"жүрек-қантамырлар жүйесі" тарауы бойынша дидактикалық материал

27 ақпан 2015 - Дария Кожракова

Жүрек-қантамырлары жүйесі

тарауы бойынша

Дидактикалық тапсырмалар

I.Биологиялық есептер:

1-тапсырма

Салмағы 57-62-74 кг адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау.(Қанның мөлшеріне дене салмағының 7 пайызы сай келеді және қанның меншікті салмағы 1,06 г/см 3 тең деп есептеуқажет)

Мысалы: 62 -100%

х — 7%

62х7

Х = — = 4,34 х 1,06 = 4,600

100

2-тапсырма

Қалыпты жағдайда жүрек 1 минутта орта есеппен 5 л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?

Жауап:

60 х 5 = 300 рет, яғни 1 сағатта 300 рет соғады.

300 х 24 =7200 литр, яғни 1 тәулікте 7200 литр қан айдайды.

3-тапсырма:

Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70 рет жиырылып-кеңейетін болса, 1 тәулікте қанша рет соғады?

Жауап:

60 х 70 = 4200 рет, яғни 1 сағатта 4200 рет соғады.

4200 х 24 = 100800 рет, яғни 1 тәулікте 100800 рет соғады.

4-тапсырма:

1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді.Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?

Жауап:

60 х 2 = 120 рет, яғни 1 сағатта — 120 рет

120 х 24 = 2880 рет, яғни 1 тәулікте -2880 рет

Тірек-сызбалар, кестелер

Ішкі ортаның құрылысы мен қызметі.

Ішкі орта

Қан

Лимфа

Ұлпа сұйықтығы

Құрамы

Плазма 50-60% қан

көлемінің 90-92%

су, ақуыз 7% май 0,85%, глюкоза0,12%, мочевина 0,05%, минералды тұздар 0,9%, жасушаның тіршілік әрекетіне қажет заттар

-ферменттер, гормон-

дар, формалы элементтер, қанның 40-50% эритроцит, лейкоцит, тромбоцит жазушаларынан тұрады.

Су, онда еріген тіршілік әрекетіне қажет заттар, ақуыз 1-2%, лимфоцит пен лейкоциттер болады.

Су, онда еріген қоректік, бейорганикалық заттар О2, СО2, жазу-шадан шығатын тір-шілік әрекет өнімдері бар.

Орналасқан

орны

Жүрек және қан тамырларында

Лимфа жүйесінде

Барлық ұлпалардың жазуша аралық кеңістігінде

Түзілетін жері және қоры

Ас қорыту мүшелерінен лимфа тамырларынан, тірі жазушалардан ақуыз, май, көмірсу, су, минералды тұздарды сіңіру есебінен

Лимфа қылтамыр- ының соңындағы қаптан сорылатын ұлпа сұйықтығы есебінен

Қан плазмасы және жазушаның тіршілік әрекеті өнімдері есебінен

Қызметтері

Тасымалдаушы, тыныс алдырушы, қоректік, бөліп шығарушы, 1 реттеу- ші, гомеостазды тұрақты ұстаушы, қорғаныштық, гуморальды реттелу, жазуша арасында хабар тасушы.

Ұлпа сұйықтығы- ның қан арнасына қайтып келуі, сүз- ілуі, зарарсыздан-дыру.

Жазуша мен қанның аралық ортасы, қаннан жазушаға О2-ні, жазушадан қанға СО2-ні тасымалдаушы.

2-тапсырма

Жасуша аттары

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

1 мм3 қандағы мөлшері

5 млн.дейін

4-9 мың

180-320 мың

Пішіні

2 бүктелген

домалақ

Дұрыс емес

Құрылысы

Мембранамен жабылған, ядросы жоқ, гемоглобин

Ядросы бар түссіз жасуша

Ядросыз, сүйек майындағы ірі жасуша бөлімі

Түзілетін орны

Қызыл сүйек майы, көкбауыр,қызыл пульпа

Көубауыр (ақ пульпа ) лимфа түйіндері, сүйек майы

Қызыл сүйек майы

Тіршілік ұзақтығы

120 күн

1 күннен бірнеше күнге дейін

5-8 күн

Қызметі

О2 мен СО2 тасымалдайды.

Қорғаныштық, ( фагоцитоз),

иммунитет

Қан ұйыту,

тамырларды

қалпына келтіру

3-тапсырма.Эритроциттер Ұқсастығы Лейкоциттер1. Қан жазушалары

2. 1 мм3 қанда 4,5-5 млн

3. 1 мм3 қанда 4-6 мың

4. Тегершік пішінді, ядросыз

5. Амеба пішінді, ядросыз

6. Қанның қызыл түйіршігі

7. Сүйек кемігінде түзіледі

8. Қанның ақ түйіршегі

9. 12-15 күндей тіршілік етеді

10. 120 күн тіршілік етеді

11. О2 және СО2 тасымалдайды

12. Микробты жойып, қорғаныштық қызмет атқарады

13. Диаметрі 7,2-7,5 мкм

14. Көкбауыр мен бауырда бұзылады

4-тапсырма Қантамырлар түрлері,қызметі

Қантамырлар

Сипаттама

Артерия

Қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар.

Ең ірісі-қолқа (аорта).Қабырғасы қалың, иілгіш, серпімді.Бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады.100 мкм шамасындағы артериолаға айналады.

Вена

Қан мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын ірі тамырлар. Қабырғасы жұқа.Ішкі қабырғасында қалқа тәрізді қақпақшалар бар.

Бұлшық ет, созылғыш талшықтары аз.Капиллярдың вена ұшы бірігіп, венула түзеді, ол венаға айналады.

Капилляр

Ең жіңішке қан тамырлар.Дененің барлық мүшелеріне еніп тармақталған тор түзеді.Арнасы 4-20 мкм.қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады.Ұлпаның 1мм квадратында

200-ден аса капилляр бар.Жалпы саны- 2 млрд.

5-тапсырма

Жүрек жиырылуы

Қан айналымы

Минутына – 60-70 рет

1 минутта – 4-5 л.

Тәулігіне- 100 000 рет

1 сағатта- 300 л.

80 жаста – 25 млрд

Тәулігіне – 10 000 л.

6-тапсырма Балалар мен ересектер жүрегінің жиырылу ырғағы

Жас кезеңдері

Жүректің жиырылу жиілігі(мин)

Нәресте

Бастауыш мектеп оқушысы

Ересек адам

120-140

85-90

60-707

7-тапсырма Жүрек циклі

Кезең

Жүрекше

Қарынша

1 с-тағы кезең ұзақтығы

I

Жиырылу

Босаңсу

0,1 секунд

II

Босаңсу

Жиырылу

0,3 секунд

III

Босаңсу

Босаңсу

0,4 секунд

8-тапсырма

Үлкен қанайналым шеңбері

Ұқсастығы

Кіші қанайналым шеңбері

Сол жақ қарыншадан қолқа тамырынан артерия арқылы бүкіл денеде газ, зат алмасу өнімдері жүріп оң жақ жүрекшеге қуысты вена арқылы келіп құяды.

23 секунд

Тұйық қанайналым шеңберін түзеді: Газ, зат алмасу өнімдері болады. Артерия, капилляр, вена қан тамырлары тән. Жүректен шығып кері жүрекке келеді.

Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы шығып өкпеде газ, зат алмасып, сол жақ жүрекшеге өкпе венасы арқылы келіп құяды. Өкпе артериясында вена, өкпе венасында артерия қаны болады. 4 секунд.

9-тапсырма

Қан қысымын анықтау

Қантамырлар түрлері

Қан қысымы мм.сын.бағ.

Артерия

120 мм.сын.бағ.

Вена

5 мм.сын.бағ.

Капилляр

22 мм.сын.бағ.

10-тапсырма

Қанның қантамырлармен қозғалу жылдамдығы:

Қантамырлар түрлері

Қанның қозғалуы мм/с

Қолқа

5 м/с

Артерия

0,25 м/с

Капилляр

0,5 м/с

11-тапсырма

Қан кетудің түрлері:

Қан кету түрлері

Сипаттамасы

Алғашқы көмек

Артериялық

Ашық алқызыл түсті қан жарақаттан атқылап ағады.

Зақымданған жерден сәл жоғары жұмсақ матасалып, жгутпен қысу керек.Жгутті 2 сағаттан артық ұстамау.Ауруханаға жеткізу.

Веналық

Жарқаттанған жерден қошқыл-қызыл түсті қан біркелкі ағады

Жарақаттанған қол-аяқты жоғары көтеріп,қысатын таңғыш салу.Дереу ауруханаға апару.

Капиллярлық

Ұсақ тамырлар жарақаттанғанда қан тамшылап тұрады.

Жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен сүртіп, таза дәке таңғышын салу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068765

Пікірлер (3)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru