Білім биржасы зияткерлік ойыны

7 наурыз 2015 - Майра Нурханова
Білім биржасы зияткерлік ойыны

Изображение 106.jpg

Қазақ ұлттық өнер университеті, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, математика мұғалімі Нурханова Майра Хасеновна

Білім биржасы зияткерлік ойын

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ұшқыр ойлау, есте сақтау, тапқырлық, танымдық қабілеттерін дамыту, білімді болуға, шығармашылық ізденіске баулу.Оқушыларды белсенділікке, білімді бағалай білуге және жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағыт беру.

Көрнекілігі: Слайдтар, ұлы адамдар портреті, қанатты сөздер, қобдиша

Сабақ түрі: зияткерлік ойын

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын

Барысы:

І – тур. Білім аукционы

ІІ – тур.Эрудиттер сайысы

ІІІ – тур.Таңдау табыс

IV – тур.Сыйлықтар аукционы

Ойынға үш топ: Бектеміс, Едіге және Динаның топтары қатысады.

І – тур
Білім аукционы (Үш топқа бірдей сұрақтар оқылады, қай топ жауабын бірінші тапса, сол топ жауап береді, ал егер жауап қате болса келесі топ жауап береді)

№1 лот
Ежелгі дүние жүзі тарихы

Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті -түр түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні, нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?

№2 лот
Математика

Үш ат жегілген шана 1сағатта 15км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай?

№3 лот
Ұлы тұлғалар галереясы

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге coқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.” Бұл ұлы адам кім?

№4 лот
Орыс тілі

Найдите лишнее слово в ряду:

загадка, задача, ребус, игра, шарада?

№5 лот
Күміс қобдишасы

Қобдишада не жасырынған: Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар!

№6 лот
Қазақ әдебиеті

Өзің білмес ісіңді

Білгендерден сұрап біл.

Өліп жатсаң, наданнан

Қабіріңді жырақ қыл!

– деген өсиет сөзді кім айтты және қай шығармадан алынды?

ІІ – тур
Эрудиттер сайысы

“Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой, ақылды ой, алғыр сөз -адамның ең жоғарғы қасиеті”,

— Ғабиден Мұстафин.

1 топқа арналған сұрақтар (бірінші топ қана жауап береді)

1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? 2. Белгілі бір сандар 1 мен 8 арасында жатыр. Тура сондай сандар 5 пен 10 арасында. Бұл қандай сандар? 3. Қазақстаннның Республика күні? 4. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала? 5. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. 6. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады? 7. 640 саны 5-ке бөліне ме? 8. 3 таяқтың 6 ұшы бар. 4,5 таяқтың неше ұшы бар? 9. Алгоритм сөзі қай ғылымның атынан шыққан? 10. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы.11. Paintграфикалық редакторында неше құрал бар? 12. Пернетақтада F1-ден F12-ге дейінгі пернелер қалай аталады? 13. «Тарих атасы» аталған ғалым кім? 14. Тасқа салынған адамдардың, жануарлардың суреттерін қалай аталады? 15. Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.16. «Юлиан күнтізбесін» кім жасады? 17. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым? 18. Жердің су қабаты қалай аталады? 19. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит? 20. Ескі үйдің нөмірлік тақтасында былай жазылған: MDCCLXXXIX. Бұл үй қай жылы салынған?

A)1879 B)1789 C)1987 D)1897

2 топқа арналған сұрақтар(екінші топ қана жауап береді)

1. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот-Аман Уалихан ҚР-ның қай рәмізінің авторлары? 2. Тігіншінің 16 метр матасы бар, ол сол матадан күнде 2 метр қиып отырады. Тігінші қанша күннен кейін матасының соңғы бөлігін қияды? 3. Грек ғалымы Эвклидтің геометриядан алғашқы жазған кітабы қалай аталады? 4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек?5. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді .6. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді? 7. Ортақ бөлгіш 1-ге тең сан? 8. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған реттелген нұсқаулар жиыны? 9. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы? 10. Paintграфикалық редакторында түстер жиынтығы.11. Грек сөзінен аударғанда «хат жазуға арналған папирус парағы» деген мағынаны білдіретін не? 12. Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? 13. Жердің Күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт? 14. Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым? 15. Ең шағын материк.16. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен.17. Жердің ауа қабаты қалай аталады? 18. Ең кішкентай құс? 19. Бөрененің ұзындығы 120см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша? 20. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

3 топқа арналған сұрақтар(үшінші топ қана жауап береді)

1. ҚР-ның жаңа Әнұраны қай жылдан бастап айтылып жүр? 2. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады? 3. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала? 4. Великобританияның валютасы? 5. Нәрселерді санауда қолданылатын сандар.6. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар? 7. 369 саны 3ке бөліне ме? 8. Алғашқы адамдар қандай тасты пайдаланды? 9. Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым? 10. Андроновтықтардың тұрғын үйі неге ұқсас болды? 11. Араб тілінен аударғанда «Хижра» сөзінің мағынасы? 12. Бір сан ойланған, одан 2 алынған, шыққан санды 3 көбейткен, одан шыққан санды 27 көбейткен, одан шыққан санды түбір астына салған, одан 9 саны шыққан? Ойланған санды тап? 13. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? 14. Материктің ішіндегі тұйық сулы өлке? 15. Процессор мен жады компьютердің қай құрылғысында орналасқан? 16. Paintграфикалық редакторында терезесінде сызғыш бар ма? 17. Жиындарды көрнекі бейнелеу үшін не қолданылады? 18. Шөлге төзімді жануар? 19. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе?20. Қай айда 28 күн бар?

ІІІ – тур
Таңдау табыс (Алда келе жатқан топ пәнді таңдайды)

“Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік”, — Абылай хан.

Қазақ тілі

Екі буынды екі сөздің бірінен бірінің айырмашылығы –бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер?

Орыс тілі

Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и «семь»?

Мягкий знак и твердый знак

Разговаривают так:

-Сколько я пирожных съем?

Мягкий знак ответил: «Семь!»

Математика

Кішкене қалашыққа неше етік қажет? Егер қалашық тұрғындарының үштен бір бөлігі – ақсақтар, ал қалғандарының жартысы аяқ киімсіз жүруді ыңғайлы көреді.

А) тұрғындардың тең жартысына

Ә) тұрғындардың үштен бір бөлігіне

Б) тұрғындар неше болса, соншама

В) тұрғындардың үштен екі бөлігіне

Қазақстан тарихы

Информатика

А және В жиындары келесі элементтерімен берілген. А={жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан}В={принтер, тышқан, жүйелік блок, сканер}

Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын атаңыздар.

ІV тур
Сыйлықтар аукционы

№1 лот

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)

№2 лот

Он екі ақ парақ –

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.( дәптер)

№3 лот

Ол — оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)

№4 лот

Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр — шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.( қалам)

№5 лот

Дүниеге тұмсықсыз ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.( қарындаш)

№6лот

Күн-күн сайын жыртылдық,

Өміріміз бір жылдық.( күнтізбе)

№7лот

Бірге барып класқа,

Бірге үйіңе қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады(күнделік)

Қорытынды: Ойын нәтижесі әр топтың жинаған ұпай сандарын қарай шығарылып, әділқазыларға сөз беріледі.

Қымбатты ойыншылар! Білімді жетер мұратқа дегендей, бүгін тамаша білім деңгейін көрсетіп, білім биржасы ойыны арқылы әркім өзінің қоржынын мүмкіндігінше толтыра алды. Сондықтан биржадан ұтқан Едігенің тобын құттықтап, сыйлықтар тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066275

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru