Малайзияда жоғалған Боинг-777 қандай ұшақ?

13 наурыз 2014 - Админ
Малайзияда жоғалған Боинг-777 қандай ұшақ?

       Боинг-777 ұшағының бұлай ұзақ уақыт жоғалып кетуі тұңғыш рет байқалған құбылыс, 777 типіндегі ұшақтардың дүниеге келіп, 20 жылдан артық ұшу сапарындағы апатқа ұшырау саны тек бір ақ рет болып, әлемдегі ең қауыпсіз ұшақ деген атқа ие болған еді. Естеріңізде болса былтыр Кореялық әуе компаниясына тиесілі Боинг-777 ұшағы Сан-Францискода апатқа ұшыраған болатын, бұл осы пырақтың тұңғыш реткі сүрінуі еді, оның өзінде тексерудің қорытындысы апат себебін, ұшқыштың тәжірибесіздігінен деп шешім шығарған болатын, дәл осындай қауыпсіздік жағынан үздік ұшақ болғандықтан да, әуе компаниялары таласа сатып алатын.


boeing1


Ал осы жоғалып кеткен ұшақ қайда жасалған? қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көрсек.


Америкалық Боинг компаниясы 1990 жылдан бастап осы 777 типтегі ұшақты зерттеп жасауға кіріскен болып, қосы моторлы алыстан басқарылатын ұшаққа 350 ден астам адам сияды, көкке көтерілген кезіндегі салмағы 340 тонна болып, қазіргі кездегі әлемдегі ең ауыр ұшақ есептеледі.  777 нің басқа да түрлері бар, олардың салмағы мен жолаушы сиымдылығы да ұқсамайды,Боинг-777 ER300, Боинг-777ER200,   Боинг-777LR200  бұл типтердің қанатың ұзындығы, салмағы, жолаушы сиымдылығы әр түрлі болып келеді,  ішіндегі ең ауыры Боинг-777 ER300 болып салмағы 350 тоннадан асады, ал малайзияда апатқа ұшырағаны Боинг — 777-200 типіндегісі болып бұлардың салмағы 240 тан 290 тоннаға дейін барады.


Boeing 777-200LR Worldliner Changing How Passengers Travel Around the World


 Боинг-777LR200 маркалы ұшағының, бір реткі жерге қонбай ұшу қашықтығы 17000 км ден асатын болып, рекордтық көрсеткіш есептеледі, ұшу жылдамдығы  0,8 махқа тең (бұл ұшақ жылдамдығында қолданылатын термин, ұшақтың әр километр үшін жұмсайтын жағармайы ең төмен болған кездегі ұшатын жылдамдық)   бұл да жолаушылар ұшағы үшін өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Осындай жоғары жылдамдықты қолға келтірген  моторы да, көлемі жағынан  жолаушылар ұшақтарының ішіндегі ең үлкені және ең асылы десек болады.


boeing5


Боиг-777LR200 дің ұшқыш бөлмесі де басқаларына қарағанда қарапайым жобаланған. Жоғары да айтып өткеніміздей Боинг-777 1990 жылдан бастап зерттеліп, 1994 жылы сынақ етіле бастаған, 1995 жылы ресми түрде қолданысқа енгізілген болатын, содан бергі 20 жылға жуық уақыттың ішінде, әуе тасымалы саласында бұл ұшақтың атағы кеңге жайылды, қауыпсіздік көрсеткіштері өте жоғары, 19 милион сағатта бір рет болып,  өзінің туысқаны Боинг -747 нің 17 милион сағатта бір реттік көрсеткішінен асып кеткен еді, осындай көрсеткіштері болғандықтан да, әлемдегі танымал әуе компаниялары осы түрдегі ұшақтарды пайдаланады.


boeing4


Ұшақтың жалпы құрылымына қарайтын болсақ, ұшақ қауыпсіздігіндегі ең маңызды бөлігі саналатын қанатынің ұзындығы 60 м ден асады,


boeing6


ұшқыш бортында 6 үлкен экран орналасқан болып, бүкіл барыс компьютерде басқарылады, ұшақ ішіне 300 ден артық түрлі орындықтар орналастырылған, орындықтардың аралығы мен кеңдіктері де адамға ең жәйлы өлшеммен жасалған, жүк алғышында 32 дана жүк сандығы бар болып, жалпы көлемі 160 метр кубты құрайды.


boeing2


Ұшақ алдыңғы, орта және артқы 3 бөліктен тұрады, қанат бөлігіне алтын — алюмин қорытпасы істетіледі, оның қаттылық дәрежесі өте жоғары болып оңай опырылып кетпейді, ұшаққа негізінен тазалық дәрежесі өте жоғары металдар істетілген,  бұдан сырт жасанды серік арқылы сымсыз байланыстарды қабылдай алады.


Осындай әлемге әйгілі, атақ даңқы шар тарапты шарлаған, супер самолеттің жоғалуына не себеп болды екен?

 

Аударған:   Қасен Сержан

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062432

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар