“ Жүрек-қантамырлары жүйесі” тарауы бойынша дидактикалық тапсырмалар

27 ақпан 2015 - Дария Кожракова

Жүрек-қантамырлары жүйесі

тарауы бойынша

Дидактикалық тапсырмалар

Биологиялық диктант

I-нұсқа

1.…… деп, құлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді айтады.

2. Алкоголь қанға тез өтеді және бүкіл организмге… арқылы таралады.

3.Ең үлкен қызылтамыр қолқа деп аталады. Ол жүректің……… басталады.

4.Ересек адамның жүрегі минутына 70-75рет .....,….

II-нұсқа

1.Жүрек пен қан тамырларының қызметімен бүкіл… қызметі байланыста болады.

2…… мен есірткі заттары жүрек пен қан тамырларының жұмысын бұзады, созылмалы аурулардың пайда болуына себепші болады.

3.Жүрек клеткаларындағы… саны организмнің белсенді жағдайына байланысты.

4… Жүрек жұмысы… және… жолмен реттеледі.

III-нұсқа

1.… организмдегі дәнекер ұлпасының бір түрі (қан)

2. Қанды бас, мойын,қол, кеуде қуысынан жүрекке… алып келеді. (жоғары қуыс вена)

3.Төменгі қуыс вена қанды… алып келеді. (дененің қалған бөліктерінен)

4.Үлкен қан айналым шеңберімен… қаны ағады. (артерия)

IY-нұсқа.

1.Организмнің ішкі ортасы деп...(қан, лимфа, жасуша сұйықтығы) айтады.Қан организмдегі… (дәнекер)ұлпаға жатады.

2.Лейкоциттер организмге түскен… (бөгде заттарды) өзіне сіңіріп қорытады.Қан жасушалары… (сүйек кемігінде) жасалады.

3. Қанның құрамы… (плазма) және оның ішінде қалқып жүретін… (жасушаларынан) тұрады.Қандағы ерітінді күйіндегі фибриноген ерімейтін… (фибрин) талшығына айналады.

Y-нұсқа

    1.Жүрек… пішінді, кеуденің… жартысына жақын,… қабырға деңгейінде орналасқан қуыс… мүше.

    2.Сол жақ қарынша мен…, оң жақ… мен өкпе артериясы шегінде… қақпақшалар болады.

    3.3.Жүректің бүкіл әрекетін көрсететін алынған… сызық… деп аталады.

    4.4.Иық артериясында қысымның… мм.сын.бағ. дейін төмендеуі… деп аталады.

IY. «Сәйкестігін табу тесті»

I-нұсқа

1. ішкі ортаға не жатады:: а) 4,5-5 л

2. қанның мөлшері қанша ә)қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа

3. қан пластинкасы қалай аталады: б) 3

4. гемоглобин не: в)Мечников

5. эритроциттің диаметрі: г)7,5 мкм

6. плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: ғ)тромбоцит

7. оксигемоглабин деген не: д)фибриногеннің фибринге айналуы

8. фагозитоз қандай процесс: е)бөгде бөлшектерді сіңіру,қорыту

9. лейкоцит қызметін ашқан ғалым: ж)қанның қызыл пигменті

10. протромбин не: з)оттекті гемоглобин

II-нұсқа

1. АИВ: а) 4-5 мин

2. қанның түссіз жасушалары: ә)жасанды

3. қанды қабылдайтын адам б)адам иммунитет тапшылығ вирусы

4. егу арқылы қабылданатын иммунитет: в)гемоглобин

5. қан ұйымайтын ауру: г)табиғи

6. қан ұю ұзақтығы: ғ)реципиент

7. қанның қызыл пигменті: д)лейкоцит

8. қан ұюына қатысатын жасуша е)гемофилия

9. бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: ж)тромбоцит:

10. тұқымқуалайтын иммунитет:: з)фагоцитоз

III-нұсқа

1. адам лимфа түйіндерінің саны: а) 3

2. қарсыдене деген не: ә)қан ұю

3. қан глюкозасы қызметі: б)жасушаның энергия көзі

4. ядросыз қан жасушасы: в)жойылады

5. плазма нәруызы қанша топ: г)460

6. тромбоцит қызметі: ғ)қарсыгенге қарсы зат

7. рентген сәулесінен лимфоциттер: д)эритроцит

8. плазмада су мөлшері: е)қызғылт-сұр

9. тромбоциттің тіршілік ұзақтығы: ж)7-10 күн

10. лимфа түйіндерінің түсі з)90 %

IY-нұсқа

1. ағзаның қорғану реакциясы: а)лимфа

2. лейкоцит тіршілігі: ә))қан ұйымауы

3. қан плазмасының мөлшері: б)иммунитет

4. мөлдір сұйықтық: в)5-6.5 мкм

5. Гемофилия қандай ауру: г)120 күн

6. ішкі ортаға не жатады: ғ)4

7. эритроциттің тіршілік ұзақтығы: д)барлық топтар

8. қан тобы саны е)қан, лимфа, ұлпа

сұйықтығы

9. кемік май түрлері: ж)2-5 тәулік

10. І қан тобының реципиенті: з)1. түтікті 2. жалпақ

Y-нұсқа

Қанайналымның кіші шеңбері

Қанайналымның үлкен шеңбері

А)сол жақ жүрекше

Ә)соль жақ қарынша

Б)оң жақ жүрекше

В)оң жақ қарынша

Г)өкпе веналары

Ғ)қолқа

Д)өкпе артериялары

Е)жоғары қуыс вена

Ж)төменгі қус вена

З)бауырдың қақпа венасы

И)өкпе бағаны

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1109996

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар