Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы.

24 наурыз 2015 - Замзагуль Каберова

Сабақтың тақырыбы: Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы.

Мақсаты: Білімділік: Оқушының қаңқаның жеке бөліктері және тірек-қимыл жүйесімен

танысып, маңызын түсінуі.

Дамытушылық: Оқушылардың тірек-қимыл жүйесі бойынша білімдерін өз бетімен

іздене меңгеріп, одан әрі дамытуы.

Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істей білу, тиянақтылық.

Көрнекіліктер: Сүйектің бөлімдері көрсетілген суреттер, флипчарт.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың әдісі: С.Т.О. дамыта оқыту.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өтілген «Сезім мүшелері» тарауы бойынша тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма.

Биологиялық диктант. ( Оқушының жауабы бос жерді көрсету арқылы тексеріледі)

  1. Көз алмасы ақ қабық, тамырлы және тор қабықтан тұрады.
  2. Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар және таяқшалар орналасқан.
  3. Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып бөлінеді.
  4. Есту сүйекшелері балғашық, төстік, үзеңгі буын арқылы қозғалмалы байланысқан.
  5. Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді.
  6. Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан.
  7. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді.
  8. Адамда тепе-теңдік мүшесі ішкі құлақта орналасқан.
  9. Қарашықтың артқы бөлігінде линза тәрізді көзбұршақ орналасқан.
  10. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды.

2тапсырма. Берілген сурет бойынша тапсырма орындалады. ( Дұрысы бос жерден суретті шығару арқылы тексеріледі )

  1. Көз алмасының құрылысы.
  2. Құлақтың құрылысы.
  3. Дәм сезу мүшесінің құрылысы.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Қызығушылықты ояту: «Ой шақыру».

-Адамның денесінің негізгі тірегі не? Ойланып көрейік. ( Адамның суретінен қанқа көрсетіледі )

-Адам қаңқасы туралы не білеміз?

Кестенің екі бағаны ғана толтырылады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мұғалім толықтыра отырып, оқушылар өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны тану. Оқушылар өз бетімен іздене жұмыс істеуі үшін тапсырма беріледі.

(Адамның қаңқа бөліктері прожекторды қолдану арқылы көрсетіледі )

Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.

Сүйек бөлімдері

Оны құрайтын сүйектер

Орналасу реті және қызметі

Бас сүйегі

Тұлға қаңқасы

Қол қаңқасы

Аяқ қаңқасы

Уақыт беріледі. Уақыт болғасын оқушылар тапсырма бойынша жауап береді.

ІІІ. Толғаныс.

Оқушыларға өтілген тақырып бойынша мынадай тапсырмалар беріледі:

  1. Тақтада берілген суреттерге сүйектердің аттарын жазу. ( Бос жерден дұрыс жауабы көрсетіліп, тексеріледі )

А) Жамбас және аяқ сүйектері;

В) Бассүйектің құрылысы;

С) Иық белдеуі және қол сүйетері;

Д) Кеуде (көкірек) қуысы.

2. Сәйкестігін анықтаңдар: (Жауабы дұрыс болмаса, қайтадан орынына барады)

А) Ұзын сүйектер

Омыртқа жотасы, аяқ сүйектер, асықты жілік, жауырын, ортан жілік.

В) Қысқа сүйектер

Жамбас белдеуі, тоқпан жілік, омыртқа, жауырын, қол сүйектер, асықты жілік.

С) Жалпақ сүйектер

Асықты жілік, жамбас, аяқ сүйектер, қабырғалар, омыртқа жотасы, жауырын.

3.Адамның қаңқасын құрастыру.

(Тақтада көрсетілген сүйектерді қозғалта отырып, ретімен құрастырып шығу.)

Сабақ басында жазылған кестеге оқушылар қайта оралып, үшінші бағанды толтыра отырып, сабақтан нені үйрегендерін жазады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Автор орындығы. Осы сабақта оқушы нені үйренгенін жазып, айтады.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.

Үй тапсырмасы: §23. Қаңқа бөлімдері туралы тест (10-15 сұрақ), сөзжұмбақ құрастыру.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаТұлға тәрбиелейтін ұстаздың өзі тұлғаға лайық болу керек

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084954

Пікірлер (1)
Ақмарал # 31 наурыз 2015 в 18:48 0
Өте жақсы.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар