Ғарыш қырандары

4 қаңтар 2016 - Нагима Ергалиева
Ғарыш  қырандары

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы:Ғарыш  қырандары

Сыныптан тыс іс –шараның мақсаты:

Тарихқа шолу жасай отырып, оқушылардың «ғарыш» туралы мағұлмат алуы, ғарышқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған ғалымдармен танысу және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуға дайындықтарына тоқталу, қазақ ғарышкерлерімен танысу, отансүйгіштікке, адамгершілікке, батыр ағаларымызды үлгі тұтуға және салауатты өмір салтын ұстану.

Міндеттері:

XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру;

Ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу;

 

Ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: география, физика, астрономия, тарих
Көрнекілік: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин суреттері. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар суреті, слайд-презентация.

Сабақтың барысы:

 Кіріспе

(бейне-ролик көрсетіледі)

Мұғалім:

Балалар бұл бейне-роликтен нені байқадық? 12- сәуір қандай күн ?

Қанат:

Армысыздар ұлағатты ұстаздар, оқушылар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды.

Айгерім:

1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

Қанат:

Балалар, сіздер адамзаттан бұрын ғарышқа ит ұшты дегенге сенесіздер ме? (балалар өз ойларын ортаға салады)

Дина:

 Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.1957 жылдың 3 — қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник — 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 — 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан — ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.

Мақсат:
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.
 

Динара:
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.Аты әлемге тарап атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті топтарының атын өзгерткен де әншілер болды. Ғарыш күніне ойластырып әртүрлі Ашықхаттар әзірленді.

Айгерім:

Адамзат итті ғарышқа ұшырып сынақ жасағаннан кейін кезек адамзаттың өзіне келеді.Адамдар ғарышқа ұшуды ертеден – ақ армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн........

Қанат:

Дегенмен ойы жүйрік адамзат қауымы ғарышты да бағындырды. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты.

Мади:

Гагарин Юрий Алексеевич  (9 наурыз 1934 жылы, Гжат(қазіргі Гагарин) ауданы Клушиноауылы Смоленскоблысында дүниеге келген) – КСРОұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры.

1961 жылы 12 сәуірде Востокғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынантарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.

Ақиқат:

 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955 жылдан Кеңес Армиясыкатарында. 1-Чкалов әскери- авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етгі. 1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышка ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минуттан кейін Жерге қайта конды.

Дастан:

Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді ұйретіп — жаттықтыру ісіне тікелей арала- сып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды. 1968 ж. Әскери-өуе инженерлік академиясын бітірді. 1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты. 1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мұшесі. Ленин орденімен, медальдермен жөне көптеген шет ел ордендерімен марапатталған.

Дильназ:

Гагарин 1968 жылы 27 наурызда  ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында). Монинодағы (Мәскеу обл.) Әскери-өуе академиясына, Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілген.

Ақтілек Ө:

1968 ж. Халықаралық авиациялық федерациясы Ю.А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегі ғарышкерлерді даярлау орталығы Гагарин атындағы Ресей ҒА- ның ғылыми-зерттеу кемесі, дүние жүзінің көптеген оку орындары, калалар, көшелер мен алаңдар Гагарин есімімен аталады.Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль кабырғасына қойылған.

Айгерім:

Олай болса кезекті  әнге берейік.Мақсаттың орындауында «                .» әні

Қанат:

ХХ – ғасыр. « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – «ай нұрын ұстап мінсе де,қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.                 

Алмас:

Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан — Тоқтар Әубәкiров. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш рет Т.Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. 7 тәулiк 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубәкiров тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды.

Аружан:

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - 27 шілде 1946 жылҚарқаралы ауданыҚарағанды облысында дүниеге келген. Ол -қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Қазіргі таңда зейнеткер.

Қуаныш:

Қазақ халқынан екінші болып ғарыш кеңістігін бағындырған – Талғат Мусабаев болды. Талғат Мұсабаев "125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады.

Индира:

Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады.

Мерей:

Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған. Қазақтың тағы бір тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өміріне тоқталып өтсек. 1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ — 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Тайбек:

Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ -Т.Мусабаев. Ол 1994ж.135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998ж. Орбитада 7 ай жүріп, 7рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас-аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғыйығымен бетпе-бет өткізді.                                                           

Айгерім:

Балалар, сіздер ғарышта болған алғашқы нәзік жанды әйел баласын білесіздер ме?

(балалар өз білгендерін айта бастайды)

 

Қанат:

Онда Валентина Терешкова туралы толығырақ бізге Алдияр айтып беремін дейді.

Алдияр:

Әлем тарихындағы тұңғыш әйел ғарышкер, КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры. Терешкова Валентина Владимировна 1937 жылы туған,Ярославль облысының Асленниково деревнясында дүниеге келген. Ол ғарышқа сапарын «Восток-6» (маусым, 1963) кемесімен жасаған. Қазіргі таңда Ресей елінің думасының депутаты.Қазақстанда Терешкова атындағы көше атаулары бар.

Қанат:                                                                                                                                                       

Кезекті Қасым Аманжоловтың «Ұшқым болғым келеді» атты өлең жолдарына берелік.                                                                                                                                      Айша:                                                                                                                                      Ұшқыш болғым келедi,
Көңiлi – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнiмен аспанның
Әзiлдескен, сырласқан.
Ұшқыш болғым келедi!                                                                                                       Күнге күлiп, күй тартқан,
Айға әнiн тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келедi!

Мұздай болат киiнген,
Батпан қару үйiрген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйiлген
Ұшқыш болғым келедi!
Таңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш болғым келедi!
Ар, намысын ақтаған,
Жүрекке сыр жаттаған,
Туған елiн — ұясын,
Жан — тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келедi!
Ұшқыш болмай немене,
Куат бiттi денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келедi!

 

Айгерім:

 Аймен Күнді ардақтаған алашым,

Биіктерге баулитуғын баласын

Көк дөненнен жүйрік қазақ көңілі

Шарлайтұғын жұлдыздардың арасын.

Көрініс:(Ұшқыш кілем ертегісі бойынша )   «Марстан келген қонақ»

Азат (Марстан келген қонақ):Сәлеметсіздерме, балалар? Сабақтарың қалай, жақсы оқып жүрсіңдерме? Сендерді біраз сырттан бақылап отырдым, қызықты кеш өткізіп жатырсыңдар-ау осы.

Балалар:Хош келіпсіз! Төрлетіңіз! Біздің сізден білгіміз келетіні көп.

Азат:Ендеше, сұрақтарыңызды қойыңдар, мен жауап беруге дайынмын.

Рахат:Марс планетасы туралы қысқаша айтып берсеңізші.

 Азат:Марс Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен. Біздің планетамыздың жұлдыздарға қатысты айналу периоды сіздің 58 тәуліктеріңізге тең.  Марс планетасы диаметрі бойынша Жерден екі есе кіші. Оның бір жылы Жердікінен екі еседей үлкен. Марста жағдай қатал. Экваторда жазды күннің өзінде температура 00-тан сирек көтеріледі, ал түнге қарай шытынаған аязға (-70, -1000Сқа) дейін төмендейді.

Елжан:Марста тіршілік бар ма ?

Азат:Тамаша! Ұзақ уақыт бойын Жер ғаламшарының адамдары тіршілік етуге болады деп келген.Бірақ біздің ауамыз бен сіздердің ауаларыныңызда айырмашылық бар?

Илья: Сізге марсты зерттеп білу үшін не қажет ?

Азат: Білім, ынта жігер, шыдамдылық өте қажет-ақ! Ондай қасиеттер бойыңнан табылама?

Илья: Иә.

Азат:Қане сенің біліміңді тексеріп көрейін. Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар ?

Илья:Қазір 8 ғаламшар, бұрын 9 ғаламшар деп есептеп келдік.

Дастан: Марста топырақ бар ма ?

Азат: Әрине бар, Өз ғаламшарларыңызды жақсы көресіздер ме ?

Тайбек:Мен өз елімнің, Жерімнің патриотымын.

Азат:Олай болса, маған туған елдеріңіз жайлы ән айтып бересіздер ме ?

Қанат:Сіздің құрметіңізге арнап қонақ кәде ретінде Тайбектің орындауындағы әнді қабыл алыңыз.

Азат:Тамаша ән екен.Сіздерге үлкен рахмет!!!

(Марстан келген қонаққа дыбыс келеді)

Азат:Кешірерсіздер, мені достарым шақырып жатыр. Бізде артық жүріс деген, бос іспен шұғылдану деген болмайды. Сондықтан менің уақтым тығыз, мен жаңа жаңалықтар ашу үшін уақтымды жұмсаймын. Сендер тамаша балақай екенсіңдер. «Ғарышкер боламын» деген оқушының талабы жақсы екен. Ғарышта көк туларыңыз желбірей берсін. Сәт, сапар сіздерге, достар! Сау, болыңыздар!

Оқушылар:Сау болыңыз!

Айгерім:

Балалар, сіздер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаевтан басқа қазақстандық ғарышкерлер туралы білесіздер ме ?

(оқушылар өз ойларын айтады)

Олай болса, кезекті қазақстандық ғарышкерлер туралы мәліметтерге берелік.

Аружан:

Владимир Шаталов 1927 жылы 8 желтоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген.

1943 жылы Петропавлда 8 сыныптық мектептi бiтiрiп, Қарағандыға эвакуациямен көшiрiлген Воронеж әскери-әуе күштерiнiң арнаулы мектебiне түсiп, осында орта бiлiм алып шығады. Осы жылы №8-шi Әскери ұшқыштар мектебiнде бiлiмiн жетiлдiрiп, Качинскiдегi әскери училищеге түседi. 1956 жылы КСРО Әскери әуе күштерi академиясын үздiк бiтiрiп, өз мамандығы бойынша түрлi қызметтер атқарады. Эскадрилия командирi, Әуе полкы командирiнiң орынбасары, Одесса әскери округында нұсқаушы-ұшқыш, Әуе күштерi қолбасшысының көмекшiсi қызметтерiнде болады. 1972 жылы Гагарин атындағы орталық Әскери әуе күштерi академиясында ғылым кандидаттығын қорғайды.

Владимир Шаталов – қазақстандық ең алғашқы ғарышкер-ұшқыш. Бiрақ ол бұл атаққа ие емес. Қазақстанда тумаса да бұл атаққа Юрий Маленченко ие болған. №3 Қазақстандық ғарышкер-ұшқыш атағына ие болған Маленченко Қазақстанның халық қаһарманы (1995) атағын да өзгелерден бұрын алды.

Владимир Шаталов ғарышқа үш рет ұшқан. Алғашқы рет 1969 жылы 8-тамызда «Союз-4» ғарыш кемесiнiң командирi ретiнде ашық космосқа шығып, «Союз-5» кемесiмен түйiсiп, ғарышкерлер Евгений Хрунов және Алексей Елисеевпен жерге оралған.

Екiншi рет 1969 жылы 13-қазанда «Союз-8» ғарыш кемесiнiң командирi ретiнде Алексей Елисеевпен бiрге ұшқан.
Үшiншi рет 1971 жылы 23-сәуiрде «Союз-10» кемесiнiң командирi ретiнде ғарышкерлер Алексей Елисеев және Николай Рукавшиников пен ұшып, әлемде тұңғыш рет орбиталық «Салют» станциясымен түйiстiру практикасын iс жүзiнде қол жеткiзген.

Владимир Шаталов – әлемдегi ғарыш кемелерiн қолмен басқару арқылы түйiстiру тәжiрибесiн жасаған тұңғыш ғарышкер. Екi мәрте КСРО-ның батыры. Оның атымен Айдағы кратер аталған. Ғарыш тақырыбына арналған бiрнеше кiтаптың авторы. Қарағанды қаласының құрметтi азаматы.

Әйгерім:

Виктор Пацаев – 1933 жылы 19 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Орта мектептi бiтiрген соң, Пенза индустриальды институтына түсiп, Орталық аэрологиялық обсерваторияда қызмет еткен. Метеорологиялық ракеталар құрылғыларын жасайтын кострукторлық бюрода қызмет атқарған. 1968 жылы космонавтар дайындайтын орталыққа қабылданып, оның толық курсынан өткен. 1971 жылы 6 тамызда «Союз-II» ғарыш кемесiнде және «Салют-1» орбиталық станциясында сынақшы-инженер ретiнде ғарышқа ұшқан. Ұшу сапары 23 тәулiк 18 сағат 21 минут 43 секундты құраған.

Құрамында ғарышкерлер Г.Добровольский, В.Пацаев, В.Волков бар «Союз-II» короблi Жерге қонуға 150 шақырым биiктiкте ашық космоста қаза тапты.

Олардың бәрiне Кеңес Одағының Батыры атағы берiлiп, Қызыл алаңда жерлендi.

Виктор Пацаевтың құрметiне Айда 1791-шi шағын планета аталған. Жерлесiмiздiң атымен Ресей космос агенттiгiнiң ғылыми-зерттеу кемесi күнi бүгiнге дейiн жұмыс iстеп келедi.

Ақтөбеде Виктор Пацаевқа ескерткiш орнатылған. Батыр атында көше бар.

Мади:

Владимир Жәнiбеков – Ташкент облысының Бостандық ауданы, Ескендiр поселкесiнде 1942 жылы 13 мамырда дүниеге келген. Ежелгi қазақтар мекен еткен ауылда өскен Володя жастайынан елгезек болып өткен. 2-шi сыныптан бастап, ол қабырға газетiнiң редакторы ретiнде қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.

1960 жылы Ташкенттегi Суворов училищесiн алтын медальмен бiтiрiп, Ленинград университетiнiң физика факультетiне оқуға түседi. Университеттегi оқуын өз еркiмен тастап, Жоғары Әскери әуе күштерi училищесiне оқуға түседi.

1965 жылы оқуын бiтiрiп, осында нұсқаушы болып қызмет атқарады.

1969 жылы училищеге №2 космонавт Герман Титовтың келуi Жәнiбеков өмiрiне күрт өзгерiс әкеледi. 1970 жылы Владимир Жәнiбеков Жұлдызды қалашыққа келiп, космонавтика ғылымымен айналысады.Ол ғарыш кеңістігінде 5 рет болады.

1978 жылы 10 қаңтарда Жәнiбеков бортинженер Олег Макаров пен бiрге «Союз-27» кемесiнде командир ретiнде алғашқы ұшу сапарына аттанады. Владимир орбита кеңiстiгiнде тұңғыш рет бiр мезгiлде «Салют-6», «Союз-26», «Союз-27» ғарыш кемелерiнде тәжiрибелер жүргiзедi. Ол жерге «Союз-26» кораблiмен оралады. Ұшу мерзiмi 5 тәулiк 23 сағатты құрайды.
Екiншi рет Жәнiбеков 1981 жылы Моңғолия азаматы Гуррагчамен «Союз-39» кораблiмен ұшады.

Үшiншi рет 1982 жылы 24 маусымда Владимир француз азаматы Жан-Лу Кретьен және Ресей бортинженерi Иванченков пен бiрге «Союз Т-6» ғарыш кемесiмен ұшады. Тәжiрибелi ұшқыш бұл сапарында орбиталық ғылыми-зерттеу станциялары «Салют-7», «Союз-Т-5», «Союз Т-6» аппараттарымен комплекстi зерттеу жұмыстарын жүргiзедi.
1984 жылы 17 маусымда Жәнiбеков бортинженер Светлана Савицкаямен және Игорь Волковпен бiрге «Союз Т-12» кораблiмен бiрге төртiншi рет ғарышқа ұшады.

1985 жылы 6 маусымда бесiншi рет Виктор Савиныхпен «Союз Т-13» кемесiмен ұшып, ғарышкер Гречкамен жерге оралады. Ұшу мерзiмi 115 тәулiкке созылады.

Владимир Жәнiбеков екi мәрте Кеңестер Одағының Батыры. Әскери шенi генерал-майор.

Бос уақытында спортпен, сурет салумен айналысады. Атақты ғарышкердің ата тегінен келе жатқан фамилиясы Крысин. Жәнiбеков – тегі алғашқы әйелi Жәнiбекова Лилия Мунирқызының фамилиясы. Ол – қазақтың Жәнібек ханының ұрпағы көрінеді.

Жәнiбековтың атымен планетаның №3170 кратерi аталған. Ташкентте ғарышкердің құрметiне ескерткiш.

Нұрила:

Викторенко Александр Степанович – 1947 жылы 29 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы, Сергеевка ауданының Ольгинка селосында дүниеге келген.

1965 жылы орта мектептi бiтiрген соң, Орынбордағы жоғары әскери училищеге түсiп, оны 1969 жылы үздiк бiтiрiп, ұшқыш-инженер мамандығын алып шығады. Оқу-тәжiрибе алаңында Л-29 ұшағымен 98 сағат, Ил-28 ұшағымен 82 сағат ұшу сынағынан өткен.Ғарышта 6 рет болған.

1978 жылдан ғарышкерлер қатарында. «Боран» бағдарлама-сына қатысып, әуе техникаларын сынақтан өткiзу жұмыстарына қатынасқан. 10 түрлi ұшақтарды сынақтан өткiзiп, жалпы саны 1993 сағат әуе қабатында болған.
Ғарышкерлер қатарындағы нөмiрi – 62. Төрт рет орбитада болып, ұшу мерзiмi – 489 тәулiк 1 сағат 35 минут 19 секундты құраған. 6 рет ашық космосқа шыққан. Әскери шенi – полковник.

1987 жылы 22-шiлдеде «Союз ТМ-3» кораблiнiң командирi ретiнде А. Александров пен Сирия азаматы Фариспен бiрге ұшқан.

1989 жылы 6 қыркүйекте космонавт А. Серебровпен КК «Союз ТМ-8» кораблiнде бiрге ұшып, ашық космосқа 5 рет шығып, 15 сағат 36 минут бойы жаңа скафандрды сынақтан өткiзген.

1992 жылы 17-наурызда үшiншi рет КК «Союз ТМ-14» кемесiнде космонавтар А.Калери және немiс азаматы Д.Фладэмен 145 сағат 10 минут 33 секунд орбитада болған.

1994 жылы 4-қазанда төртiншi рет ғарышкерлер Е.Кондакова мен немiс азаматы У.Мербольдпен ұшып, орбитада 169 тәулiк 5 сағат 21 минут 35 секунд болған. Кеңестер Одағының Батыры.

1979 жылы барокамерада жаттығу кезiнде электр тоғы ұрып, 17 сағат естен танып қалған.

1997 жылдан – еңбек демалысында.

Тайбек:

Юрий Валентинович Лончаков -1965 жылы 14 наурызда Жезғазған облысы, Балхаш қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Ақтөбе қаласындағы №22 орта мектептi бiтiрген соң, Орынбордағы жоғары әскери ұшқыштар училищесiн бiтiрген. 1998 жылы Жуковский атындағы әскери академиясында бiлiмiн жетiлдiрген.

1986-1995 жылдары теңiз авиация бөлiмдерiнде кейiн әуе қорғаныс буындарында түрлi қызметтер атқарған.
Космонавтар қатарына 1998 жылы қабылданған. Ұшақтарда ұшу мерзiмi 1400 сағат.

2001 жылы 19 сәуiрде Америкалық көпсалалы «Индевор» халықаралық космостық станциясында (МКС) тұңғыш рет сынақтан өткен.

2002 жылы 30 қазанда «Шатл» космос кораблiнде бортинженер санатында ғарышкерлер Сергей Залетин және Бельгия азаматы Франс де Виннемен бiрге ұшқан. Ұшу мерзiмi – 10 тәулiк 20 сағат 53 минут 9 секундты құраған.
Үш Ресей медалiмен, NASA медалiмен марапатталған. Әскери шенi – полковник.

2004 жылы Ресей президентi В. Путиннiң қолынан «Ресей батыры» атағын алған. Американың «Шатл» космос кораблiнде екi рет ұшқан келесi бiр жерлесiмiз  Юрий Валентинович Лончаков. Ол – Ақтөбе облысының құрметтi азаматы (2006).

Қанат:

Балалар, сіздерге рахмет.Қазақстанды туған Отаным деушi космонавтардың да бiр тобымен таныстық. Оларды бiз ұмытсақ та тарих ұмытпақ емес. Бүгiн бiз солардың ғарыш кеңiстiгiнде алар орны туралы айтып кетудi жөн көрдiк.

Айгерім:

Ғарыш кеңістігі үшін Байқоңыр ғарыш айлағының алатын орны ерекше.

Еркежан:

Байқоңыр – ғарыш алаңы. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жы­лы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, факторлары ескерілді.

 

Камилла:

Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Ақсара:

Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.

Айжан:

Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көп­теген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

Дильназ:

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшы­рылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі. Бұл процесстің суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.

Ердос:

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процессі. Сондықтан, ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде.

Қанат:

Тамаша, балалар! Сіздер бүгін ғарыш және ғарышкерлер туралы біраз мәліметтер алдыңыздар.

Айгерім:

Сіздердің білімдеріңізді сынап көрсек деп едік......

1.Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)

2.Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)

3. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)

4.Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)

5.Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)

Қанат:

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.

Жырға бөле әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер

Көтерді қазағымның мәртебесін, — деп, ғарышкерлер күніне арналған кешімізді аяқтаймыз.

Хор «Атамекен»

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСағынам сазды қоңырау.

ҰстаздарғаАяласаң, табиғатты аяла

ТесттерФизикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

Ұстаздарға13 жас - алғашқы мүшел

Қазақ әдебиеті«Қасиетті Қорқыт баба» атты сахналық қойылым

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115461

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар