§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

31 қаңтар 2014 - Мейрамгуль
§8 Бұлшық ет және  жүйке ұлпаларының  құрылысы мен қызметі.

Атырау облысы.

Құрманғазы ауданы.

Д.Нұрпейісова орта мектебі 

Наурзбаева Мейрамгуль Болатқызы.

Биология пәні мұғалімі

 

ҮІІІ сынып

Сабақтың  тақырыбы: §8 Бұлшық ет және  жүйкеұлпаларының  құрылысы мен қызметі.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  бұлшықет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың  өз ойларын жүйелі  түрде  баяндау, түсініп  оқу, ойлау, есте  сақтау  қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы менқызметі  туралы білуге,   саналылыққа, сауаттылыққа   тәрбиелеу

Сабақтың  түрі: Аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап, баяндау,  іздену,  дәлелдеу, салыстыру.

Сабақтың  көрнекілігі: Интерактивті  тақта, слайдтар, суреттер.

Сабақтың  барысы.  I- Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. А) Шыңға шығу стратегиясы

                                                               Ұлпа дегеніміз не?

                                                   Эпителий ұлпасы қайда орнласқан?

                                       Эпителийұлпасының қызметі қандай?

                             Дәнекер ұлпасыныңқандай түрлері бар?

Дәнекерұлпасының қызметі қандай?

ІІІ.Қорытындылау: «Маңызды өмірлік даналық» тақырыптың өзекті мәселелерін талқылау, дәлелдеу.

Үлпа, эпителийұлпасы,  безді эпителий,  эпителий ұлпасының негізгі қызметі.

Дәнекер ұлпасы, дәнекер ұлпасының  қызметтері.

ІҮ. Жаңа тақырып: §8Бұлшық ет және  жүйке ұлпаларының  құрылысы мен қызметі.

Бұлшықет ұлпасы — денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына төнқасиет оның — жиырылғыштығы, жиырылуы арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқакелтіреді. Бұлшықет жасушалары ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтар депатайды. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады. Олар: көлденеңжолақтыжәне бірыңғайсалалы бұлшықеттер. Қаңқа мен жүректің бұлшықеттерікөлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Көлденеңжолақты деп аталатын себебіталшықтары екі түрлі: біреуі жіңішке күңгірттеу болса, екіншісі ақшыл жалпақтау(кендеу) болады. Осындай екі түрлі талшықтары бір-бірімен кезектесілорналасқандықтан бұл бұлшықеттерді көлденеңжолақты дейді

Жүректіңбұлшықетіде көлденеңжолақты. Жүректің бұлшықеті адам еркінен тыс жиырылады.

Бірыңғайсалалыбұлшықет ұлпалары ішкі асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыржәне т.б. мүшелерде болады. Талшықтары ұзын, ұршықтың сабы пішіндес, екі ұшыжіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуаңдау. Талшығының дөл ортасында таяқша төріздібір ядросы бар. Адам еркінен тыс бояу жиырылады.

Жүйке ұлпасыжүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа сінділері дендриттер (гр.«dendron» — ағаш) көп ағашка ұқсаптармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон (гр.«аксис»немесе «ахоп» — өсінді) дейді.Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттермен бір ғана аксонболады. Сыртынан жасушақабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон(гр.«neuron» — жүйке) дейді. Нейронныңбойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Жүйке жүйесі барлық мүшелердіңжұмысын басқарып реттейді. Жүйке ұлпасының негізгі қызметі: қозғыштығы жәнеқозу өткізгіштігі. Сыртқы ортадағы түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайдаболатын қозу орталық жүйке жүйесіне беріледі.

Ү. Бекітутапсырмалары.

А) Сұрақтарғажауап беру.

·        Қандай мүшелердің қабырғаларын   біріңғай салалы  бұлшық ет ұлпасы құрайды?

·        Қандай бұлшықеттердің жиырылуына байланысты  қимылқозғалыс жүзеге асырылады?

·        Жүйке жасушалары қалай аталады?

·        Жүйке ұлпаларының қандай қасиеттері бар?

·        Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі қалай аталады?

В) Биодиктант.

Бұлшықет ұлпасы — денедегі…түзеді. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының… тобы болады. Олар:…және… бұлшықеттер. Қаңқа мен жүректің бұлшықеттері…ұлпасынан тұрады.… ұлпалары ішкі асқазан, ішектер, қантамырлары, несепағар, қуық, жатыр және т.б. мүшелерде болады. Жүйке ұлпасы… түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы:…мен… тұрады. Қысқа өсінді… деп аталды, алұзын өсінді… деп аталады.

С) Орнын тап.

Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпалары

Бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпалары

 

 

А) асқазан, В) ішектер, С)  қаңқа, Д) қан тамырлары, Е) жүрек, Ж) несепағар, З) қуық, И) жатыр

Д) №1зертханалық жұмысты орындау. .29 бет.

VI. Үйге тапсырма. §8Бұлшық ет және  жүйке ұлпаларының  құрылысы мен қызметі.

                                                                  Кестені толтыру. 30 бет

VII. Оқушылардыңбілімін бағалау.     

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Биология§3 Көмірсулар

Биология§ 25 Палозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

Биология§ 46 Экологияға кіріспе.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119687

Пікірлер (3)
улмекен # 2 қаңтар 2015 в 22:33 0
өте жақсы жазылған
апр # 28 мамыр 2015 в 02:53 0
ОСЫ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
ЕШКІМГЕ ДЕ КЕРЕГІ ЖОҚ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
ОДАН ҚАЙТА КОНЦПЕКТ ЖАЗБАЙСЫНДАР МА!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
ӘР САЙТТА АШЫҚ САБАҚ МӘЛЕМЕТ ТЕ ЖОҚ!!!!!!!!!!!!!!!!
Алия # 28 тамыз 2015 в 21:46 0
дурыс айтасын

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар