Қан топтары

31 қаңтар 2015 - Күлзия Есенқызы

Үйсімбаева Сауле Амангелдіқызы

Астана қаласы №56 мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі

Биология, 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қан топтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: адамның қан топтары туралы түсінік қалыптастыру және қан топтарына бөліну, тұқым қуалау себебін түсіндіру.

Дамытушылық: сабақта алған білімдерін ғылыми әдебиеттер арқылы дамытуға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: адам өмірін сақтап қалудағы донор болудың маңызын түсіндіру.

Технология: 1. АКТ технологиясы

2. СТО стратегиялары

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, интернет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

II.Жаңа сабақты меңгеру (30 мин)

Мұғалім: Бүгінгі сабақта адамның қан топтарымен танысамыз (слайд №1). Әр оқушының алдына жеке «Оқушы парағы» берілген. Жаңа сабақты игеру барысында осы парақты толтырасыңдар. «Қан тобы» сөзі бәрімізге таныс. Балалар, сендер ол туралы не білесіңдер және не білгілерің келеді? Алдарыңдағы парақтағы 1 таблицаны толтырыңдар (слайд №2)

Не білемін?

Нені білгім келеді?

Төрт қан тобы болады

1.Қан тобын қалай анықтайды?

2.Қан тобын қандай ғалым ашқан? т.б.

Бүгінгі сабақ барысында сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз.

1.Қан топтарының ашылу тарихы (слайд №3) оқушылардың ізденіс материалдарын тыңдау: Ерте кезден — ақ адамдар қан құюды қолданғысы келді. Батыл әрі мейірімді адамдардың қан берудегі игі ісі басқа адамдарды жанашыр әрі батыл болуға тәрбиелейді деп саналады. Рим папасы Иннокентий 8, қартайған шағында, өзіне үш жас жігіттің қанын құйсын деп бұйырды. Бірақ бұл іс қайғылы уақиғамен аяқталды. Жас жігіттер де, папа да қайтыс болды. Яғни қан құю кезінде қуанышты әрі қайғылы жағдайлар кездесіп отырады. Алғашқы сәтті қан құю 1819 ж Лондонда болған.

2.Интерактивті тақтадағы сызбанұсқамен жұмыс.

I

II III

IV

Сызбанұсқаны қолдана отырып, берілген терминдерге сәйкес анықтаманы табу. (Слайд №4) – интерактивті тақтада жеке жұмыс жасау.

    ·Донор – 1.Қан қабылдаушы адам

    ·Реципиент – 2.VI қан тобындағы адам

    ·Әмбебап донор – 3.Қан беруші адам

    ·Әмбебап реципиент — 4.I қан беруші адам

3. Резус – фактор туралы түсінік.

Мұғалім: Медициналық практикада қан тобын анықтағанда, оның резус – факторын қоса анықтайды. Оқушының деректері: Резус – факторды 1940 ж. ғалымдар К. Ландштейнер және И. Винердің макака маймылынан табылған. Ол маймыл қанындағы эритроциттерде болатын ерекше нәруыз. Ол ұрпақтан – ұрпаққа беріледі, өмір бойы өзгермейді. Халықтың 85 % фактор (Rh+), 15 % (Rh-) болады.

Мұғалім: Балалар кім өзінің қан тобын біледі? Қан тобын лабораторияда қалай анықтайды?

4. Шағын практикалық жұмыс жүргізу. «Адамның қан тобын анықтау». Интерактивті тақтада зертханалық жұмыс жүргізу.

Қан топтары

Эритроциттерде болатын антигендер

Қан плазмасында болатын антиденелер

0 (I)

A (II)

B (III)

AB (IV)

Болмайды

А

В

АВ

α және β

β

α

болмайды

5. Сергіту сәті.

6. Қан тобын білудің маңызы (слайд 5)

Неліктен адамдар өз қан тобын білу керек? Деген сұраққа оқушылардың жауабын тыңдай отырып, адам өмірін қорғап қалудың бірден – бір маңызды амалы екенін түсіндіру. Сонымен қатар, қоғамға танымал суд – мед. экспертизадағы маңызы:

а) қылмыскердің қан тобын анықтау, қылмыс орнындағы қан қалдығымен қылмысын мойындатады т.б.

Мұғалім проблема туындататын сұрақ қояды: (слайд 6). «Сотта алимент алу үшін дәлел қажет болды. Анасы I қан тобында жатады, балалары – II, III. IV топтағы ер адам әкесі бола ала ма?»

(слайд 7). Интерактивті тақтада таблицамен жұмыс.

Ата – анасының қан тобы

Балаларының қан тобы

Әйел

Ер

I (OO)

II(AA,AO)

III(BB,BO)

IV (AB)

I

I

I

II

I

III

I

IV

II

II

II

III

II

IV

III

III

III

IV

IV

IV

7. Қорытынды: Балалар, қан тобының тұқым қуалаушылығы туралы не айтасыздар?

Қан тобы өмір бойы өзгермейді. Адамның қан тобы – тұқым қуалаушылық арқылы берілетін фактор.

III.Сабақты интернет арқылы онлайн — тест жүргізу. Тест қорытындысы бірден бағаланады.

IV.Бағалау. оқушылар жұмыс «Оқушы парағы» жауаптары бойынша бағаланады.

V.Үй тапсырмасы §33, қосымша ізденіс жұмыстары.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147821

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар