Ғажайып ағаштар.

25 ақпан 2014 - Saule Orinkhanova

Ғажайып ағаштар.

 

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернаты жоғары санатты биология пәні мұғалімі Орынханова Сауле Ауезхановна.

 

1. Нан ағашы (лат. Artocarpus altilisҮндістан мен Малая аралында өседі. Оның асқабақ тәрізді же­містері болады. Кей­бірінің салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ағаштың же­місінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар осы нан ағашының же­місін бөлшектеп турап, қуырып ас етеді. Сондай-ақ әлгі жемістерді салқын шұңқырға салып, құрамындағы крахмалды ашыту арқылы қамырға ұқсас қоспа алып, одан дәмді тоқаш пісіреді. Ал, нан ағаш гүлдеп біткен кезде, оның тұқымын жинап шикідей де, қуырып та жейді. 21 жастағы бір нан ағашының жемісі 3-4 адамды бір жыл асырап шыға алады.

 

2.Сүт ағашы.Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің жағасында өседі. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды, қазақшаға аударғанда «емшек» дегенді білдіреді екен. Сол сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан, оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған. Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтаған. Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, сүттен дәмі айнымай қалады екен. Ағашты бір сауғанда 2-4 литрге дейін сүт алуға болады екен. 

3. Шұжық ағаш.Еуропалықтар ХІХ ғасырдың басында осындай ағаштарды алғаш көргенде, бұталарда шұжықтар өсіп тұр ма деген ойға қалған. Себебі, ағашта өсіп тұрған жемістердің түсі мен ұзындығы 60 см, диаметрі 20 см пішіні шұжыққа өте ұқсас келеді. Өкінішке орай, бұлар — шұжық емес...

Шұжық ағашының гүлдеуінің өзі ерекше. Қызыл әрі шұңғыма тәрізді гүлдері кешке ғана ашылып, түнде жайқалып тұрады. Ал таң атып, күн шығысымен, ашылған гүлдер түсіп қалады.

Дегенмен, алғашында шұжық секілді болып көрінген жемістер жеуге жарамсыз және ешқандай пайдасы жоқ болып шықты. Алайда, «шұжық ағашы» деген атау өсімдікпен бірге біржола қалып қойды.

Шұжық ағашының ғылыми атауы – кигелия. Кигелия басқа өсімдіктер секілді орын талғамағандығымен, маусымға байланысты көктейді. Мәселен, аптап ыстықта бүкіл жапырақтары түсіп, қурап қалады да, күн салқындай бастағанда, жасыл көйлегін қайта киіп алады.Жергілікті тұрғындар ағаштың жемістерін дәмі ерекше салқын су дайындау үшін қолданады. Ол үшін тұқымды суға жібітіп, жабайы бал қосады да, ашытып қояды.

Сондай-ақ, африкандықтар жемістен жылан уын қайтаратын, жараны жазатын дәрі-дәрмек те дайындайды екен.

4.Какао, шоколад ағашы(Theobroma cacao) – мәңгі жасыл стеркулия тұқымдасына жататын ағаш. Биіктігі 4 – 8 м, гүлдері сары не қызғылт түсті. Какао Орталық жәнеОңтүстік Американың С, жылына түсетін°қалың ормандарында өседі. Африканың батысында және басқа да тропиктік аймақтарда 16 ғасырдың басынан қолдан егіле бастаған. Орташа жылдық температурасы 21 жауын-шашын

 мөлшері 2000 – 5000 мм-ге жететін жерлерде жақсы өседі. Какао дәнінен, шыбығынан өсіріледі. Какао жемісінің ұызндығы 30 см, салмағы 300 – 600 г, ішіндегі дән саны 25 – 60 (бір ағаш 0,5 – 2 кг дән береді). Жыл бойы гүлдеп жеміс береді, 1 га-дан 12 – 15 ц өнім алынады. Какао дәнінен түрлі заттар (50%-ке дейін – май, 14,5% – азотты заттар, 1,3 – 1,7% – теобромин, т.б.) алуға болады. Какаодан алынған майды кондитер, иіс суөндірістерінде және медицинада дәрілерге қосуға пайдаланады.

5.Өмір  ағашы. Баобаб (латынша Adansonia digitata) — африкалық саванналарда өсетін ағаштың бір түрі. Әлемдегі ең жуан ағаш деген атаққа ие болатын өсімдіктің ұзындығы 18-25 метр болса, жуандығы орта есеппен 10 метрді құрайды. Осы өсімдіктің кейбір түрлерінің жуандығы 40-50 метр шамасында болуы мүмкін. Ғаламторда жарияланған мағлұматтарға сенетін болсақ, Баобабтың өмір сүру уақыты шамамен 1000-5500 жыл шамасында. Сандардағы үлкен айырмашылықты баобабтағы жылдық шығыршықтардың жоқтығымен түсіндіруге болады. Баобаб ағашының адамға тигізетін пайдасы жайлы сөз қозғасақ.

Баобаб жемісінің балдыры үлкен қоректі әрі пайдалыаминқышқылдарға, дәрумендер мен микро және макроэлементтерге, сондай-ақ табиғи қышқылдарға толы болады екен. Баобабтың жапырағы, балдыры мен дәндері емдік қасиеттерге ие. Бұл ағаштың үлкен құндылығы жоғары сапалы тағамдық балдырларда жатыр. Саваннада тұратын адамдар Баобабты "өмір ағашы" деп те атайды.

Баобабтың бірегей құрамы мен қасиеті бұл өсімдіктің АҚШ пен Еуропа тұрғындары арасында тағамдық қоспа мен әртүрлі биоқосылғыштар ретінде кең қолданылуына әкелді. Бөшке секілді үрленген ағаштың үлкен діңі жаңбырлы кезеңде жауған жауынды ішінде сақтай алады. Жуан ағаштың тамырлары жердің ішіне терең кіріп кеткендіктен, Баобаб құмды даулар мен үлкен желдерден қорықпайды. Құрғақшылық кезеңінде жапырақтар сарғайып, ағаш өз өмір сүруін тоқтатады. Тіпті, шыбын-шіркей мен термиттер ағашқа еш әсер ете алмайды — ағаш ыдыс жуатын жұмсақ шүберек секілді дымқылданып тұрады. 

Баобабтың адамға әкелетін пайдасы зор. Оның жапырағын тамаққа қосады, қабығынан баулар, гамактар мен себеттерді тоқиды. Ағаштың діңі қуыстарға толы болғандықтан, жануарлар мен құстар өзге жыртқыштардан қорғану үшін сол жерлерде тығылады. Егер саванналарда өрт туындаса, дымқыл болып тұратын Баобаб жанбайды. Ағаштың діңі көптеген жануарлар мен құстардың мекеніне айналған.

6. Алып ағаштар.Секвойя — мәңгі жасыл қылқан-жапырақты ағаштар туысы. Жалғыз түрі — мәңгі жасыл секвойя (биіктігі 100 м-ден артық, диаметрі 6-10 м), жер шарының ең биік ағаштарына жатады. 3000 жылға дейін жасайды. Калифорния тауларында өседі. Бұл тұқымдаска мәңгі жасыл ағаштардың тағы бір түрі — секвойядендрон (мамонт ағашы) жатады. Діңі тік, түзу, биіктігі 100 м-ге дейін болатын, 2500 жылдай (кейде 3000-4000 жыл) жасайтын ағаш. Олардың ішіндегі «Генерал Шерман» деп аталатын ең үлкенінің биіктігі 83 м, жер бетінен 1,5 м биіктікте құлаштағанда 24,1 м. Секвойялар сәндік үшінЕуропаның саябақтары мен бақтарында, Қырымның оңтүстік жағалауында өсіріледі.

Эвкалипт (Eucalyptus) – мирта тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта не ағаш. 500-дей түрінің барлығы дерлік Австралия мен Тасманияда (тек 2 – 3 түрі ғана Оңтүстік-Шығыс Азияда) кездеседі. Биіктігі 80 – 100 м-ге дейін жетеді, діңі өте мықты. Ағаш қабығы түрлеріне қарай тегіс, талшықтықабыршақты және қатпарлы болып келеді.

Жапырақтары алғашқыда – ұзынша, кейін қандауыртәрізді болып, жарық көзіне параллель орналасады, сондықтан Эвкалипт ормандары ашық, жарық болады. Гүлдері қос жынысты, ақ, сары немесе қызыл түсті, шатырша гүлшоғырына топталған немесе дара өседі. Оларды ара, сона, құстар және қолқанаттылар тозаңдандырады. Күлте және тостағанша жапырақшаларының пішіні қанат тәрізді, олар ағаш гүлдене бастағанда түсіп қалады. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Жарық сүйгіш өсімдік, 500 жылдай өсіп тұрады. Эвкалипттің сүрегі берік, ауыр, ақ түстен күрең қызыл түске дейін болады, оны құрылыста, қағаз жасау өнеркәсібінде қолданады. Жапырағының құрамында эфир майы бар, сондықтан оларды медицинада және парфюмериядапайдаланады. Эвкалипт ағашы өте тез өседі, 15 жылда оның биіктігі 15 – 20 м-ге жетеді, сондықтан олар субтропиктік және тропиктік аймақтарда мәдени түрде (топырақ бекіту үшін) көп өсіріледі. Эвкалипт орманы суды көп буландыратындықтан, батпақты аймақтарды құрғатады.

7. Орман ағашы. Ұлы баньян (The Great Banyan), Үндістан

 

Ұлы баньян – бұл Калькутта жанындағы Ховрах қаласындағы Ашарая Джагадиш Чандра Боше атындағы Үнді ботаникалық бақшасында орналасқан бенгал фикусы. Ғалымдардың есептеуінше, ағаштың жасы шамамен 200-250-де екен.Ағашты найзағай ұрғаннан ол ауырып қалды сол себепті 1925 жылы оның қалған бөлігі аман қалуы үшін ағаштың жартысын кесіліп тасталды. Соның нәтижесінде бір ағаштан көптеген ағаштар пайда бола бастады. Ұлы баньян дінін айнала 330 метрлік жол соғылған болатын, алайда аталған ағаш жол шегінен шығып, көбеюде.Ұлы баньянның жасы 250 жылдан асады және ол Үндістандағы ең танымал орасан зор ағаш болып есептеледі, тіпті Азиядағы да болуы әбден ықтимал. Ағаштың нақты тарихы жоқ, соған қарамастан, 19-ғасырдың кейбір туристік кітаптарында жазылған. Жер қыртысы астындағы тамырларды ескерсек, Ұлы баньян ағашқа емес, көбірек орманға ұқсайды.Қазіргі таңда ағаш өзінің негізгі дінісіз (шіріп кеткендіктен 1925 жылы алынып тасталды) өсуде.Негізгі діннің ұзындығы 1,7 метр болған екен, ал оның биіктігі 15,7 метрді құрапты. Ағаш шамамен 14 500 шаршы метр жерді алып жатыр (шамамен бір жарым гектар). Бүгінде ағаштың 3300 жер қыртысы астындағы тамыры бар. 

Осыған ұқсас жазбалар:

ХимияҒажайып ғылым. Интелектуалды ойын. Не? Қайда? Қашан?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062470

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар