Ресей Украинаға басып кірмек

2 наурыз 2014 - Админ
Ресей Украинаға басып кірмек

Кеше (01,03,2014)  Ресей мемлекеттік думасы Путиннің ұсынысын қабылдады, яғыни Ресей Украинаға әскер кіргізуге шешім қабылдады, бұдан бұрын белгілі болғанындай Украинада басталған Ресеймен интеграциялануға қарсы топтың көтерілісі, 3 айға жалғасып, соңында Украина президенті Виктор Януковичті тақтан тайдырып тынған еді.

Москваға қашып барған Янукович осыдан 3 күн бұрын Москвада тілшілерді қабылдап, көтерілісшілерді елдің бірлігін бұзған бандиттік әрекет деп бағалап, өзін әлі де Украинаның заңды президенті санайтындығын мәлімдеген болатын, ал енді Путин болса әскер кіргізудегі басты себеп ретінде Украинада тыныштық орнату және қырымдағы орыстардың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Естеріңізге сала кетейік осыдан тура бір апта бұрын, ақпанның 23 күні Ресей қызыл әскерінің мерекесі қарсаңында сөйлеген сөзінде,  Ресей мемлекеттік дума спикрінің орынбасары, ЛДПР партиясының жетекшісі,  әйгілі көбік ауыз Владимир Жирновский Украинаға әскер кіргізу керектігін айтты, тіпті ол орта азия мемлекеттерін (Түркменстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан) түгел жаулап Ресейге қарасты федералдық окург құру керек деп көпірген еді, ал бүгін оның айтқандары  шын өмірде көрініс таба бастағандай, бұдан қандай қорытынды шығаруға болатындығын көзі қарақты оқырман біліп отыр, осындай да аталарымыздың “Орыстан досың болса, қойныңда айбалтаң болсын” деген сөзі еске түседі, өкініштісі сол біз айбалтамыздан, 1992 жылы айырылып қалғанбыз, оны Қауыпсіздігімізге Біріккен Ұлттар Ұйымы кепілдік береміз деген кезде қойынымыздан алып тастай салдық, құдай бетін ары қылсын егер көршімен арамыз суып жатса барлығына дайын болуымыз керек алаш жұрты.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072422

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар