ҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН»

2 сәуір 2014 - Админ
ҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН»

Наурыз айының соңғы кешінде қазақтың батыр ұлдарының бірі, даңқты боксшы Қанат Исламмен сұхбаттасудың сәті түсті.  Соңғы жылдары кәсіпқой бокстың дулы ортасында жүрген қандасымыз АҚШ-тан жұмыс бабымен келген екен. Алты Алаш порталының жігіттеріне боксшымен  тереңірек сырласудың сәті түсті.

 АҚШ-та өткен жойқын жеңістеріңізден әрбір қазақ баласы хабардар. Сонда да оқырмандарымызға өз ауызыңызбен айтып берсеңіз.


Қанат Исламұлы: Кәсіпқой боксты таңдап, сол жолға түскелі бір жарым жылға жақындады. Осы уақыт ішінде 16 рет жекпе-жек өткізіп, соның бәрінде айқын басымдылықпен жеңіске жеттім. Былтыр «Кариб теңізі аймағының чемпионы» деген белбеуді тақтым. Жуықта «Латын Америкасының чемпионы» деген атақты иелендім. Спорттың ауыр жолында жүрген жандар мұны түсінеді. Міне, бұл менің жақынғы жылдары қол жеткізген біраз табыстарым.

Осы кезге дейін өз салмағымдағы бокcшылардың рейтингі бойынша он бірінші орында тұрмын. Алла бұйырса 26-шы сәуірде Доминикан Республикасының боксшысымен жекпе-жекке шығамын. Алла сәтін беріп жеңсем онда сегізінші орынға көтеріліп, тікелей әлем чемпиондығына таласатын орайға ие боламын.


 АҚШ-тағы жаттығуыңды тоқтата тұрып, елге, Астана қаласына ат басын бұру себебіңізді білгіміз келеді.


Қанат Исламұлы: Қазір Астанада, әлемдік аренада Қазақстанның имиджін қалыптастыру мақсатында «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы құрылғанын білесіздер. Оған Афина олимпиядасының чемпионы Бақтияр Артаев мырза басшылық етіп жүр. Клубтың құрамына көптеген спорттық жобалар кіреді. Оның ішінде, «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана Арланс» бокс клубы, автоспорт командасы, «Астана Дакар Тим» ралли-командасы қатарлы командалармен бірге жекелей қаржыландыру жағы да қарастырылған. Өкініштісі, осы кәсіптік спорт клубында  жеке қаржыландырылатын қандастарымыз жоқтың қасы. Илья Ильин, Денис Тен, Геннади Галовкин сынды мықтылар осы клубтың  мүшелері.  Жуықта бірнеше ағаларымыз бұл клубтағы осы кемдікті айтып, мені ұсыныс еткен болатын. Осы жұмысқа бола Астанаға келіп қалдым. Нақты келісімге отыру үшін 26-шы сәуірдегі жекпе-жегімді аяқтаған соң келемін деген жоспар бар.  Алда не болатынын көре жатармыз.


 «Жеңілгенін төрешілерден көру – сылтау ғана»

 Көп жағдайда, халықаралық жарыстарда «төрешілердің қателігінен» делінетін даулар көп туындайды. Жалпы бұл жағына қалай қарайсыз?


Қанат Исламұлы: Мен үшін бұл тек сылтау ғана. Жарыста қарсыласыңды, төрешілерді  мойындатып ғана қоймай, көрермендерді де мойындату керек. Жеңісті айқын түрде қолға келтіру үшін қарсыластан оқ бойы озып тұру керек. Егер тең болып қалсаң, әрине өзінің таныс-білістеріне немесе табиғи сезімдерінің еркіне беріліп қалаған адамына жеңісті беретіні белгілі. Бұл туралы атам қазақ: «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деп айтатыны сол себептен.  Көп жағдайда сол бағы шабатындар жеңіске ие болады. Мысалы, кешегі Сочи олимпиядасында да сондай даулар туындады. Негізі дауласуға ешқандай себеп жоқ. Ол даулардың көбі саяси мақсат үшін. Өздерінің әлсіздігін немесе қателіктерін белгілі бір сылтау арқылы жуып-шайғысы келеді.


 Спортышларымыз арасында отаншылдық, мемлекетшілдік қай деңгейде?


Қанат Исламұлы: Әрине бес саусақ бірдей деуге келмейді. Кейбір олимпиядаға қатысып жүрген спортшылардың өзі шешуші кезеңде «маған осы да жетеді!» деп қолға келіп тұрған жеңістен айрылып қалған кездері де болды. Ал мемлекетінің абыройы үшін жан аямайтын жанкешті спортшылар да бар. Оған көз жұмып қарауға болмайды. Спортшылар арасына  мемлекеттік сананы қалыптастыру жұмыстарын жүргізу керек деп ойлаймын.


 «Коммунистік идея – қайыршы мен құлдарды тәрбиелейді екен»


  Жалпы, қазақ қоғамындағы көрініс беріп жүрген көптеген келеңсіздіктер неден бастау алды деп санайсыз?


Қанат Исламұлы:

 Менің бір түсінгенім, коммунист деген сөз «қайыршы» деген сөздің баламасы екен. Социалистік жүйені ұстанатын Солтүстік Корея, Куба қатарлы елдерде қаншама рет болдым. Сол елді мекендейтін халықтардың бәрінде құлдық сана мен қайыршылық сезім басынан бақайына дейін әбден сіңіп кеткен. Қазір Қытайдағы қазақтардың Қытайдың құрамында өмір сүріп жатқанына алпыс бес жыл болды. Ал Қазақстан кезінде кеңес одағының құрамында жетпіс жыл отар болғанда  құрып кете жаздады. Қырылды, азды, құлданды. Құдайға шүкір, қазір соның орны енді толып келе жатыр.  Ал коммунистер тек қана өздеріне адал құл тәрбиелейтінін түсіну керек. Кезіндегі қазақтың кеңес одағындағы тағдырын қазіргі қытайдағы қазақтарға қарап түсінуге болады. Ондағы 2 миллионға жуық қазақ уақыт өткізбей Қазақ Еліне біржола көшіп келмесе, соңын ауыр қасірет күтіп тұр. Қытайландыру саясаты қазір тіпті де күшейіп кетіпті. Енді кешіксе ондағы бауырлардың өкініштен қан құсатын шағы алыс емес.


 Коммунистердің қазіргі ұрпақтары бізде де бар ғой?


Қанат Исламұлы: Иә, бар. Мысалы, МАИ қызметкері көлігіңізді тоқтатса екі мың теңге берсеңіз қоя бере салады. Жұмыс бітіру үшін бастықтарға да ақша бересіз. Міне, олардың бәрі сол кеңес  одағы, коммунистік идея қалыптастырған қайыршылық жол. Әйтпесе, есі дұрыс, ізгілігі мол, намысы бар адам бұлай ақша сұрап, қайыршылық жасамас еді.

Жұмсақ креслода отырған, жоғары шенді қызметте жүріп пара алатындардың бәрі қайыршылар. Қазақы түсінікте ештеңесі жоқ ғаріп-мүсәпірлер мен ел кезген диуаналар ғана ел үстінен күн көреді. Қылаяғы, емханаға барсаң да қайыршы дәрігер, кезекке тұрсаң қайыршы күзетші… міне осы қайыршылықтан әлі құтыла алмай келеміз. Бірақ, Қазақ даласында намысты, жігерлі жаңа буын өсіп келеді. Ел ертеңінің еңселі, айбынды боларына сенімім кәміл.

 

Алты Алаш Ұлттық порталының жігіттері Қанат Исламмен. 28 наурыз 2014 жылы. Астана қаласы

 

Қытай – ең залым көршіміз


 Кезіндегі қазақтың кеңес одағындағы тағдырын қазіргі қытайдағы қазақтарға қарап түсінуге болады дедіңіз. Ол жақтағы қандастарымыздың жағдайы қалай?


Қанат Исламұлы: Қазақта «Орыс- қайыс ноқта, Қытай- темір ноқта» деген мақал бар. Ол жақтағы қандастарымыздың жағдайы өте мүшкіл. Түрі қазақ болғанымен тілі мен ділі басқа ұрпақ өсіп шығыпты. Тек мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына тәуелді ел қалаға келеміз деп жерден айырылды. Оның үстіне кәсіптен де айырылды. Аңқау қазақ қалаға үйреніп болғанша қытай мен ұйғырдың алаяқтарына жем болып жатыр.  Тіптен, мешітке баратын шалдар да азайып кеткен. Ақыл айтатын ауызы дуалы ақсақалдар арағын ішіп, құмарын ойнап, далада лағып жүр. Ал ұрпақтың күні анау. Міне, бұл ауыр трагедия ғой.


 Енді не істеу керек деп есептейсіз?


Қанат Исламұлы: Оларды Қазақстанға көшіріп әкелу керек. Бір қазақ болса да әкеле беру керек. Ақымақ он қазақты әкелгенше, ақылды да іскер бір қазақты әкеле алсаң, ол ертең жүз қазақты соңынан ертеді. Міне солай істеу керек. Себебі, Қытай біздің ең қауіпті жауымыз. Ондағы қазақтардың басына түскен нәубет барған сайын ауырлап барады. Үкімет беретін 200-2000 юанға қанағат қылып, қарызға белшесінен буылған жастар қатты көбейіп кеткен. Өкініштісі сол, жастардың бәрі қорқақ, жалтақ. Себебі, коммунистер оларды қорқақ, жасық, жігерсіз етіп үйреткен. Өздерінің құрдымға кетіп бара жатқанын көре тұрып сенбейді.  Олар үшін, өздерінің сөзімен айтқанда «ағалар (қытайлар демекші) ғана ең күшті, керемет ұлы. Міне  құлдық сана деген осы ғой. Сен оларға тәуелсіз Қазақстанның ұлылығын түсіндіріп көр.


 Сізше, қытайлар қандай халық? Жаңа ғана қытай ең қауіпті жау дедіңіз. Оған басқа қандай мысал айтуға болады?


Қанат Исламұлы: Мысалы, мен Доминикан Республикасына жарысқа барғанда бір сұмдықтың куәсі болдым. Теңіздегі әдемі арал мемлекеті саналатын Доминиканның теңіз жағасында алып екі кеме тұр.  Жұртшылық теңізден балық ауламайды, суға түспейді екен. Себебі, Қытай теңізді толық сатып алыпты. Ал ана кемелер сол теңізді бақылап тұрған қытай кемелері екен.  Міне, осыдан-ақ қытайдың қаншалық қауіпті жау екенін көруге болады.  Қазір «сен жақсы» деп сәлемдесетін  қытайлардың 2008 жылға дейін «тамақ іштің бе?» деп амандасатынын сол жақтан келген бәріміз білеміз. Сол қытайлар Бейжің олимпиядасы кезінде барып адамша сәлемдесуді  үйренді.

Олар САРС ауыруы тарағанда ғана барып қолдарын жууды, тазалықты үйренді. Міне, сондай рухы да, жаны да лас халыққа отар болуды ойлап көріңіз. Тозақ емес пе? Қытайда дін жоқ. Олар табынатын дін – байлық пен мансап. Адамгершілік пен обал-сауапты ешкім ойына да алмайды.


 Сіз өзіңіз қанша азаматты Қазақ Еліне әкелдіңіз?


Қанат Исламұлы: Қолымнан келгенінше мықты деген спортшы жігіттерді әкеліп орналастырып жатырмын. Ішінде үмітті ақтап жатқандар да бар. Ренжіткендер де болды. Мысалы, күрестен Алматы обылысының ұлттық құрамасында бір ініміз бар, Алла қаласа «Қазақстан барысына» да қатысып қалар. Бокс саласында да бірнеше інілерді әкелдім. Осылайша қолымнан келгенінше  жұмыс жасап жатырмын.


 Көш тоқтап қалған жоқ па?


Қанат Исламұлы: Жоқ, көш ешқашан тоқтамайды. Бұл уақыттық саясат ғана. Қазір де келем деушілерге жол ашық. Мен бұл саясатқа түсіністікпен қараймын.  Мүмкін, қаптап келе жатқан қытайдан сақтанған болар. Аллаға шүкір, қазір Қазақстанды әлем таныды. Ғаламдық саясатта өз орны, өз айтары бар, беделді елге айналды. Тыныштық болса, ел ішінде береке мықты болса қазіргі қордаланған мәселелердің бәрі өз орнымен шешімін табады. Қазақ көшінің бойына қайта жан бітіп, елге ел қосылатын, ұлт қуаты артатын күн жақын арада туады.

 

Отаншылдықтың қайнар көзі – намыс пен ардан бастау алады


 Сізді жұрт отаншыл батыр ретінде қабылдайды. Тіптен, басқа олимпияда чемпиондарына қарағанда  сіз сияқты елдің абыройын басты орынға қоятын, ұлт қамын жейтін азаматтарды құрметтейміз. Бұл туралы не айтар едіңіз?


Қанат Исламұлы: Бірде менін Үрімжідегі бұрынғы ұйғыр жаттықтырушым, қадірлі ұстазым, марқұм Әбіләкім аға бізді Алматыға жарысқа алып келді. Көшеде келе жатқанымызда маған қарап: «Егер менде осындай тәуелсіз ел болса ғой, шіркін! Бүкіл атақ-даңқты, абыройды қайырып тастап, осы көшенің тазалықшысы болып, әрбір тасын етпеттеп жатып сүртіп шығатын едім, бүкіл өмірімді тәуелсіз отанымның бір көшесін тазалап қана өткізуге риза болар едім», – деді. Міне отаншылдық сезім деген осы ғой. Бұндай ұлы сезім Қазақстанға оралған қандастарымыздың көбінің бойында бар. Бірақ, сол тәуелсіздіктің қадірін білмей жүрген қазақтарымыз да қаншама? Намысы биік азамат қашанда отаншыл бола алады.


 Сізше отаншылдық намыстан жаралған ғой?!


Қанат Исламұлы: Иә. Отаншылдық – намысшылдықтың, азаматтықтың, адамгершіліктің көрінісі.


 Елге, жастарға не айтар едіңіз?


Қанат Исламұлы: Әрине, ең алдымен құл болмауды, қайыршы болмауды, тірлікті адамша кешуді айтар едім. Ар-намыс пен обал-сауапты ту қылған азаматтардың көбеюін тілеймін. Біз табандылықпен табыс, нәтиже жарату арқылы өзімізді мойындатуымыз, басқаларға үлгі болуымыз керек.

Соңында «Алты Алаш» порталына табыс тілеймін. Туларыңыз әрқашан биіктен желбіреп, қазақ ұлтының, Алты Алаштың қамын жейтін, ұлтты бірлікке, ерлікке шақыратын игі жолда қызмет еткейсіздер! Сіздерге барша Алаш баласын бірігуге жетелейтін жігер бергей!

Сіздер мен біздер бірлікте осынау ұлы Қазақ Мемлекетінің ертеңгі болашағы үшін күресейік!

 

Сұхбатты дайындаған: Алты Алаш Ұлттық порталы

Осыған ұқсас жазбалар:

ЖаңалықтарМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

IT әлемҚазақ блогшыларының тұңғыш додасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083501

Пікірлер (1)
ketay # 2 сәуір 2014 в 20:35 0
shynde aytepte

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар