"Жасуша мембранасы және плазмалемманың қасиетттері" сабақ жоспары

18 қазан 2015 - Айжан Кульбекова
"Жасуша мембранасы және плазмалемманың қасиетттері" сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Жасуша мембранасы және плазмалемманың қасиеттері

Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларға жасуша мембранасы және плазмалемманың қасиеттері жөнінде түсінік беру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, мәтінмен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру;

3. Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер: «Жасуша құрылысы» кестесі

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

    1.Ұйымдастыру кезеңі

    2.Үй тапсырмасын сұрау

    «Толқын» тесті (иә+, жоқ-)

    1.Прокариоттық организмдердің фототрофты тобы цианобактериялар д.а. (+)

    2.М.М.Тереховский адамның микроорганизмдерді күнделікті тұрмыста пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді. (+)

    3.Ядросы толық жетілген жасушалы организмдерді прокариоттар д.а. (-)

    4.Л.Пастер күкіртті бактерияларды зерттеді. (-)

    5.С.Н.Виноградский хемосинтез процесін ашты. (+)

    6.Цианобактерияларда хлоропластар болмайды, фотосинтез процесі хлорофилдері бар қабықашаларда жүреді. (+)

    7.Бактерияларға ерекше вирустар енуі трансформация д.а. (-)

    8.Левенгук бактерияларды өз еңбегінде «берекесіз жәндіктер» тобына жатқызды. (-)

    9.1861 ж.Л.Пастер май қышқылды ашу процесін тапты. (+)

    10. Прокариоттардың эукариоттардан басты ерекшелігі – оқшауланған ядросы жоқ және өте ұзын сақина тәрізді ДНҚ молекуласы болады. (+)

    3.Жаңа тақырып

Жасуша — тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos — жасуша, гр. logos — ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.

Адам денесі жасушаларының пішіні — домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, призма төрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі аткаратын қызметіне байланысты. Мысалы, канның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар — жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар — лимфоциттер.

Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады.

Плазмалық жарғақша (лат. membrano — жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.

Жарғақшаның қызметі:

1. Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер — шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді.

2. Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді;

3. Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.

    4.Жаңа тақырыпты бекіту, қорытындылау

    Жасуша мембаранасы

    Құрылысы

    Атқаратын қызметтері

      1.Жануар

      2.Өсімдік

      5.Оқушыларды бағалау

      6.Үйге тапсырма: §13, 72-78 бет, кесте

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072360

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар