​Техника ғасыры ─ адам тағдыры

1 мамыр 2014 - infust

XXI ғасыр техниканың дамуының шарықтау шегіне жеткен, даму, өркендеу, жалпы айтқанда техника ғасыры. Бір кездері адам баласына арман болған, қиял-ғажайып дүниенің барлығы қазір күнделікті тұрмыста қолданыста. Орыс халқында «қазіргі кездегі барлық техника адамның жалқаулығынан пайда болған» деген сөз бар. Шыныменде қарап отырсаң барлығыда адамның жұмысын жеңілдету мақсатында жасалып, күннен-күнге дамып жатқан адам ойының жемісі. Алайда адам өмірін жеңілдетеміз деп, түрлі заманауи техникалар жасағанымызбен, олардың пайдасынан гөрі зияны адам денсаулығына әсер етіп жатқаны ащы да болса шындық! Әсіресе күнделікті қолданып жүрген компьютердің зиянын санап болмайсың. Бұл мәселе ғылымда дәлелденген, әлде де зерттелу үстінде. Қазіргі кезде бұл жөнінде әлем ғалымдарының айтары көп.Кейде дәл осы компьютерді «қауіпті ғасыр ойыншығы» деп те атайды.Ендеше «қауіпті ғасыр ойыншығы» жайлы бірер сөз.

Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады екен.Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды

Әдетте жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.

Бұл электромагниттік сәулелерді өзіміздің отандық компьютер шеберлері құрастырған «қызыл» құрылысты компьютерлер көбірек бөледі екен. Бұл отандық технологияның сапасының нашарлығы ғана емес, адам денсаулығының бүлінуіне алып келетін бірден-бір салғырттық. Өз тауарларымыздың сапасының нашарлығына, адам денсаулығына қауіптілігіне қарамастан, отандық тұтынушыларды көбейтеміз деп тыраштанғанымыз болашақ ұрпақтың өміріне бей -жай қарағанмен тең. Бұл да бір ел қоғамының қасіреті. Ал электромагниттік сәулеге оралатын болсақ, қазіргі кезде АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде сапалы және қауіпсіз «ақ» құрылысты компьютерлер шығарылады. Ал сапасы орташа «сары» құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайвань секілді кейбір Азия елдерінде шығарылады.

Біз әдетте, монитор зиянды деп ойлаймыз. Ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамы эксперттерінің мәліметі бойынша, компьютерде жұмыс істейтін ересек адамдардың 92%, ал жасөспірімдердің 73% өздерінің жұмыс соңында шаршайтынын және өздерінің ойдағыдай сезінбейтіндерін айтады екен. Осындай жағдайлардың кейіннен келеңсіздіктерге душар ететіні белгілі болып отыр.

Тек компьютер ғана емес қазіргі кезде интернет желілері де адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Әсіресе бұл қазіргі таңдағы жасөспірім балалардың нервтік жүйесін нашарлатып, санасын қараңғылауда. Бұл қазіргі таңда жахандық ауруға айналды. Мысалға айтатын болсақ, көрші Қытай елінде жеткіншектерге үлкен талап қойылады. Мәселен, компьютерлік бағдарлама өзін жүйеге қосқан адамның кәмелетке толмаған бозбала екенін білсе, бір күн ішінде үш сағат тұтынуға рұқсат етеді. Егер бозбала ойынды жалғастыра берсе, жинаған ұпайының жартысын ғана алады. Бес сағаттан соң бағдарлама жұмысын толық тоқтатады. Сонымен қатар оқушылар интернет кафеге де кіре алмайды екен. Егер кафеде демалып отырған оқушы ұсталып қалса, 30 күн «зынданға» қамалады. Ал егер осы жағдай екінші рет қайталанса оқушы мектептен қуылады екен. Бұл жағдай әрине қатал көрінер, бірақ құлтемірден бас алмай, күннен-күнге құлтемірге айналған жеткіншектерді басқаша тәрбиелеу мүмкін емес деп ойлаймын. Елінің болашағы, болашақ ел тізгінін ұстар жастардың тәрбиесін алаңдайтындар болса қытайлықтардай-ақ болсын. Тіпті ол жақта құмар ойындарға берілгендерді емдеу орталығы да бар, және де 2005 әлемдегі ең алғаш ашылған онлайн-ойынынан зардап шеккендерді емдеу орталығы. Бізге оғаштау естілер, себебі біздің елге бұл онлайн-ойындар енді белсене аяқ басып келеді. Содан да шығар, елімізде қытайдағыдай келеңсіздіктер жоқ. Сақтансаң, сақтаймын дегендей әлде де болашақ ұрпақты дұрыс жолға салу біз үшін кеш емес. Бұл үшін ең алғаш ата-аналар тәрбиесі маңызды. Тәрбие тал бесіктен екенін ұмытпаған жөн. Және де билік тізгінін ұстап отырғандардың бұл мәселені жөнді көтермей отырғанына таңым бар. Онлайн-ойындарынын зардап шеккендердің көбісі-14-20жас арлығындағылар. Оларға қойылған диагноз да әртүрлі екен. Бірінің түсіне онлайн-ойында өлтірген адамдары кіріп, тыныштық бермесе, енді бірінің жүйке жүйесі зақымданып, асқа деген тәбетін жоғалтқан. Тағы бірі күйзеліске ұшыраған. Жалпы айтқанда достарын, мектепті, ата-анасын жоғалтқандар. Осы орйда Қытай үкіметі интернет желісін қатаң бақылауға алуда.

Психологтардың айтуы бойынша қатыгез кино, ойын т.б көріністер музыканың шамадан тыс жоғарғы дыбысты болуы, құлаққа наушникпен ұзақ тыңдап жүру, құлақтың мембранасына пайдалы емес. Әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді екен. Себебі жылдам жауап беріп, тез қимылдау талап етіледі. Нервтік жүйенің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді. Сонымен бірге адамның әсіресе жасөспірімдерге өтпелі кезең жасындағы оқушыларға жүйке жүйесіне әсері, тез ашуланшақ болуы, психологиялық құбылыстық әсерлері болуы мүмкін.

Және де таң қаларлық жағдай. Әдетте Жапония десе көз алдымызға дамыған технологиялар елі елестейді. Айтары сол жапондардың технологияға берілгені сонша тіпті ұлттық жазуларын, яғни иероглифтерді дұрыс жазуды ұмыта бастапты. «Ұмытқандардың» саны халықтың 66 пайызына жетеді екен. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары 25 пайызға дейін өсіпті. Мұның бәрі қалтафон мен компьютерді шектен тыс пайдаланудың әсері дейді мамандар.

Жапон оқушылары мен студнеттері ең кем дегенде 1945 белгіні оқып, үйренуі тиіс екен. Бізде қалай 42 әріптің барына қуанып, оны шатастырмай айтудың орнына, «н» мен «ң»-ды, «к» мен «қ»-ны т.б шатастырып сақауланып жүргендер қаншама. Қолда бар алтынның қадірін білмейтін қазақпыз ғой, алайда бұлай қол қусырып отыра берер болсақ, тілсіз қаларымыз хақ.

Келесі мәселе сол таусылмайтын М-агент жайында. Айтылуда, айтылып келе жатыр, және де айтыла бермек. Әрине барлығы болашақ ұрпақ үшін.

Қазіргі таңда қарап отырсаңыз біздерді, жас жеткіншектерді М-агент тәрбиелеуде. Неге? Себебі, күндіз-түні жанымызда, тіпті ата-анасынан да артық санайтындар бар қазіргі қоғамда! Жалпы шолып, зиянын қаламсап сиясын тауысып, бір емес бірнеше ақ парақ бетін шимайлап жазсамда болар еді алайды бұл мәселе жалпыға таныс. Бірақ шешімі қандай? Осыған орай өзге елдерде қандай әрекеттер жүруде осы жайлы бірер сөз. Алпауыт ел АҚШ-та 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынған екен. Ал Иран, Солтүстік Корея, жоғарыда айтылған Қытайда М-агент және басқада интернет желілері балалар түгілі үлкендерге арман болғалы қашан. Ал алпауыт көрші ел Ресейде сенаторлар 13 жасқа дейінгі жеткіншектерді әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салу жайлы мәселе көтеруде. Бізде қалай? М-агент желісін ашып қарасаң 5 жасар баладан бастап М-агент құлына айналғанын көресің. Ресейден бастау алған осынау сұр жыланның адамзат баласын жұтып бара жатқаны мені қиналтады.

Қорытындылай келе түйген ойым басында есептеуіш машина ретінде пайдаланылған компьютерде, байланыс үшін пайдаланылған қалтафонда

келе-келе өзгеріске ұшырап жаратушысының өміріне қауіп төндіруде. Кейде ойыма «кім білсін, егер өзінен бастау алған өнер табысының болашақта ұрпақ денсаулығына кері әсерін тигізерін білгенде, тіпті Чарльз Бэббидждың өзі өз туындысынан бас тартар ма еді?» деген ойлар келеді. Алайда мұндай да бұрынғы даналардың «Өткенің оралмайды» деген сөзі еске түседі. Шыныменде өткен өтті, ендігі болашағымыз біздің қолымызда. Ең бастысы адамзат тағдыры техниканың емес өз қолымызда екенін ұмытпаған жөн!!!

Мұтов Даулетбақ Сәбитұлы. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, №162 орта мектеп, 9- сынып оқушысы

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу (жобалық жұмыс)

ҰстаздарғаСИММЕТРИЯНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141128

Пікірлер (1)
Аружан # 22 қараша 2015 в 21:00 0
Оте керемет жазилган

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар