Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Тақырыбы: Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар.

Мақсаты: оқушыларды Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалармен
таныстыру;
Экологиялық проблемалардың пайда болуына антропогендік факторлардың әсері бар екеніне мысалдар келтіріп, экологиялық мәліметтерге оқушылардың назарын аудару;
Оқушылардың экологиялық көзқарастарын, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
Ізденіс жұмыстарын дамыту, әртүрлі деректермен жұмыс істеуге өз ойын тұжырымдай білуге үйрету; экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: маслихат-сабақ.
Әдістері: салыстыру, сипаттау, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ізденіс, ой қозғау.
Көрнек: интерактивті тақта, қанатты сөздер, суреттер, карта, кесте.
Сабақ барысы:І.Қызығушылықты ояту

Тест:
1.Биология ғылымына алғаш рет «түр» деген ұғымды енгізді:
А)К.Линней В)Д.Рей С)Ж.Бюффон Д)Ж.Ламарк Е)Э.Геккель
2.Топырақтану ғылымының негізін салған:
А)В.Докучаев В)Н.Северцов С)Ч.Дарвин Д)Э.Геккель Е)А.Тенсли
3.Экология ғылымының негізін салған ғалым:
А)К.Линней В)Д.Рей С)Ж.Бюффон Д)Ж.Ламарк Е)Э.Геккель
4. Биология ғылымына алғаш рет «экожүйе» деген ұғымды енгізді:
А)В.Сукачев В)В.Вернадский С)А.Тенсли Д)Б.Комманер Е)Э.Дарвин
5.Биогеоценоз ұғымына толық түсініктемелер берді.А)В.Сукачев В)В.Вернадский С)А.Тенсли Д)Б.Комманер Е)Э.Дарвин
1. Даталарды сөйлету.
1859ж(Ч.Дарвин «Түрлердің пайда болуы»
1866ж(Экология деген термин ғылымға енгізді)
1935ж(экожүйе)
1940ж биогеоценоз
1972(Стокгольмде, қоршаған ортаны қорғау туралы конфереция)
2. Сәйкестеңдір

1 3 Ақсу Жабағылы 1926 Оңтүстік Қазақстан
2 2 Алматы 1931 Алматы обл
3 6 Барсакелмес 1939 Қызылорда обл
4 9 Наурызым 1959 Қостанай обл
5 5 Қорғалжын 1968 Ақмола обл
6 7 Марқакөл 1976 Шығыс Қазақстан
7 4 Үстірт 1984 Маңғыстау обл
8 8 Батыс Алтай 1992 Шығыс Қазақстан
9 10 Алакөл 1998 Алматы обл
10 1 Қаратау 2004 Оңтүстік Қазақстан
1.Қаратау 2. Алматы 3.Ақсу Жабағылы 4.Үстірт 5.Қорғалжын 6.Барсакелмес 7.Марқакөл 8.Батыс Алтай
9.Наурызым 10Алакөл
ІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту:
Экологиялық мәселелер-ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр
Ш.Айтматов.
Кіріспе сөзі:
Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе-биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі.
Ғылыми деректер бойынша жер шарындағы Сахара, Гоби, Такла-Макан, Қазақстандағы-Арал, Семей, Байқоныр, Балқаш, Каспий антропогендік фактор әсерінің нәтіжесі.(карта)
Антропогендік факторлар туралы не білесіңдер?

Адам-табиғат перзенті. Табиғат өздігінен пайда болған дүние, яғни бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның санасыз іс –әрекеті экологиялық дағдарыс тудыруды.Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жерінің аумағы жөнінен дүние жүзі бойынша 9-орында.
Қазақстанның жер аумағы 272 млн.га., оның 180млн.га жері шөлейтті және шөлді белдемдерде орналасқан. Бұл еліміздің жер аумағының 67%-на тең.
Еліміз пайдалы қазбаларға да бай. Қазақстанда дүние жүзіндегі хром қорының-30%, уран мен марганецтің-25%, қорғасынның-19%-ы, мыс пен темірдің-10%-ы кездеседі.
Сонымен бірге елімізде мұнайдың, газдың көмірдің және басқа да пайдалы қазбалардың аса ірі кен орындары бар.
Қазір дүние жүзінде шикізат көздері ретінде 55 түрлі химиялық элемент кеңінен пайдаланылады. Соның Қазақстанда 39-ы өндіріледі.
Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған мемлекеттің бірі. Еліміз аумағының 60%-дан астам алқабы экологиялық апатты аймақтарға жатады. Қазақстанның шығысы тау-кен металлургия өнеркәсіптерінен шыққан түрлі улы заттармен ластануда. Еліміздің батыс аймағы мұнай, газ өнімдерінен және Азғыр, Тайсоған, Нарын полигондарында жүргізілген сынақ зардаптарынан ластанған. Арал өңірі мен Орталық Қазақстан аймағында Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының ластау әсері айқын байқалуда. Оңтүстік өңірі фосфор, қорғасын, цемент өнеркәсіп орындарынан, және уран кен орындарынан шыққан радиациялық сәулелердің әсерінен зардап шегуде.

Арал теңізінің экологиялық сараптамасымен таныстырады.
Арал теңізінің жасы 8-10мың. жыл шамасы. Теңіз суының көлемі жағынан ТМД-да -2 орын., Дүниежүзінде-4орын алатын көл. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066км, тереңдңгң-30-60м, тұздылығы-10-12%. Жылына 50-150мың тонна балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық кеңшары, 10балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1998ж теңіз деңгейі 18км төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзеңдер-Сырдария, 1974жылдан және Әмурдария 1982жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл ішінде(1961-1999)теңіз деңгейі 18метрге төмендеді. Арал теңізі жағалауынан 150-170км шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағалауынан көбін тұз бен құм жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып 80% жетті. Жыл сайын теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері-13-23млнт.
Көлемі 2млн гектардан астам Аққұм атты жаңа құмды кеңістік табылды.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторлар:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау;
Суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдары алқабының ауданын барынша көбейтіп жіберу;
-жерді игерудің агротехникалық шараларың сақтамау және дұрыс пайдаланылмауы;
-Арал теңізін құтқару немесе қалпына келтіру жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар:
1.Сібір өзеңдерінҚазақстанға бұру
2.Әмурдария мен сырдария өзеңдерінің суын реттеу арқылы суды молайту
3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу
4.Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу
5.Жер асты суларын пайдалану
6.Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту
«Физиктер»
Елімізде ядролық жарылыстардың зардабын көрмеген аймақтар жоқтын қасы. Ресми деректер бойынша Қазақстанның 34 нүктесінде ірлі-ұсақты әр түрлі ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізілген. Оның ішінде Семей полигоны негізгі орын алады. 1947-1989 жылдар аралығында бұл жерде 500 –ден астам(кейбір мәліметтер бойынша 715) жарылыс жасалған. Кеңес одағы кезенде Қазақстанда әр түрлі 37 сынақ полигоны жұмыс істеген.Еліміздің көптеген аймақтарында кемтек мүгедек сәбілердің өмірге келуіне экологиялық жағдайлар әсер етуде.(биологтар толық айтып кетеді)
Ресми деректер бойынша:
Қазақстан жерінде түрлі зиянды қалдықтардың мөлшері 30млрд. т-ға жеткен. Жан басына бөлгенде орта есеппен 2мың т қалдықтан келеді.
Осы қалдықтардың ішінде: 6,7млрд т-сы улы қалдықтар.
Республикамызда жалпы радиоактивті қалдықтардың мөлшері 237 млн т-ға жетті. Ал түрлі өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар 20 млрд т-ны құрайды. Мұндай улы қалдықтардың еліміздің табиғаттына және адам денсаулығына қаншалықты зиянды екендігі айтпаса да түсінікті. Осындай экологиялық қолайсыз жағдайлардан еліміздегі адамның өмір сүруінің орта жасы ер адамдар үшін -60,5, ал әйелдер -65,5 жасты құрайды. Ал жапондардың бізден 20жыл артық өмір сүретінін мысал ретінде айтуға болады.
«Биологтар» 10 сынып
Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері
№ Аурулар
Оның ішінде өлімнің себебі%
Өмір сүру салты Қоршаған орта Тұқымқуа
лаушылық Денсаулық сақтау
1 Жүрек аурулары 54 9 25 19
2 Қатерлі ісік 37 34 29 10
3 Жол-транспорттық 68 18 1 12
4 Атеросклероз 49 8 25 18
5 Диабет 26 0 68 18
6 Бауыр циррозы 70 9 18 3
7 Өзін-өзі өлтіру 60 35 2 3
8 Күтпеген қолайсыз жағдайлар 51 31 4 14
9 Орташа алғанда 48 16 25 11
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский,1996ж) антропогенді затар есебінен қоршаған ортаға қорғасының 94-97%, кадмийдің -84-89%-ы, мыстың 56-87%-ы, никельдің 66-75%, сынаптың 60% шығарылады.
Металл Не бөледі Ауруларға келтіреді
Қорғасын.
Қоршаған ортада қорғасының артуы, әсіресе өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасының мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық Автокөлік жанармайы
Металлургия кәсіпорындары
Ауыл шаруашылығындағы пестицидтер «сатуризм» немесе қорғасынмен улану, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау
Кадмий-ауыр металдардың ішінде ең улы. Тас көмірдің шаны, химиялық тыңайтқыштар, пластмассаның қалдықтары, темекі түтіні Бүйректе жиналады, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерің, тыныс алу жүйесің зақымдайды,
«Ита-ита»ауруын туғызады
Асбест Кәсіп орындар, ҚТҚ Өкпені зақымдайды, қатерлі ісік ауруларына әкеледі
Сынап.
Қоршаған ортада кеңінен таралған. Металл сынап іс жүзінде ағзаға зиян емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті.Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары Автокөліктер шығаратын газдарда, Аллергия, артрит, көру нашарлайды, бүйрек аурулары, иммундық қабилеті төмендейді, буын аурулары, ой қабілеті төмендейді. Жүкті әйелдергі зиянды.
Аллюминий ҚТҚ(сыра ыдыстары, фольга, дезодарант ыдыстарында) Қозуды көтереді, анемия, бүйрек, бауыр аурулары, жүйке жүйесінің зақымдануы, қарттық ақыл ойдын кемуі

Арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытыңдыларына қарағанда қалай болса солай шашылып-төгіліп жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары республикамыздың әрбір қалаларымен елді мекеңдерінің айналасынан табылады.
Алматы қаласының маңайындағы алаңдардан-21, Өскеменде-12, Семейде-8, Көкшетауда-15. Жалпы Қазақстан Республикасының 18 қаласының маңайында 67 орыннан радиоактивті қалдықтар табылған.
«Байқоныр ғарыш аймағы», ракеталық сынақ полигондары «Капустин Яр», «Азғыр», «Сарышаған»жұмыстарын жалғастыруда.
Мемлекетіміздің бүкіл әлемдік кеңістікке абыройы мен мақсаты үшін мүмкін керек те болар. Бір қорқынышы сол, сынақтардың кейбір жағдайда сәтсіз аяқталып, өз жерімізге, оны қоныстанып отырған аймаққа жарылып құлауы, өте қолайсыз моралдық нұсқан.
Қазір Республикамызда халық арасында аурулар, өлім көбейіп кетті. Баланың іштен кемістікпен, ақыл-есінен кем, қабілетсіз, басқа аурулармен ауырып тууының басты себептерінің бірі-қоршаған ортаның бұзылуы.
Халықтың 40% дем алу мүшелерімен ауырады, екінші орында тері аурулары 8%, 3-ші орында –зәр шығару мүшелері мен улану жатады.(кесте)
Қостанай облысының қоршаған орта жағдайы.
Автокөліктер ауа ластандырушылардың негізгі көзі ретінде қарастыруға болады.Автокөлік шығарады: азот оксидің(NO)азот диоксидің(NO2) көмірқышқыл газын,(CO2) көмірсуларды, түтін, күкірт оксиді(SO2)ауыр металдарды. 2010 жылы ауаның ластандыру көрсеткіші 3-ке тең. Бұл дегеніміз ластану деңгейіне қарағанда «Жоғары ластандыру деңгейіне» жатады. Бұл көрсеткішке кіреді: көміртек оксіді, азот оксиді, күкірт диоксиді және қатты бөлшектер. Ауаның ластану деңгейі бір қатар себептерге байланысты. Мысалы дизельді машиналар бензинмен салыстырғанда жанармайды 25%-ға аз қолданады. Дизельді жанармайда сынап қосылыстары болмайды, олардың жұмыс барысында, көміртек оксиді аз бөлінеді, бірақ күкірт қосылыстары бензинмен салыстырғанда-көбірек бөлінеді.Статистикалық мәліметтерді алатын болсақ: Қостанай обласында тіркеуде 133 272 автомашиналар. 2007 жылдан бастап жыл сайын 5-8 мың машина саны қосылады Ал тексеріс бойынша 10%машиналардың токсинді газдардың шағаруы мөлшерінен жоғары. Әрбір автокөлік 1 тәулікте 4кг жоғардағы заттарды бөліп ауаға шығарады. 1 адам өмір бойы қаншама оттекті жұмсайды, соншама 1 машина әрбір 100км өткен сайын жұмсайды
Экологиялық заңдар.
Барлығы да бір-бірімен байланысты.
Барлығының өз орындары бар
Табиғатта барлығы ойластырған
Еш нәрсе жайдан жай берілмейді.
Маслихат алдына қойылған сұраққа (Жерді болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін, бізге қалай бүгін өмір сүру керек?) біздің жауабымыз.
Маслихаттың шешімі.(хатшы жазып отырады), қатысушылар келіскен туралы қол қояды.
1.Ластану деңгейін төмендету
2.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өйткені кейбір түрлері қалпына келмейді
3.Экологиялық таза энергия алу жолын табу
4.Табиғатқа деген көзқарасты өзгерту
5.Халық санын өсуін реттеу.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:

Тест құрастыру 10сұрақ(п18-22)
Сабақ үшін рахмет. Сау болыңыздар!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніҚазақ отбасындағы бала тәрбиесі

Іс-шара мәліметтеріҮлгілі отбасы

Қазақ әдебиетіЫбырай Алтынсарин- қазақ балалар әдебиетінің атасы

БаяндамаОтаншылдық отбасынан басталады

Тәрбие жоспарыОтбасы -өмір аясы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148626

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар