«Біздің ойыншықтарымыз».

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы.

«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі.

Гүлжазира Махмутова Сиражеденқызы.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қоршағанортаментанысу. Тақырыбы: «Біздің ойыншықтарымыз». Мақсаты: Ойыншықтар туралы мағлұмат беру.Ойыншық түрлерінайту, ажыратабілу. Балаларға ойын ойнау арқылы ойыншықтардың неден, қандай заттардан жасалатыны жайында ұғым беру… Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Көрнекілігі: Ойын технологияларын қолдану, суреттер, ойыншықтар т.б. Қолданылатын әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, көрнекілік, саяхат. Пәнаралық байланыс: Сенсорика, дене шынықтыру. Сөздік жұмыс: Ойыншықтар,,қатты-жұмсақ,ұқыптылық, мейірімділік

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Балалар шеңберге тұрады.Тәрбиеші: Балалар, бір-бірімізбен амандасып алайық.Біздің күлкіміз көңілді, Жеткізсін жылу мен шаттықты.Бөліскен жақсы ғой өмірде,Қуаныш, мейірім, бақытты.

Балалар бәріамандасады.

(қолдарын еріндерінің шетінежақындатады) (қолдарын жүректерінің тұсына қояды) (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

(қолдарын екі жаққа созады).

Ұйымдастыру-шы-іздестіру

Өткен оқу іс-әрекеті «Болады, болмайды»тақырыбын қайталайды.Тосын сәт: КуыршақГүлнара кіреді:-Саламатсыздар ма, балалар,- Саламатсыз ба қуыршақ, сен неге көңілсіз жүрсің?

-Бүгін менің туған күнім, бірақ маған ешкім сыйлықтар жасамады.

-Сен сыйлыққа не қалайсың?

-Көп ойыншықтар қалаймын.
-Балалар Қуыршақ Гулнараға сыйлық жасаймыз ба?
-Ал, сендер ойыншықтар қайда сатылатынын білесіңдер ме?

-Сендердің аналарың базарға, дүкенге немен, қандай көлік түрімен барады?

-Олай болса біз көппіз дүкенге автобуспен барайық.
Автобуста адамдар қалай отырады?

Дүкенде сатушы апай жұмыс жасайды, апаймен амандасайық.
-Сәлеметсіңдер ме балалар сендер неге келдіңдер?

Сатушы:- Олай болса міне ойыншық түрлері, сендер қандай
ойыншық қалайсыңдар?
-Мен сендерге ойыншықтардың қандай заттардан жасалғаны жайында түсіндіріп өтейін. (Ойыншықтар туралы сатушы түсіндіреді)
Сендер ойыншық атауларын білесіңдер ме?

Мынау қандай ойыншық?
Доптың пішіні қандай?
Түсі ше?
Осы ойыншық доп балалар жұмсақ резинадан жасалған ұстап көріңдерші қатты ма, жұмсақ па?
-Балалар біз апайға доп туралы жаттаған тақпағымызды айтып берейікші.
-Рақмет балалар сендер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Басқа да ойыншықтар түрлерін түсіндіреді.-Тәрбиеші:

-Балалар дүкеннен заттарды тегін аламыз ба, ойыншықтардың ақысын төлемейміз бе?

-Сатушы апайға не айтамыз бізге ойыншықтар туралы көп ақыл кеңес айтып берді.
-Сатушы: Сендерге де рақмет, енді ойыншықтардың қандай заттардан жасалатындарын білдіңдер естеріңнен шығармаңдар.
Сау болыңдар! Автобусқа отырып қайтамыз.Міне тобымызға да келдік.
Енді орнымызға жайғасайық.
Гүлнараға әкелген сыйлықтарымызды берейік.Әр бала өздері таңдап алған ойыншықтарды Гүлнараға сыйлайды және әр ойыншық туралы айтып береді.
Гүлнара: Рақмет сендерге балалар сендер маған көп ойыншық сыйладыңдар.

Мен енді осы ойыншықтарымды достарыма көрсетіп олардың қандай заттан жасалғаны жайында айтып беремін. Сау болыңдар!
Рақмет сендерге.

Ойыншықтармен, бейнетаспамен жұмыс

Жұмсақ-қатты ойыншықтар, бейнетаспадандамытушыойыншықтарды тамашалайды.

Өткенді қайталады.

Суреттербойыншаайтады.

Жаңа оқу іс-әрекетінтүсінді.

-Иә, ойыншықтар дүкенінде сатылады. –Автобус, машина.

Қауіпсіздік ережелерін айтады.

Біз Қуыршақ Гүлнараның туған күніне сыйлыққа ойыншықтар таңдап жүрміз.

Ойыншық түрлерін таңдайды.

-Доп

-Дөңгелек.

-Қызыл.

Жұмсақ.

Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап,
Үстел үстін бүлдірдің,
Тарелканы сындырдың.

Ән:« Ойыншықтар»айту, би қимылын жасап, тақпақтар айтып, ойыншықтарды алады.

Рақмет.

Сау болыңыз!

Ойыншықтарға қызығады.

Рефлексивті-коррекциялау- шы

Ойын: «Таныда ата»

Ойыншықтардысапасынақарайайырады.

Бүгінгі оқу іс- әрекетімізде қандай тақырыпта жұмыстандық?

Бекіту, мадақтау.

Бейнетаспаға қарап отырып ойыншықты таныды, атады..

Ойынға белсене қатысады.

«Біздің ойыншықтар» туралы ұғымын білді.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Ойыншықтарды таниды, атауларын неден жасалғандары жайында білді.Үйренеді: Ойыншық түрлерін, дамытушы, жұмсақ-қаттыұғымдарды тереңірек үйренді.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойыншықтарды күтіпұстауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақы болуға дағдыланды. Балалар оқу іс — әрекетіне белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыланды.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Тәрбие жоспарыҚоршаған орта, экология

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083416

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 30 қазан 2015 в 10:51 0
Тамаша сабақ. Балалар ойыншықтар туралы көп мағлұмат алған шығар. Күнделікті қолдарын ұстап ойнап жүргенде оның сапасына, неден жасалғанына мән бермейтін де шығар. Мына сабақтан кейін ойыншықтарды тереңірек танитын болды. Сабағыңызға рахмет!
Гулжазира Махмутова # 30 қазан 2015 в 22:16 0
Пікіріңізге рахмет! Әріптес.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар