ақша жинауды тоқтату керек. Сонда ғана білімді өз ісін сүйетін жастар осы мамандыққа келе бастайды.Менің балалармен жұмыс істегеніме 37 жыл болыпты әлі зейнеткерлікке дейін 6 жыл жұмыс істеуім керек. Не деген масқара....Педагогтық өтелімі 25 жылға толғанда зейнеткерлікке шығару керек мұғалімдерді. Қазірдің өзінде мен өзімнің фамилиямды ұмыта бастадым..:)))
Мұғалім # 6 маусым 2015 в 12:34 0
Шындығында да мұғалім қазіргі қоғамда әкімшіліктің құлына айналып болды. Кәсінодақ чиновниктерді қолдайды. Жазылған арыз еш жерде қаралмайды,. Кеңкелес әкімнің құлы.
Татьяна # 6 маусым 2015 в 23:00 0
удай шындық,біз ағартушымыз, көрерменбіз, туристпіз,аула сыпырушымыз, бала жинаушымыз, каникулда кешкі 21.00 ден кейін балалар далада жүрсе біз жауап береміз, ,әрқашан ата-ана "прав" деген сөзбен әркім айтатынын айтып кетеді,отчетымыз тоқсан сайынғы 20-25-тен асады, Д.Назарбаева қағазбастылықтан құтылу керек дегенде қуанып едік,толк болмай тұр ғой. КЕҢЕС одағы кезіндегі жеңілдіктерімзді қайтарса ғой,60% жеңілдікпен 25 жылдық өтілмен зейнетке шығатын, телефонымыз тегін еді, жыл сайын көмір беретін, свет 50 пайыз толейтін едік.Еліміз мқғалімдерді тегін ғаламтор желісімен қамтамасыз ете алмай ма?
Гүлфара # 10 маусым 2015 в 14:48 0
Ұстаздар қауымының жағдайын ойлайтын, әлеуметтік халін түсінетін ағаларым аман болсыншы,әйтеуір!Мұхтар ағам жазып отырған шындықтың қаны сорғалап тұр ғой,әттең,ілер құлақ болса!?
Майра # 10 маусым 2015 в 15:25 0
Мектепке тескерушілер де көп келетіні бар, балдарымыздын ауызынан жырып соларға беретінімізде бар.
Жайық # 10 маусым 2015 в 21:52 0
Жоғарыдағылардың айтылғанының барлығы өкінішке орай таза шындық.Мұғалімдер қанша сауатты болса да неге осындай қалге түсті?.Олай дейтін себебіміз ауызбірлік жоқ.Мектепте көп сағатпен кіріп азғантай жұмыс жасайтын крышасы -мырышасы бар жоғарыдағы әкімсымақ докейлердің тумалары.Тіпті әр мектепті әйел адамдар басқарғанымен қоймай подружкаларының сөзін тыңдап жұмыс жасайтын директорлар бар.Бір аудиторияда отыратын парта жетпей 80 минут тұрып оқитын колледждерде аудиторялар да кездеседі.Директорлар келсе оны гул алып ханның қызындай қарсылайтындарды да кездестірдік.Олимпиада ғылыми жоба деңгейлік оқу дегендерің тамыр-таныс көз-қысты бармақ басты болып кетті.Ақ саусақ ханымның қаламына байланысты.Кей кезде бүкіл білім саласы мекемелері жекешеленіп кетті ме деп қаласың.Әрине әйел азаматшалардың барлығын кінәлаудан аулақпын.Бірақ та білім саласындағы отырған башылардың көбісінен көруге болады мұндай құбылысты.Ойткені сол басшылардың тәтелері жоғарыда отыр.Оны жұрттың бәрі біліеді.Айтуға қорқады.Қарсы шықсаң репрессия құрбаны болдың дей бер!.Онымен бізде қандай әділдік болады.Айта берсе көп қой.Айтуға сөзім жоқ.Баяғы жартас бір жартастың кебін киіп жүрміз.
Админ # 11 маусым 2015 в 16:40 0
Қадырлы Жайық мырза, айтқаныңыз өте орынды, жеріне жеткізе айтыпсыз, енді осы жазғандарыңызды жинақтап, тақрыбын қойып, бір көлемді мақала етіп жазсаңыз, сосын сайтымызға тіркеліп өз атыңыздан жарияласаңыз қоғамда үлкен толқу тудыруға сеп болар еді.
Жайық # 11 маусым 2015 в 11:33 0
Мұғалімнің әлеуметтік жағдайы өте мүшкіл.Алатын жалақысы бөлінген сағат,баланың санына байланысты 50-60 мың.Жас мамандарды айтпағанда.(30-35мың).Кейбір баспасөз материалдары жазып жатады ғой көтерілді деп.Оның бәрі жалған сол баяғы күйі қозғалмайды.Өспейді керісінше өшпесе.Бугалтердин жанынан төлеп жатқандай ұстап қалатыны тағы бар.Жалақы мен отпусканы бирге соғып.Больничный,командировчный деген жоқ.Өз ақыңмен барасың.Ауырсаң порталға тұр дейді оның кезегі келгенше больнычн.уақыты өтіп кетіп сөгіс аласың.Квартплпта,дәрі-дәрмек,проезге,көше аралауға қаншасы кетеді.Күнделікті қағаз-қалам,газет-журнал,бітпейтін театр билеті т.б Уйіңде балдарың болса оларды оқытып оқу-құралын алу,киіндіру күнделікті алынатын тамақ,шаруашылық заттары.Садақа той дегенің тағы бар адам болғасын бұл да мұғалімнің басынан өтетін жағдай. Осының бәрін есептегенде алған жалақыңның қайда кеткенін білмей келесі айға дейін қарызға белшеңнен батып,жұрттың алып жатқан кредитін де ала алмай өгей баланың кебін кешіп,өмірге деген көзқарасың тұманданып сала береді.Бір ғана костюмді 5 жыл киіп,алған аяқкиіміңді 5 рет жамап балалардың алдына баруға тура келеді.Ондай мұғалімді қазіргі көз алдарыңызға елестетіп көріңіз.Қазақстанда бір Мәскеу халқының санындай адам бар осындай адамды өзіміздің байлығымызбен қамтамасыз ете алмай отырғанымыз масқара емес пе?.Экономиканың даму көзі халықта.Халықтың жағдайы жақсы болса Мемлекетке де Банкке де,Театрға да жақсы емес пе.Қазіргі кезде ата-аналар тарапынан мектепке шабуыл кезеңі деп айтса да болады.Балаларын джипен әкеліп,киместі кигізіп мұғалімді жүре тыңдайды. Балада тәртіп тәрбие деген жоқ.Оларды жұмыс орнына айтып балаларын тәрбиелеуге мәжбүрлейтін заң жоқ.Болашағымыз өте қорқынышты.Осы жағдайларды ретке келтірмесе кеш қаламыз.Осының барлығы айтылып та жазылып та жатыр бірақ нәтижесі жоқ!
Салтанат # 13 маусым 2015 в 13:38 0
Мектепте гана емес жогары оку орнында сабак беретiндердiki тiптi мушкiл, айтуга барi коркады. Бiтпейтiн кагаз. Министрлiкте отыргандар не icтерiн бiлмей, айтеуiр ар турлi формалардытолтыруды ойлап таба беретiнiн кайтерсiз. Амалсызбыз, шарасызбыз! Сансыз кагаз толтыра бергенше сонын орнына мугалiм оз денгейiн жогарылататын болса, керексiз студенттердiн "когамдык" жумыстарга барды ма, бармады ма деп ауре сарсанга тесе бергенше пайдалы шаруаммен айналыса, Балага да, ата-ана, конамга да пайдасы мол болар едi-ау. Жалака тiптi кулкiлi. Девальватция болганда окiмет отiрiк кана сауiрден бастап жалакы кобейедi деп коя салды. Жогарылаган жок. Айтамыз да коямыз-ау... Озгеретiн нарсе болсашы.
өкініш # 13 маусым 2015 в 20:05 0
Біздің қаламызға әкім келгелі бері қаладан береке кетті. Отырғанына екі жыл болды, түк ісі көрініп өспесе де, қарны қатты өсуде. Әлі де көп отырады дейді, үйткені жоғары жақта мықты дөкей көкесі бар мыс. Сол кісі мектепте қандайда бір орын босаса, білім бөлімі сол кісіге бірінші айтады екен. Жақсы орындар болса, бірінші сол кісінің өз адамдары тұру керек. Әділетсіздік міне қайда... Бұл сөзді сонда жұмыс жасайтың бір қызметкерден естідім
себеспе едім, ол кісінің былығы барлық адамға аян болмаса..
Серік # 14 маусым 2015 в 13:49 0
Әкімшілік мұғалім беделін шашу арқылы көп істерін атқаруда.Жоғарыда айтылғандардың барлығы шындық
Ахмет # 15 маусым 2015 в 13:33 0
Менің ағам да мектеп мұғалімі. Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық №10 қазақ мектебінің мұғалімі. оның аузынан жоғарыда ашынған мұғалімдердің айтқандарының бәрін жиі естимін.Бұл жағдай Қазақстан аумағындағы барлық мектептерде айна қатесіз қайталануда.Әсіресе ауылдық мектептерде.Басқасын қойғанда, биылғы жылдың өзінде, көктемде Алматы-Талғар үлкен автожолының екі шетіндегі ағаштарды ақтау мен арықтарды тазалау жұмыстарына 2 рет шыққан.Талғар аудандық Прокротураның адамдары мұндай бассыздықтан хабар тапқан соң арнайы тексеріс жүргізген.Яғни сол мектепке келіп, мектеп директорын қатыстырмай,мұғалімдерімен жиналыс өткізген. Жиналыста прократура қызметкерлері болған істің мән-жайын толық баяндап беруді, бүкпесіз айтуды мектеп мұғалімдерінен өтінген. Егер бұл жағдай мұғалімдер тарапынан нақты айғақпен дәлелденсе, мектеп директорына арнайы шара қолданылатыны айтылған. Бірақ жиналыста бір де бір мұғалім бұл істің болғаны жайлы тіс жарып айта алмаған. Батылы жетпеген, барлығы "ондай көше тазалау" оқиғасы болмады деп бір ауыздан жауап берген. сондықтан нақты айғақтары жоқ прокротураның адамдары амалсыз кері қайтқан. Ал неге айта алмады дегенге келсек: барлығы түсінікті, батырға да жан керек, мұғалімдер барлық қорлыққа шыдауға бар, бірақ бала-шағасы мен отбасын асырап отырған тірлік көзінен айрылып қалғысы келмейді. Сондықтан үнсіз қалған. Ал енді одан да сорақысы мынау. Ағам 1-маусымнан бастап кезекті еңбек демалысына шығуға тиіс еді. Бірақ сол мектеп Директорының бұйрығымен мектептегі аз ғана еркек мұғалімдер салуға қаржы жоқ деген сылтаумен мектептің ДӘРЕТХАНАСЫН салып жатыр. Бұл қорлыққа тоқтау салатын елімізде ЕРКЕК боп туған АЗАМАТ бар ма өзі.
Болат # 3 шілде 2015 в 04:12 0
Шахановтай жүректі адамның қолынан келетін ғана шаруа.Миллиондардың сауабын алып жүрген азамат!
анар # 15 шілде 2015 в 19:59 0
еңірегенде етектеріміз жасқа толып жатыр бар мұғалімнің, еңіремек түгілі бәріміз осы мәселе үшін қырылып қалсақ та ешқандай шара қолданылмайды. Жылдағы әдет қайталана береді. Жаңа оқу жылы басталайын деп жатыр, тағы да мұғалімдерді титықтататын уақыт келе жатыр.
бану # 15 шілде 2015 в 20:08 0
менин акем 40 жыл мугалим, мектеп директоры болып, ҚР Білім үздігі атағын алып, биыл зейнетке шықты. Өткен өміріне қарап көзіне жас алып отыр; "атағымнан, 40 жылдық мұғалімдік еңбегімнен не пайда, басымда 2-3 кредит, астымда жаман машина, жүйкем тозған, балаларыма да жағдай жасап бере алмадым,тұрмысым да шамалы" деп жігері құм болып отыр.
admin # 26 тамыз 2015 в 22:27 0
Бурынгы акимдер мал санаса казирги акимдер мектептеги баланы санайды бачка жумысы жок
Мадина Масақова # 9 қыркүйек 2015 в 02:33 0
Құрметті əріптестер!
Кітаптарға, мұғалімнің медициналық тексеруіне қаржы бөлінбегендігін ақша жинау заңсыз екенін дəлелдедім
Барлық құзырлы орындарына жаздым. 11. 12. 2013жылы Аслан мырза қабылдайтынын интернет арқылы біліп. 11. 12. 2013 жылы Жамбыл облысының 4 мұғалімі бардық. Алайда менің жазбаша жазылған арызжарымды қайтарып берді...Қабылдаған жоқ. 14 11. 2014 жылы электронды почта арқылы арыз түсірген едім. Маған істіңмəн жайын анықталмай сотқа бар, əкіміне бар деп жауап беріпті мемлекеттік еңбек инспекторлары ақша бөлінбегендігін дәлелдеген. Бірақ өзін ж/е мені жалғызбасты ананы жұмысынан айырды. Еңбек кітапшама заңда жоқ қыдырымпаз деп жазып берді. 2жыл стажым текке кетті. Менін баламның нанын тартып алды. Өзіме 86000штраф салып милиуиямен сотқа сүреді. Меңгеруші мені қызметін асыра сілтеп пайдаланып мені демалыс күні жұмысқа шақырды., Мен қарсы болғаным үшін жұмыстан шығарды.Сіздер айтқан мәселе күнтізбелік жоспар болып кеткен. Министр осы мәселелерді шешпесе мұғалімге министр керек емес. Балалардың жайын ойламаса мұғалімді қорғамаса білім министрі тамаққа да тиісті, өздері заң білмейді, өздерін счётниктер ақша жетпейді дейді. Əкімшілік мүғалімдердің жұмысын а əрине білгенін істейді. Бәріміз бірігейік əріптестер. 87759847352
Кунсулу Ерназарова # 23 қаңтар 2016 в 21:20 0
Оның үстіне біз тағы жылына үш рет көше аралап қанша бала барын анықтаймыз.Оны уақытында тапсырмасақ сөгіс естіміз.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар