§4 Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі.

31 қаңтар 2014 - Мейрамгуль
§4  Жасушадағы маңызды  биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі.

Атырау облысыҚұрманғазы ауданы

Д.Нұрпейісова орта мектебі

Наурзбаева Мейрамгуль Болатқызы

Биология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: §4 Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жасушадағымаңызды биополимерлер мен нуклеинқышқылы және нәруыз биосинтезі туралы білім беру.

Дамытушылық:Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, түсініп оқу, ойлау, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Жасушадағы маңызды биополимерлер мен нуклеин қышқылы және нәруызбиосинтезі туралы білуге, саналылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, Сұрақ-жауап, баяндау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар.

Сабақтың барысы.

I- Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тескеру.

А) Ой талқы кезеңі. · Жасушаның құрамынақандай химиялық элементтер кіреді? · Жасушаныңқұрамындағы элементтер қандай ролатқарады? · Судың қаситеті менқұрылысынң ерекшеліктері қандай? · Гидрофилді, гидрофобты қосылыстарды қалай түсінесіңдер? · Натрий, калий, фосфор тұздарының жасушадағы маңызы қандай? · Осмостық құбылысдегеніміз не?

В) Сызбаменжұмыс Элементтің атауы Тобы Ағзадағы рөлі темір магний мырыш фосфор Натрий Иод

ІІІ.Қортытындылау. «Сен маған, мен саған» оқушылар бір біріне сүрақ қояды.

ІҮ. Жаңа тақырып.

§4 Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі. Нуклеинқышқылдары. Нуклеин қышқылдарын XIX ғасырдың екінші жартысында швейцарлық биохимикФ.Мишер ашқан, ол жасуша ядросынанқұрамында азотпен фосфорыжоғары мөлшерде болатын заттыбөліп алған. Оны алғашрет ядродан тапқандықтан (ағылш.нуклеус— ядро) нуклеинқышқылы деп атады.Нуклеин қышқылдары генетикалықақпаратты сақтауқызметін атқарады. Нуклеинқышқылдарының екі түрі болады: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) жәнерибонуклеин қышқылы (РНҚ). Рибонуклеин қышқылыРНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы —ол бір тізбекті полимер, оның полимерліжіпшесі қанткалдығы рибозамен фосфорқышқылы қалдығыныңкезектесіп орналасуынан тұрады. РНҚ-ның әр қант қалдығына 4 азоттық негіздержалғаскан: аденин, гуанин, цитозин және урацил (ДНҚ-дағы тиминнің орнына).РНҚ-ның негізгі үш түрі бар: ақпараттық немесе матрицалық РНҚ (аРНҚ); тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) және рибосомалық РНҚ (рРНҚ). аРНҚ-ның қызметі: бірнемесе бірнеше нәруыздар жайлы ДНҚ-ның генетикалық ақпаратын жазу жәненәруыздың синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға тасымалдау. тРНҚ аминқышқылдарынрибосомаларға тасымалдайды, ал рРНҚ рибосоманың құрылымдық тірегін түзеді, онданәруыз синтездеу процесі жүреді. РНҚ синтезі. Генетикалық ақпараттысақтайтын және жүзеге асыратын негізгі молекула ДНҚмолекуласы болып табылады.Белгілі уақытта белгілі ақпаратты уақытша сақтау үшін негізгі генетикалық ақпараттыкөшіру қызметін ақпараттық РНҚ атқарады.Нәруыз биосинтезі. Нәруыздардыңқұрамы жайлы генетикалық ақпаратты сақтау және жүзеге асырудың материалдықнегізі генетикалық код. Кодтау дегеніміз — ақпараттың бір түрін сақтау жәнебасқа ақпарат түріне тасымалдау. Нәруыздардың құрамындағы аминқышқылдарынқарастырайың. Нәруыздардың 20 түрлі аминқышқылынан тұратындығы белгілі. Ал ДНҚқұрамында тек қана 4 түрлі азоттық негіз болады. Ү. Бекітутапсырмалары. І. Оқулықпен жұмыс.Сұрақтарға жауап беру. 31 бет. ІІ.В) Кестені толтыр. Нуклеин қышқылы зерттеуші ғалымдар Ғалымдардың еңбектері ДНК РНҚ С) Биологиялық диктант. Нуклеин қышқылдары ең алғаш жасуша… табылды. Латынша «nykleus»…мағына білдіреді. ДНҚ молекуласының құрамына… нуклеотид кіреді. Аденин саны..............., гуанинсаны… сәйкес келеді. РНҚ молекуласының құрамына… нуклеотид кіреді Д) Есептеп көр. · ДНҚ-ның бір тізбегінің бөлігінде нуклеотидтер қатары мынандай тәртіппенорналасқан: А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-А-Т-Г-… ДНҚ молекуласының екінші тізбегін құрастыр.Егер әрбір нуклеотидтің ДНҚ тізбегіндегі орны 0,34 нм болса, осы ДНҚмолекуласының бөлігінің ұзындығы қанша. · ДНҚ молекуласының кесіндісі 20,4 нм тең. Осы кесіндіде қанша нуклеотид бар? ҮІ. Үйге тапсырма.: §4 Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі. ҮІІ. Бағалау

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология§3 Көмірсулар

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151054

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар